Перспективалық жоспар мониторингі
Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына қысқаша сипаттама
Мектеп негізгі және кіші мектеп ғимаратынан тұрады. Негізгі ғимарат 2 қабаттан тұрады, сыйымдылығы – 550 орын. Мектептің жалпы оқу аумағы – 11254,2 м2, мектептің оқу кабинеттерінің саны – 42, оқу бөлмесі – 22, спорт залы – 1, АКТ залы – 1. Дербес компьютерлер саны – 114, оның ішіндегі локалдық сетьтегі – 24. Жалпы кітапхана қоры – 42197, оқулықтар саны – 31000, көркем әдебиет саны – 12000, электронды оқулық саны – 197. Кадрлар саны -113, оның ішінде педагог-шебер-2, педагог-зерттеуші – 23, педагог-сарапшы – 23, педагог-модератор – 30, магистр – 7. Мектептегі оқушы саны – 1653, сынып комплектісі – 67. Инклюзивті оқушы саны – 14, оқу үздіктерінің саны – 304, оқу екпінділері – 634, «Алтын белгі» иегері – 17. «Лучший аттестат» иегерлері – 9.
2020-2021 оқу жылының талдауының қорытындысы бойынша оқушылардың ғылыми әлеуметтік әлеуетін дамыту ең басты өзекті мәселе болып анықталды. Яғни, оқу процестерінің құндылықтарын арттыру жолдарының деңгейінің төмендігі анықталды.
Мектептің 2021-2022 жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау. Курсалды сауалнама нәтижесінде мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларын бағалау көрсеткіштерін анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |