Дамыта оқыту технологиясын дәстүрлі оқыту технологиясымен салыстырып қарайтын болсақ:
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама пайдаланылса
ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады
Дамыта оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқыту технологиясы
- Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқараста
- ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген
- дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы – тығыз байланыста
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
Дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде: - оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
- проблеманы шешу жолын іздестіреді
- жаңаны өздері табады
- ақылдасады, кеңеседі
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары: - Сабақтың мазмұны
- Оқу жағдайын ескеру
- Әдістемелік тәсілдерді қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |