Металл материалдар:
Шойын – деп құрамы 2%.-тен астам көміртегі және арнайы қосылатын темір қорытпасын атайды. Шойын құрамына қарай сұр шойын(СЧ 10, СЧ 15, СЧ 20, және т.б.) ақ (КЧ 30 – 6,КЧ 33 – 8 және т.б.) және ағарған және созылғыш шойын(кг/мм2 (100Мпа) және 6%, 8% ұзаратын) болып үшке бөлінеді.
Болат – деп құрамы 2%.-тен аспайтын көміртегі және табиғи немесе әдейі қосылатын темір қорытпасын атайды.
Конструкциялық болаттар – машинажасау саласында қолданылатын болаттар болып табылып, олар:
көміртекті болаттар – құрамында көміртегінен басқа маргенц болатын болаттарды атайды.
Легирленген болаттар –деп оның механикалық қасиеттерін жоғарылату үшін құрамына түрлі қоспалар қосылған болаттарды атайды.
Қатты қортпалар;
Түсті металлдар: қолалар, баббиттер.
Жеңіл қортпалар.
Композициялық металл материалдар;
Металл емес материалдар: пластмассалар, резина, қайыс, шыны, полиэтилин, ағаш, текстолит, синтетикалық және т.б. материалдар жатады.
2.Берiлiстер
2.1.1 Негізгі ұғымдар мен берілістер классификациясы
Берiлiстер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру және түрлентіру үшін қолданылатын жабдықтарды атайды. Олар негізінен машиналардың қозғалтқышы мен жұмыс атқарушы тетіктерінің арасында қолданылады. Берілістер айнымалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс iстейтiн тетiктерiнiң жылдамдығын, моментін өзгерту үшiн қажет. Олар бiр двигательден бiрнеше механизмдерге қозғалысты беру үшін де қолданылады. Берiлiстер механикалық, пневматикалық және гидравликалық болып бөлiнедi.
Машина бөлшектері бөлімінде, тек қана айнымалы қозғалысты беретiн механикалық берiлiстер қарастырылады және оларды жай берiлiстер деп атаймыз.
Механикалық берiлiстер жұмыс iстеу принципіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1. Үйкеліс арқылы берілетін берілістер:
2. Ілінісу арқылы берілетін берілістер:
тісті;
червякті;
шынжырлы.
Берілістер жетектеуші және жетектегі бөлшектердің жалғасуына байланысты:
1.Жанасу арқылы:
фрикциялық;
тісті;
червякты.
2. Иiлгiш бөлшектiң көмегiмен берілетін берілістер:
белдікті;
шынжырлы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |