Өңірлік саясаттың негізгі бағыттары елдің стратегиялық бағдарламалық құжаттары – «Қазақстан – 2050» стратегиясында (Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасымен бірге), Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема), Аумақты ұйымдастырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасында айқындалған.
Өңірлік саясат өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсу орталықтарында еңбек ресурстары мен капиталды аумақтық шоғырландыру, халықтың жұмыспен қамтылуын және кірісін арттыру үшін қолайлы жағлайлар мен факторларды қалыптастыруға бағытталады.
Бұл ретте экономикалық әлеуеті төмен өңірлерді (елді мекен жерлердің әртүрлі жүйелерін) өмір сүру сапасы стандартының ең төменгі жеткілікті деңгейінде бір уақытта қолдай отырып, перспективті экономикалық өсу орталықтарын басымды дамытудың ұтымды теңгерімі көзделген.
Болжамды схеманы іске асыру үшін халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту – энергия және жылу көздері, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру) және өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
Ел өсуінің ұзақ мерзімді нүктесі (немесе полюстері) сияқты агломерацияларды дамыту мақсатында басқа аумақтар үшін «локомативтер» ретінде Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы орталықтарымен болатын агломерацияларды қалыптастыру бойынша шараларды іске асыру жалғастырылатын болады, олар елдің өңірлік жаһандық нарықтармен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Аймақтарды дамытудың Өңіраралық схемасының жобалық шешімдері негізінде әрекет ету мүмкіншілігін кеңейте отырып (2030 жылға дейін) Астана және Алматы қалаларындағы орталықтарымен агломерацияларды қалыптастырудың Ұзақмерзімді жоспарлары әзірленуде.
30 дамыған ел қатарына кіру Тұжырымдамасына сәйкес жоғары тұтынушылық потенциалымен нарықтарды қалыптастыру мақсатында Австралия және Канада тәжірибе негізінде қызмет көрсету саласын белсенді дамыту үшін (тұрғындардың урабнизация деңгейі – 80-90% және 60% 3 ірі қалада бағытталған) 2 агломерацияны дамытуды жеделдету қажет – Астана және Алматы, ал орта мерзімді перспективада - Шымкент және Ақтөбе.
Елдің бірыңғай нарығын қалыптастыру және ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалаларды айқындай отырып елдің макроөңірлерін құру арқылы өңірлік теңсіздікті азайту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру басталады.
Солтүстік макроөңірдің хабы - Астана қаласы барлық макроөңірлерді байланыстыратын орталық болады.
Орталық-шығыс макроөңір хабы Өскемен қаласы болып айқындалды, макроөңірдің тиімді көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыру көліктік инфрақұрылымды, трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді.
Ақтөбе қаласы негізгі теміржол желілері мен халықаралық автомагистральдар өтетін ірі көлік және транзиттік түйін болып табылатын батыс макроөңірінің хабы болады.
Оңтүстік макроөңірдің хабтары Шымкент және Алматы болады. Алматы хабын дамыту Алматы облысы аудандарының үшінші деңгейдегі қалаларын тарта отырып, Алматы агломерациясын желілік өсу аймағы ретінде қалыптастырумен байланысты болады.
Хаб-қалалар макроөңірлердің экономикалық белсенділік, капиталды, ресурстарды, алдыңғы қатарлы технологияларды және көрсетілетін қызметтерді шоғырландыру орталықтарына айналады және көші-қон ағындарын тарту нүктелері болады және табиғи урбанизацияға ықпал етеді.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде аудан орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын, Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарларын, областардың шекара маңындағы аудандарын 2020 жылдарға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру жалғасатын болады. Бұл экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті, көліктік-логистикалық, туристік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі жобалар есебінен тиісті аумақта тұрып жатқан халыққа қажетті әлеуметтік стандарттарды ұсыну үшін жеткілікті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметік саламаттылық үшін жағдайлар жасау және азаматтық қоғамды қалыптастыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігінің берік негізін құруға бағытталған Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру бойынша Заң жобасы әзірленді.
5. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру
Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформаның шеңберінде транспарентті және есеп беретін мемлекетті құру бойынша жұмыс жалғастырылады.
Осылайша, мемлекеттік басқарудың стандартталған және мониторингтің, бағалаудың және бақылаудың ең аз рәсімдерінің шеңберіндегі нақты нәтижелер бойынша басқаруға көшу жүзеге асырылады. Рәсімділік сипаты бар тапсырмалар мен аралық бақылау жойылады. Мемлекеттік органдардың алдына қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша олардың қызметіне дербестік беріледі.
Бағалаудың қолданыстағы жеті бағытын үшке дейін оңтайландыра отырып (стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және ұйымдастырушылық дамуды бағалау), мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу жөніндегі тәсілдер мақұлданды.
Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру шеңберінде қызмет нәтижелеріне байланысты мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысына өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу көзделеді. Бұл ретте, деңгейлермен факторлық-балдық шәкіл жүйесін енгізу жоспарланған
Кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеудің тиімді рәсімдері, мемлекеттік басқарудың үздік халықаралық практикасына бағдарланған мемлекеттік қызметшілерді оқытудың сапалы бағдарламасы негіз болып табылады.
Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің тез бейімделуін, білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін оларға неғұрлым тәжірибелі жұмыскерлердің ішінен тәлімгер бекітілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі кеңейтіледі, қолданыстағы заңнаманы талдау арқылы жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 100% стандарттау және регламенттеу қамтамасыз етілетін болады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және сапасын жақсарту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа оқу-тәрбиелік бағдарламаларды енгізу, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын сапалы толықтыру, қоғаммен белсенді іс-қимылын жасау арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды төмендету, бизнес-процестерді оңтайландыру мен халық тарапынан сенімнің артуы мемлекеттік кызметтер көрсету сапасына жүргізілген бағалаудың соңғы нәтижесі болады.
Өзін-өзі басқару және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау процессіне қатысу мүмкіндіктері кеңейтілетін болады. Мемлекетке тән емес қызметтер бәсекелі ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берілетін болады.
Мемлекеттің экономикаға қатысуының айқын шектелуімен және бәсекелестікті дамытумен сапалы институционалдық орта қалыптастырылатын болады.
Yellow Pages Rules қағидаттарын нақты іске асыру мақсатында соңғы 2 жыл ішінде мемлекеттің ықтимал қатысуымен және мемлекеттік компаниялардың қатысуын 1/3-ге қысқартумен қызметтің 181 түрін қамтитын Тізім бекітілетін болады. Аталған жұмыс жыл сайын негізінде жүргізілетін болады.
Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, алдағы уақытта экономикаға мемлекеттің қатысуын одан әрі шектеу бойынша тәсілдер түбегейлі өзгертілетін болады.
Шағын кәсіпкерліктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына қойылып отырған тыйымды іске асыру мақсатында 2016 жылдың соңына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлестерін (акцияларын) бәсекелі ортаға толығымен беру қамтамасыз етіледі.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін АҚШ моделіне сәйкес заңнаманы ырықтандыруды ескере отырып, сауықтандыру, оңалту және банкротқа ұшырату бағдарламалары арқылы бүкіл меншік нысандарындағы тиімсіз кәсіпорындарды қайта құрылымдау саясаты жүргізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |