Қазақстан Республикасы
Үкіметінің (2015 жылғы 29 тамыздағы
№35 хаттама) отырысында
мақұлданған
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2016 – 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУ БОЛЖАМЫ
МАЗМҰНЫ
2 Даму перспективалары және сценарийлік болжамдар 7
ІІ 2016 – 2020 жылдарға арналған экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері 14
ІІІ Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары 17
1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету 17
1.1 Ақша-кредит саясаты 17
1.2 Бюджет-салық саясаты 20
2. Әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту 26
2.3 Бизнес-ахуалды жақсарту 39
3. Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту 42
4. Теңгерімделген өңірлік даму 48
48
6. Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл 51
1. Экономикалық өсудің факторлары 54
3. Ақша-кредит саясатының болжамы 57
4. Төлем балансының болжамы 58
5. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы 59
Қосымша: Қазақстан Республикасының 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (кестелер)
І Экономиканың сыртқы және ішкі даму жағдайлары
1 Қазақстан Республикасының 2014-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері
2014 жылы Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтарда ахуалдың едәуір өзгеруі, негізгі экспорт тауарларының әлемдік бағаларының төмендеуі, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында дамыды.
Осындай жағдайлар аясында Қазақстанның экономикалық белсенділігі біртіндеп бәсеңдеп, бірақ орнықты даму траекториясын сақтап қалды. 2014 жылы алдын-ала деректер бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің көлемі (бұдан әрі - ЖІӨ) 39 040,9 млрд.теңгені құрап, 4,4% өсті. Бағалау бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 496 АҚШ долларын құрады.
ЖІӨ өсуінің бәсеңдеуінің негізгі себептері жоспарланған 81,8 млн. тонна мұнай өндіру көлемінің 80,8 млн. тоннаға дейін (1,2%), көмір мен лигнит өндіру көлемінің 1,9%, түсті металдар өндірісінің 5,7% азаюы, үй шаруашылықтары тарапынан сұраныстың бәсеңдеуі; сыртқы сұрасының нашарлауы; бұл экспорттың 6,2% қысқаруына ықпал етті.
Бұл ретте сыртқы жағдайдың әлсіреуі аясында ел экономикасының өсуі ішкі сұраныс пен инвестициялық белсенділіктің сақталуы, ауыл шаруашылығында, құрылыс саласында және өнеркәсіптің бірқатар салаларында өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Ішкі сұраныстың өсуі қызметтер көрсету саласындағы жоғары қарқын есебінен қол жеткізілді, саудада (8,1%), байланыс саласында (8,5%), көлік пен қоймалауда (7,2%) анағұрлым өскені байқалады.
2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар серпіні азғана ұлғаюмен сипатталды. Өсу 2013 жылғы 6,9% қарағанда 4,2% құрады. Негізгі себебі өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың азаюымен байланысты, ол сондай-ақ өңдеу салаларында өнім шығарудың өсуінің бәсеңдеуін айқындайды. Инвестициялық белсенділік негізгі кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен қамтамасыз етілді, олардың жалпы көлемдегі үлесі 56,8% құрады.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялардың айтарлықтай өскені байқалды. Инвестициялар көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 18,1% өсіп, 613,6 миллиард теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 7 516,5 мың шаршы метрді құрайды, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 9,8 % артық. Инвестициялардың өсуі есебінен құрылыс-дәнекерлеу жұмыстарының көлемі 11,4 % өсіп, 3 378,5 миллиард теңгені құрады.
2014 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 1,6%, оның ішінде тамақ өнімдерінің өндірісі – 2,8%, сусындар өндірісі – 0,3%, киім өндірісі – 8,0%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 2,9%, минералды өнімдер өндірісі – 7,9%, қара металлургия – 9,4% өсуі есебінен өнеркәсіпте өнім шығарудың өсімі 0,8%-ға өскені байқалды.
Тау-кен өнеркәсібінде табиғи газ өндіруде – 7,6 %, металл рудаларын өндіруде – 7,3%, түсті металл рудаларын өндіруде – 10,1% өсуі есебінен 0,1% өсім байқалды.
Мұнымен қатар, мұнайдың - 1,2 %, көмір мен лигниттің – 1,9 %, темір рудасының – 0,6 % кемуі байқалды.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 1,3% артып, 1 717,7 млрд. теңгені құрады. Ұлғаю мал шаруашылығы өнімінің 1,4% (868,6 млрд. теңге) өсуімен байланысты. Өсімдік шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 1,6% (1315,4 млрд. теңге) төмендеген.
2014 жылы салалардың даму қарқынының төмендеуі сыртқы факторлардың әсерінен туындады. 2014 жылғы қаңтар мен 2015 жылғы маусым аралығында әлемдік бағалар мұнайдың бір барреліне 107,4 АҚШ долларынан 55,2 АҚШ долларына дейін, темір рудаларының тоннасына – 128,1 АҚШ долларынан 68 АҚШ долларына дейін, мыстың тоннасына 7291,5 АҚШ долларынан 6446,5 АҚШ долларына дейін, бидайдың тоннасына – 275,6 АҚШ долларынан 269,6 АҚШ долларына дейін кеміді.
2014 жылы сыртқы сұраныстың қысқаруы және мұнай мен металлдың жекелеген түрлері бағаларының айтарлықтай төмендеуі салдарынан тауар экспорты 6,2% (79,4 миллиард АҚШ долларына дейін) төмендегені байқалды. Ішкі нарықтағы сұраныстың бәсеңдеуі және теңге бағамының түзетілуі есебінен тауарлар импортының көлемі 15,4% (41,3 миллиард АҚШ доллары) қысқарды. Елдің сыртқы сауда айналымы 2014 жылы 9,6% төмендеп, 120,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Тауар теңгерімінің сальдосы 11,0% артып, 37,0 млрд. долларды құрады.
Ұлттық банктің деректері бойынша 2014 жылы төлем теңгерімінің ағымдағы операцияларының шоты 2013 жылғы 0.9 миллиард АҚШ долларына қарағанда 4,6 миллиард АҚШ долларын құрады.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету экономиканың негізгі даму шарттарының біріне айналды.
Макроэкономикалық даму банк секторын кредиттеуді кеңейтумен және тұрғындардың ақшалай табыстарының ұлғаюымен бекіген жиынтық сұраныстың орнықты өсуімен байланысты.
2014 жылы халықаралық резервтер көлемі 7,3% өсіп, 102,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтері жыл басынан 3,9 % артып, 73,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
2015 жылдың 1 қаңтарында банктердің кредиттері 12106,1 млрд. теңгені (өсу 7,2%) құрады. Тұрғындардың депозиттері 12,6% өсіп, 4397,5 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 7321,3 млрд. теңгені, шығындары 7791,9 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда, кірістер 14,7%, шығындар 13,7% ұлғайды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 1086,7 млрд. теңгені құрады.
2014 жылдың 31 желтоқсанында елдің сыртқы қарызы 157,1 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 7,3 млрд. АҚШ доллары немесе 4,6% мемлекеттік сектордың сыртқы борышын (ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің міндеттемелері) құрайды, фирмааралық берешектің үлесіне 77,8 млрд. АҚШ доллары немесе 49,6% банк секторының үлесіне 10,1 млрд. АҚШ доллары немесе 6,4% келеді.
2014 жылдың ақпанында теңге бағамын түзету және инфляция импорты нәтижесінде инфляциялық процесстердің күшеюі байқалды. Инфляция деңгейі 2013 жылғы 4,8% қарағанда 7,4% құрады. Азық-түліктік емес тауарлар бағасының өсуі 7,8% құрады, азық-түлік тауарларының бағалары 8,0%-ға, ақылы қызметтер 6,4%-ға өсті.
2014 жылы еңбек нарығында және әлеуметтік салада тұрақты ахуал байқалды. Мәселен, халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы 744,7 мың теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда номиналды мәнінде 10,4%-ға, нақты мәнінде 3,5% ұлғайды. Орташа айлық номиналды жалақы 120,5 мың теңгені құрады, номиналды мәнінде 10,9%-ға, нақты мәнінде 3,9% өсті.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады.
2015 жылдың басынан бері Қазақстан экономикасы сыртқы және ішкі келеңсіз факторлар әсерімен даму үстінде.
Батыс елдері мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық қатынастардың нашарлауы, Ресей экономикасындағы дағдарыс процесінің өсуі, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайсыз конъюктура Қазақстан экономикасына қолайсыз ықпал етуде.
Осылайша, алдын-ала бағалау бойынша Қазақстанның ЖІӨ нақты өсуі 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың тиісті кезеңіне қатысты 101,7% құрады.
Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының баяулауы сауда, өнеркәсіп, көлік пен байланысқа әсер еткен тұтыну сұранысының әлсіреуімен байланысты.
2015 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда көлемі 2,9% (2014 жылдың қаңтар-маусым айларында – 11,8%), құрылыс көлемі 5,1% өсті, жүк айналымының көлемі 5,6% төмендеді. Байланыс қызметінің көлемі 3,4% өсті.
2015 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібіндегі өсуден (0,3%) тау-кен өнеркәсібіндегі озық өсу (1,1%) есебінен 0,6% өсті.
Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді әзірлеуде табиғи газдың 8,9%, металл рудаларының - 2,8%, түсті металл рудаларының –5,6%, құрғақ мұнайдың – 1,3% өндірілуі есебінен өсу байқалады. Көмір мен лигнит өндіру 5,7%, темір рудасын өндіру 5,3% төмендегені байқалады.
Өңдеу өнеркәсібінде, атап айтқанда металлургия өнеркәсібінде 15,6%, оның ішінде қара металлургия 0,7%, түсті металлургия – 25,7%, резина және пластмасса бұйымдары – 7,5%, химия өнеркәсібі – 1,8%, киім – 5,9%, жиһаз – 1,7%, минералды өнім – 1,8% байқалады. Аса құлдырау машина жасауда 30,7% айтарлықтай өсу байқалады.
Ауыл шаруашылығында өнім шығару 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0% өсіп, 611,7 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығындағы өндірістің өсуі мал шаруашылығы өнімдері өндірісі көлемінің 3,1% ұлғаюына негізделген ірі қара мал өсіру көлемдерінің ұлғаюына байланысты.
Экономиканың өсуі шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігінің сақталуы аясында жүзеге асты.
2015 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша негізгі капиталға инвестициялар 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,4% өсіп, 2687,5 млрд. теңгені құрады. Өсу Индустрияландыру картасына қосылған индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардың, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен байланысты.
Экономиканың өсуіне тұрғын үй құрылысы секторының жоғары даму қарқыны себеп болды. Есепті кезеңде барлығы 4273,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш 2014 жылдың қаңтар-маусым айларындағы деңгейден 24,4% асып түседі. Тұрғын үй құрылысына 317,3 млрд. теңге салынды, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,0% артық. Жалпы алғанда, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, құрылыс жұмыстары 5,1% артып, 936,7 млрд. теңгені құрады.
Қазақстанның негізгі сауда әріптестері болып табылатын Ресей мен ЕО жетекші елдері экономикасы өсуінің бәсеңдеуі нәтижесінде қазақстандық тауарларға сұраныс азайған. Өз кезегінде сыртқы факторлардың нашарлауы экспорт көлемінің айтарлықтай қысқаруына алып келді. Бұдан басқа, әлемдік нарықта мұнай және металл бағаларының төмендеуі байқалады.
Дүниежүзілік Банктің (бұдан әпі - ДБ) деректері бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында «Brent» маркалы мұнайдың бір барреліне әлемдік орташа баға 58 долларды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 41,4% төмен. Бұл ретте Ираннан санкцияларды алып тастау және тәулігіне кемінде 1 млн. баррель мұнай тасымалын қайта қалпына келтіру мұнай бағасының одан әрі төмендеуін тудыруы мүмкін. Металдардың әлемдік бағалары жыл басынан бері 11,1% төмендеген.
2015 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 36,1% (экспорт 24,1 млрд. долларға, 43,4%-ға, импорт 19,8%-ға, 15,5 млрд. долларға) кеміді. Экспорттың Қытайға – 51,6%-ға, ЕО елдеріне – 45,0% және Ресейге – 26,9% анағұрлым төмендегені байқалады.
Тауар айналымының төмендеуі, көмірсутегі бағаларының түсуі, ресейлік рубльдің айтарлықтай босаңсуы төлем теңгерілімінің жай-күйі мен қаржы секторына кері ықпалын тигізді.
Ұлттық Банктің алдын-ала бағалауы бойынша 2015 жылдың бірінші тоқсанында төлем балансының одан әрі төмендегені байқалды. Ағымдағы шоттың тапшылығы 1 млрд. АҚШ долларынан асты (2014 жылдың І тоқсанында профицит 6,4 млрд. АҚШ доллары).
Қалыптасқан тапшылық 4,2 млрд.АҚШ долларын (2014 жылдың І тоқсанында – 14,1 млрд. АҚШ доллары) құраған тауар балансының жалғасып отырған төмендеуімен байланысты. Тауарлар экспорты 12,1 млрд. АҚШ долларына немесе 46,8%, импорты 8 млрд. АҚШ долларына немесе 8,5% кеміді. Қаржылық шот 3,2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі теріс сальдомен қалыптасты.
Соңғы 4 жылда алғаш рет банктердің экономиканы кредиттендіру көлемінің төмендеуі байқалады. Мәселен, 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктердің экономикаға берген 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% төмендеп, составил 10 711,5 млрд. теңгені құрады.
Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 2015 жылдың 1 шілдесінде 11960,0 млрд. теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейін сақтап қалды. Тұрғындардың депозиттері 4327,4 млрд. теңгені құрап, 0,1% өсті
Елдің халықаралық резервтері де азайып келеді, 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, олар 97,9 млрд. долларын құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,0% азайған, оның ішінде Ұлттық қордың активтері 69,0 млрд. долларға дейін, 9,9%-ға кеміген. Ұлттық банктің алтын валюталық активтері 28,9 млрд. долларды құрап, 9,1 % өсті.
Сонымен қатар, экономикалық ахуалдың нашарлағанына қарамастан, еңбек нарығындағы жағдай қалыпты күйінде қалып отыр. Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың маусымында 4,9% құрады.
Жұмыссыздықтың төмен деңгейіне қарамастан, нақты жалақының өсуі 2014 жылғы маусымдағы 106,0%-дан 2015 жылғы маусымда 98,6%-ға дейін айтарлықтай бәсеңдеген. Орташа айлық жалақы 2015 жылдың маусымында 2014 жылғы маусыммен салыстырғанда, 0,2% артып, 125 035 теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың басынан бері орташа алғанда жан басына шаққандағы халықтың номиналды ақшалай табысы 5,2% артып, нақты мәнінде 0,3% азайған.
2015 жылғы маусымда 2014 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляция 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 3,4 п.т. төмендеп, 1,4% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларының бағалары 1,4% (5,5%), азық-түліктік емес тауарларға –0,7% (4,7%), ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері – 2,1% (4,0%) өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |