Дарындылықты дамыту үшін, оларды белгілі бір әрекет түріне – қабілеттілікке айналдыру тәсілдері
(А.И.Доровской бойынша)
-
Қызықтырушы сұрақтар қою.
-
Ерекше шешімдерді , іздестіру белсенділігін ынталандыру.
-
Базистік және вариативтік материалдарды біріктіре отырып, проблемалық тапсырмалар жүйесін құру.
-
Интеллектісін дамыту және шығармашылық қызметке деген құлшыныстарын мүдделендіру.
-
Оқу бағдарламаларын күрделендіру, мазмұнды байыту.
-
Арнайы сыныптарда оқыту.
-
Негізгі тақырыптар мен проблемаларды зерттеу үшін таңдау жасату.
-
Білімнің әр түрлі саласына қатысты тақырыптар мен проблемаларды интеграциялау.
-
Өнімді, тиімді, сыни ойлауын дамыту.
-
Дамудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаға түзету енгізу.
-
Пәндерді біріктіру.
-
Қалжың және қияли жағдайлар туғызу тәсілін қолдану.
-
Ақпарат берудің түрлі тәсілдерін біріктіру.
-
Дербес және топтық жұмыстарды үйлестіру.
-
Жеткілікті көлемде кешенді тапсырмалар қою.
-
Кеңес беру мен көмектесудің барлық түрін пайдалану.
-
Шығармашылық топтың барлық мүшесіне берілетін тақырыпты бір проблематика және өзара жауапкершілік төңірегіне топтау.
-
Бірнеше нұсқада орындалатын тапсырмаларды пайдалану.
-
Шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикалық тапсырмаларды үйлесімді қолдану.
-
Тапсырманы орындауда және нәтижені тіркеуде әр түрлі жұмбақтау тілдерін (кодовые языки) пайдалану.
-
Жағдаятты біртіндеп күрделендіре отырып, тапсырма шарттарын алмастырып отыру.
-
Шығармашылық тапсырмаларды шешу тәсілдерін оқушылардың дербес құрастыруына талдау жасату және ұйымдастыру.
-
Берілген жағдайға сәйкес теорияны, шығармашылық тапсырманы дербес құрастыру.
-
Қарама-қайшылықтарға талдау жасату.
-
Өзіне және өзгеге сұрақ қойғызу.
-
Шығармаылық қызметті әрекет ету тәсіліне біртіндеп интеграциялау арқылы кезеңімен қалыптастыру.
-
Тапсырманы қайшылықты формада беру.
-
Оқу материалын арнайы құрастыру арқылы дарынды баланың меңгеруін ғана емес, қабілеттерін жылдам дамытуды ескеру.
-
Жаңа ассоциациялар жасау.
-
Салыстыру , гипербола, метафора қолдану.
-
Қиялына қозғау салу.
-
Қабылданатын ақпаратты меңгертуді ұйымдастыру стратегияларын дайындау.
-
Олардың арасындағы байланысты анықтау.
-
Ағымдағы, түзетуге арналған бақылау түрлерін қолдану.
-
Дербес және топтық жұмысты үйлестіре білу.
-
Кешенді сезіну мен қиялдауға арналған ақпараттар ұсыну.
-
Дифференциация негізінде мазмұнды модернизациялау.
-
Қабылдауды жақсарту үшін сыни сәттерді жиі пайдалану.
-
Оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету.
-
Жаңа материалды өтілген материалмен байланыстыру.
-
Ойша қайталауды ұйымдастыру.
-
Материалды басқаша сөздік немесе белгілік формаға айналдыру.
-
Оқылатын пәндер бойынша мазмұнды түрлендіріп беру.
-
Шығармашылық орта құру.
-
Сәйкес деңгейдегі әр түрлі типті мектептерде оқыту.
-
Сабақтағы жұмысты әр түрлі сыныптан тыс жұмыспен үйлестіру.
-
Оқытуды жеделдету.
-
Мектеп бағдарламасын кеңейту.
-
Жоғары танымдық деңгейді қажет ететін тапсырмаларды пайдалану.
-
Әр түрлі тапсырмаларды орындауға кететін уақытты есептеу.
-
Алдын ала немесе қарқынды оқыту.
-
Қызығушылығына қарай оқушыларды топтастыру.
-
Проблемалық оқытудың әр түрін пайдалану.
-
Таңдау еркіндігін беру.
-
Сюжеттік-рольдік ойындарды пайдалану.
-
Оқытудың бейімдік жүйесін пайдалану.
-
Дербес жұмыс тәсілін, өзін-өзі бақылауды, зерттеушілік қызмет тәсілдерін үйрету.
-
Ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру.
-
Оқыту шарттарын дифференциялау.
Қосымшалар
№1
Дарындылықтың түрлері:
-
Көркем дарындылық
-
Жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық
-
Шығармашылық (креативті) дарындылық
-
Әлеуметтік немесе лидерлік дарындылық
-
Спорттық (психомоторлық) дарындылық
Мектеп практикасында кездесетін
дарындылық категориялары:
-
Жалпы дарындылық деңгейлері бойынша жоғары көрсеткіш танытқандар.
-
Әрекеттің нақты бір саласында жетістікке қол жеткізгендер: музыкант, суретші, математик, спортсмен. Бұларды көбінесе таланттылар деп атаймыз.
-
Мектепте үздік оқитындар, яғни академиялық дарындылар.
Дарынды балаларды анықтаудың ұстанымдары:
-
түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан жақты бағалаудың кешендік сипаты;
-
баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);
-
баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру);
-
баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
-
баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау.
№2
Дарындылықтың өзара байланысты үш сипаты
Дарындылықтың ынталандырушылық (мотивациялық) саласы мынадай сипатта болады:
-
танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;
-
өз бетімен жүргізетін шығармашылық – зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;
-
өзіндік қабілеттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс;
-
өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілік пен ұмтылыс.
Танымдық компонентінің сипаты:
-
жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы;
-
жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы.
Субьектінің процессуалдық компонентінің сипаттары:
-
жаңалық ашуға деген мақсаттылық, ілкімді, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой өрісінің кеңдігі, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте жүру;
-
жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерінің деңгейі – жоғары, танымдық қажеттілігінің сипаты – мақсатты әрі саналы, мәселенің маңыздылығын зерделей алу;
-
өз жұмысының нәтижесіне болжам жасай отырып, өз ойының түпкі өнімін жоспарлай алу;
-
жоғары белсенділік, ойлаудағы еркіндік, алынған ақпараттарды оңай үйлестіре білу.
№3
Дарындылық белгісі –
бұл бақылау барысында анықталып бағаланатын және баланың нақты іс-әрекетінен көрінетін ерекшеліктері.
инструменталдық аспектісінің ерекшеліктері
|
мотивациялық аспектісінің ерекшеліктері
|
1.Өзіне тән ерекше әрекет ету қабілетінің (қызметінің) болуы:
– тез қабылдауы және тапсырманы жоғары деңгейде орындап шығуы;
– тапсырманы орындауда немесе белгілі бір жағдайдың шешімін табуда жаңа әдіс–тәсілдер пайдалану немесе ойлап табу;
– жаңа идеялар мен шешімдер ұсынуы;
2.«Бәрін өзім жасаймын» дегенге бейімділік;
3.Күрделіні қарапайым, қарапайымды күрделі деп қабылдай алуы;
4.Оқу мен үйренуге деген ерекше талпыныс.
|
1.Белгілі бір нәрсенің нақты жақтарын байқау, таңдау, сезу (дыбыс, белгі, түр, өсімдік т.б.);
2.Белгілі бір нәрсеге деген жоғары қызығушылық;
3.Қызыға отырып, сол нәрсені толығымен тануға, білуге деген танымдық қажеттілік;
4.Стандартты, дайын жауабы бар мәселелерді қабылдамай, керісінше, нақты емес, қайшылық тудыратын ақпараттарды таңдау;
5.Өз туындылары мен еңбектеріне деген жоғары сыншылдығы, өзін жоғарыдан көру үшін шамадан тыс қиын мақсаттар қою.
|
Дарынды балаларды анықтауда қолданылатын ауқымды әдістер:
-
баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.);
-
арнайы психодиагностикалық тренингтер;
-
арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру;
-
арнайы бағдарлама жасау және білікті мамандардың қатысуы;
-
баланың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелеріне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, т.б.) мамандар тарапынан сараптау.
№4
Дарындылықты идентификациялау әдістері
№
|
Әдістер
|
Бағалау параметрлері
|
Психомоторлық дарындылық
|
1.11 субтесттен тұратын Пудье тесті.
2.Қимыл дағдыларының негізіндегі Д.Арыхейм мен У.Синклер тесті.
3.Көру-қимыл координациясына арналған К.Берри тесті (күрделене түсетін суреттерді көшіріп салу).
4.Саусақтың ептілігіне арналған О.Коннор тесті.
5. Ептілікке арналған Стомберг тесті.
6. Б.В.Кулагин, В.Л.Мариизук, Ю.М.Блудов, И.А.Курбатов сияқты ресей ғалымдарының зерттеуі.
|
Перцептивті-қимыл қабілеттері (реакцияның бағыттылығы, перцептивті-қимылдық координация). Көз бен қол координациясының дағдылары.
|
Интеллектуалдық дарындылық
|
1.Станфорд-Бине интеллект мектебі.
2. Векслер тесті (вербальды, вербальды емес субтестерден құралған).
3. Слоссон интеллектуалдық тесті.
|
Жалпы интеллектуалдық қабілеттерін анықтау үшін қолданылады. Ақыл-ойы мен жетістіктері бағаланады.
|
4.Маккартидің балалар қабілеті мектебі (2,5 – 8,5 жасар балаларға арналған).
|
Жалпы баға беріледі, сонымен қатар есте сақтауы бағаланады.
|
5.Мектептегі бейімділіктерге арналған Отис-Ленновский тесті (мектептегі бейімділіктер вербальды, жиынтық және бейнелі тапсырмалардың нәтижесі бойынша бағаланады).
|
Жалпы интеллектуалдық қабілеттерін анықтау үшін қолданылады.
|
6. Когнитивті біліктер тесті.
|
Қорытынды баға және төрт суббаға: «ұқыптылық», «аналогия», «жад», «вербальді пікірлер» анықталады.
|
7. Каттелдің мәдени-тәуелсіз интеллектуалдық тесті.
|
Тіл мүкістігі бар балалар арасындағы қабілеттілікті анықтауға арналған.
|
8.Р.Торндайк пен Е.Хаген жасаған когнитивті қабілеттер тесті.
9. Г.Айзенк тесті
|
Дарындыларға арналған бағдарлама бойынша оқыту үшін балаларды анықтауда кеңінен қолданылады.
|
Академиялық дарындылық
|
10. Ақыл-ой дамуын диагностикалауға бағытталған ресейлік әдістер, (ШТУР- школьный тест умственного развития) К.М.Гурьевич.
11. Негізгі біліктердің жалпы тесті.
12. Негізгі біліктерге арналған айзовский тесті.
|
Оқу, жазу, математика бойынша базалық дағдыларды өлшеуге бағытталған.
|
Шығармашылық дарындылық
|
13. Балаларға арналған креативтілік тесті - Дж. Гильфорд.
|
Дивергентті қабілеттерді бағалауға арналған
|
14. Бейнелі шығармашылық ойлауға арналған Торанс тесті. «Картина құрастыр», «Суреттерді толықтыр» сияқты тапсырмалардан тұрады.
|
5 жастан жоғары балалардың шығармашылық қабілеттерін бағалауға арналған.
|
15. Д.Б. Богоявленскаяның «креативті аймақ» әдісі және А.Г.Азарянның экспресс-әдістемесі
|
|
Әлеуметтік дарындылық (қарым-қатынас саласындағы дарындылық)
|
1. Дәстүрлі интеллектуалдық тесттер қолданылады, бағалау параметрлеріне әлеуметтік аспектілер енгізіледі.
-
Бақылау шкаласы.
|
Әлеуметтік позициялары, адамгершілік жайлы пікірлері, көшбасшылық қабілеттері бағаланады.
|
Ресейде әлеуметтік дарындылықтың арнайы психодиагностикасы жүргізілмейді. Бұл мақсатта социометриялық әдістер, ұйымдастырушылық қабілеттерді анықтауға арналған түрлі әдістемелер қолданылады (Л.К.Уманский).
|
Ұжымдағы микротоптар, лидерлер мен шеттетілген оқушылар анықталады.
|
№5
Дарынды баламен жұмыс жоспары
(жеке оқушыға арналған)
№
|
Аты–жөні
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Білімін тереңдету
|
Логикалық ойлау қабілетін дамыту
|
Шығармашылық біліктерін қалыптастыру
|
1
|
Ахметов А.
|
Тақырып бойынша қосымша әдебиеттермен жұмыс
|
Оқыған әдебиеттері бойынша қорытынды жаздыру
|
Тақырыпқа байланысты сурет салғызу
|
Жыл бойы
|
2
|
|
Пәндік олимпиадаға қатыстыру
|
Проблемалық жағдаяттар мен сауалдар дайындату
|
Шығарма жаздыру
|
Нақты бір пәнде
|
3
|
|
Жоба жаздыру
|
Қосымша материалдармен жұмыс алгоритмін құрастыру
|
Жазба жұмыстарына рецензент қылу
|
Жыл бойы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№6
Дарынды баламен жұмыста мұғалімнің тұлғалық және кәсіби дайындығына қойылатын талаптар
№7
Дарындылықты диагностикалаудың үлгі жоспары.
Баланың ерекшеліктерін зерттеуді мына жоспармен жүргізуге болады.
1.Ақыл–ой дамуының ерекшеліктері:
– зейіні, есте сақтауы, ойлау машығы;
– оқу материалын меңгеруі, өздігінен жұмыс істей білуі, жұмыс істеу ырғағы;
– сөйлеуі, ұқыптылығы, жалпы дүниетанымы.
2. Оқушының білімі мен оқуға қарым–қатынасы:
– пән бойынша білім сапасы;
– жалпы оқу біліктерінің деңгейі;
–оқу әрекеті барысындағы жетістіктері мен сәтсіздіктерін қабылдауы, бағалауға көзқарасы;
– оқуға қызығушылығы;
– өзін басқарудың ішкі тұтқасының болуы.
Дарындылық критерийлері
|
Үлгерім деңгейі
|
Оқытылу деңгейі
|
Көрнекі–бейнелі ойлау деңгейі
|
Қызығушылығы
|
Қарапайым тапсырмаларды тез әрі жылдам орындау;
Зерттеу әрекетіне бейімділік;
Түсінуге, талдауға қабілеттілік.
|
Білімді тәжірибеде қолдана білуі;
Математикалық белгілерді, символдарды, сөздерді ұзақ есте сақтау;
Оқу әрекетінде нақтылыққа бейімділік.
|
Құрастыру, баламасын таба білу;
Жүйрік әрі шапшаң ойлау;
Классификациялай білу;
Ерекше идеялар ұсыну.
|
Ынта–жігері, ойлау операцияларын орындауға деген танымдық қажеттілігі;
|
Бақылау жұмыстары алынады.
|
Берілген тапсырманы тексергенде: сапасына, ұқыптылығына, орындау жылдамдығына назар аударылады.
|
Арнайы әдістемелер арқылы анықталады.
|
Арнайы әдістемелер арқылы анықталады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |