¦дебиеттер


Домалау подшипниктерінің негізгі түрлеріне қысқаша сипаттама



бет43/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64
¦äåáèåòòåð

4.2.4. Домалау подшипниктерінің негізгі түрлеріне қысқаша сипаттама


1. Радиалды бір қатарлы шарикті подшипник радиал бағыттағы және ось бойымен берілген 70% шамасындағы (негізгі күшпен салыстырғанда) күштерді қабылдайды. Подшипникке отырғызылған біліктің ось бағытына бұрыштың ығысуы 150-пен шектеледі. Бұл подшипник өте көп таралған және домалау подшипниктердің ішінде ең арзаны болып табылады.
2. Екі қатарлы радиалды, сфералық шарикті подшипник, радиал бағытындағы және ось бойымен берілетін күштерді қабылдай алады. Бұл подшипник өзіне отырғызылған біліктері бар тораптарда және сыртқы тесіктерінің дәлме-дәл келуін қамтамасыз ете алмайтын құрылымдарда қолданады.
3. Радиалды - роликті подшипник қысқа цилиндрлі роликтерімен радиал бағытындағы күштерді қабылдайды. Ось бағытындағы күштерді қабылдай алмайды.
Бұл подшипникті торпатарда пайдаланғанда оның ішкі сақинасын роликтерімен өз алдына, бөліп өз алдына жинастыруға мүмкіншілігі бар. Подшипниктің радиал бағытында түсетін едәуір күштерді қабылдау мүмкіндігі жоғары. Білік осінің бұрыштық ығысуына сезімталдық көрсетеді.
4. Инеге ұқсаған роликті подшипник радиал бағытында түсетін күштерді қабылдайды. Сеператоры бар жоғарғы дәрежеде бұлжытпай жасалған инеге ұқсас роликті подшипниктер жоғары жылдамдықтарда да жұмыс атқара алады – біліктің айналу жылдамдығы (10-12 м/с дейін)
5. Екі қатарлы роликті подшипник сфера бүйірлі роликтермен радиал бағытындағы және ось бағытында келген күштерді қабылдайды. Бұл подшипниктер өзіне енгізілген біліктің осінің бұрыштық ығысуын 2-30-қа дейін шектей алады.
Подшипниктің ерекшелеігі : қымбаттылығы, оның жасалуының күрделілігі және жоғары радиал бағытында түсетін күштерді қабылдай алатындығы.
6. Радиалды – тіреуішті шарикті подшипниктер радиал және ось бойымен бір бағыттағы келген күштерді қабылдай алады.
Ось бойында әсер ететін шектік күштің шамасы шариктердің сақиналарымен түйісу бұрышына байланысты олар: β=12 0 (тип 3600) β=260 (тип 46000) β=360 (тип 66000).
Түйісу бұрышы үлкен подшипниктер, ось бағытында келген үлкен күштерді қабылдауға арналған және олардың шамасы радиал үлкен күштерді қабылдауға арналған және олардың шамасы радиал бағытында әсер ететін күштердің шамасынан басыңқы болуы да мүмкін.
Бұл подшипниктер білік осінің қиғаш орналасуына сезімталдық білдіреді. Ось бағытында екі жақтамалы келген күштерді қабылдату үшін, бұндай подшипнктерді механизм тораптарында қосақтап орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет