Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Бір топ христианның мұсылмандықты қабылдауы



Pdf көрінісі
бет96/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Бір топ христианның мұсылмандықты қабылдауы 
Бойкот туралы шешімнің күшін жоюы пайғамбарға, оның асхабына 
жеңілдік әкелді... Жүздеріне күлкі үйіріліп, терең тыныстаған мұсылмандар 
еркін тірліктен өз сыбағаларын алып жатты. 
Исламды үйренсем деген құштар көңілдер шартараптан Меккеге 
ағылды. Бір кездері Хабашстанға ауа көшкен мұсылмандармен тұз-дәмдес 
болған бір топ христиан көкейлеріндегі көп ойдың анық-қанығына жетпек 
ниетпен пайғамбармен жүздесуге Меккеге арнайы келеді. 
Пәк пейілдеріне орай, оларды Қағба маңында пайғамбардың өзі қарсы 
алады. Христиандар сан сауалға жауап алып, көңілдері тоғайып, марқайып 
қалады. 
Пайғамбарымыз оларды да Аллаһтың бірлігіне иман келтіруге 
шақырады. Құран оқылып, бата жасалады. Аллаһ сөзінің әсерлілігіне ынты-
шынтысымен ден қойған христиандар ақиқат алдында тізе бүгіп, Исламды 
мойындайды. 
Мұны естіген құрайыш мүшріктерінде тағат қалмады. Пұтқа 
табынушыларға тосқауыл бола алмай жатқанда, христиандардың алты 
айшылық жерден іздеп келіп, мұсылмандықты қабылдауы олар үшін азапты 
жеңіліс. 
Әбу Жәһил бастаған бір топ мүшрік хабашстандық қонақтарды ала 
көздерімен атып, былапыт сөздермен қағытып: 
"Аллаһтан табыңдар, бәледен бастарың арылмағырлар. Сендерді 
Мұхаммедтің не істеп, не қойғанын зерттеуге жіберді. Көптің сенімін 
ақтамай, даттадыңдар. Өз сенімдеріңді таптадыңдар. Мұхаммедпен (с.а.у.) 
ауыз жаласып, сиқырына алдандыңдар. Ақымақтықтарыңа жол болсын",- 
деді. 
Ислами сенімнің саясында жан ләззатына бөленген жаңа мұсылмандар: 
"Сендердің бізге көрсеткен надандықтарыңды біз сендерге жасай 
алмаймыз", - деумен шектелді. 
"Қасас" сүресінің 51-55-аяттарында осылар хақында баяндалады. 
ҚАЙҒЫҒА ТОЛЫ ЖЫЛ 
Үш жылға созылған мүшріктер бойкотынан босап, енді бас көтердік 
дегенде қайғылы оқиғалар бірінен соң бірі қайталанды. 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) үлкен ұлы төрт жасар Қасым кенеттен 
шетінеп, отбасы қайғы жамылды. Бұл оқиға Пайғамбарымызды сарсып, 
жүрегі мейірімге толы әкені ауыр мұңға бөледі. Тұла бойы тұңғышының 
мәйітін жерлеуге алып бара жатып қарсы алдындағы Құайқан тауына қарап: 
"Ей, асқар тау! Қанша қатты болсаң да, менің басыма түскен оқиғаға 
сен душар болғанда, уатылып жермен жексен болар едің", - деп, қабырғасын 
қайыстырған қайғының ауыртпалығын білдірген. 


154
Қасымын жоқтап қиналған отбасын іле-шала ұлдары Абдуллаһтың 
өлімі тіпті қажытты. Аллаһтың жазмышына бас иген Хазіреті Мұхаммед 
(с.а.у.) өзін-өзі "басқа түссе баспақшыл" деп жұбатқанмен бауыр еті 
балаларынан айырылу оңайға соқпады. 
Хадиша анамыздың: "Уа, Расулаллаһ! Ботақандарым қазір қайда?" - 
деген мұңлы сауалына Хазіреті Мұхаммед: 
"Олар жәннаттан жай тапты", - деп жауап берген. 
Оқыс оқиғалар, қайғылы қазалардан Расулаллаһтың қабырғасы 
қайысты... Мұсылмандар оның қайғысына ортақтасып, сөздерімен болса да 
демеуге тырысты. Ал кәпірлердің қуанышында шек жоқ, көңіл айтпақ түгіл, 
қуанысып, мәз. 
Ас ибн Уаил мен Әбу Жәһил сынды жауыздар уытты тілдерін қадап: 
"Мұхаммедтен ұрпақ қалмады, еркек кіндік атаулыдан айрылды. 
Шежіресі шектелді, өзі өлсе, сонымен аты да, заты да өшеді, шаңырағы 
шайқалып, ортасына түседі", - деді. 
Сүйікті құлына жабырқағанда жұбаныш болған Жаратқаны сыпсың сөз 
көбейген сәтте Кәусар сүресін түсіріп, мүшріктерге қатты соққы берді. Онда 
былай делінген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет