Баяндамамды дарын, қабілет туралы айтылған канатты сөздермен аяқтағым келеді: Шығыс ғүламаларының бірі Жүсіп Баласағүнның «Құтты білік» поэмасының мазмұны тұнып түрған өнеге, тәрбие толғаныстары екн, оны шығармадан көптеп табуға болады.
Мысалы:
Анадан да шарана білімсіз болып туады,
Білім оқып үйреніп, дана жолын куады.
Адам естен басқаны білімнен алады,
Білім, оқу — тоқуды еңбегімен табады,- десе,
ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп, «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де — ақымактық» деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады.
Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.» деген екен.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар өте көп.
Өйткені XXI ғасыр — білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, окушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпак тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз керек.