¦дебиеттер



бет53/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
¦äåáèåòòåð

6.1 Ажыралмайтын қосылыстар
6.1.1 Тойтармалы қосылыстар
Тойтарманың бiр жағы бастырмалы, екiншi жағы жұмыр қалпақшасы бар болады, ал оның көмегiмен қосылған қосылыстарды заклепкалы қосылыстар деп атайды.Бұл қосылыстар өткен ғасырдың 30-жылдарынан берi қолданылып келедi. Заклепкалы қосылыстар төмендегiдей жағдайларда қолданылады:
а) берiк қосылыстар күйiнде
б) тығыз берiк қосылыстар күйiнде.
1-стержень
2-бастырма қалпақша
3-тұйқтаушы қалпақша сурет-1.

Тығыз берiк қосылыстар қысыммен жұмыс iстейтiн котелдар мен трубаларда қолданылады.


Тойтармалы қосылыстардың пiсiрiлген қосылыстармен салыстырғандағы артықшылығы:

  1. айнымалы күштердi жақсы қабылдайды;

  2. тойтармалы қосылыстар неғұрлым сенiмдi.


Сурет -1
Сондай-ақ кейбiр түстi металл қорытпаларынан жасалған бөлшек-тердi пiсiру әдiсiмен қосқанда, олардың берiктiгi кемидi, сондықтан оларды заклепкалар арқылы қосады.
Қалыңдығы 12мм аспайтын бөлшектерде заклепка орналасатын тесiк (саңылау) арнаулы штамптармен дайындалады. Ал қалыiдығы 12мм асатын бөлшектерде тесiк бұрғылау әдiсiмен жасалады. Көбiнесе тойтармалар Ст.2,Ст.3,Ст.10 ж.т.б. болат түрлерiнен дайындалады.
Сондай-ақ алюминииден,мыстан және жезден жасалған заклепкалар кездеседi.
Тойтармалардың қалпақшалары әр түрлi болып келедi. Берiк және тығыз қосылыстарда қалпақшасы жартылай шеңберлi заклепкалар қолданылады.
Тойтармалар түрлерi.

Сурет-2.
Кейiнгi жылдары металл конструкцияларда құлыпқа ұқсас ерекше тойтармалар пайдаланып келедi.
Айқастырылған тойтармалы қосылыстар бiр жақты бастырмалы және екi жақты бастырмалы болып екiге бөлiнедi.


6.1.2 Бөлшектердi пiсiрiп қосу
Бөлшектердiң аздаған аумағын қыздырып, пластикалық күйге жеткiзiп, белгiлi күшпен қысып немесе балқытып қосатын ажырамайтын қосылысты пiсiрiп қосу деп айтады.
Машиналар бөлшектерiн пiсiрiп қосу өте берiк қосылыстың бiрi болып табылады, олардың берiктiгi белгiлi жағдайда бiртұтас бөлшектердiң берiктiгiнен кем түспейдi. Бөлшектердi пiсiрiп қосудың тойтармалы қосуға қарағандағы артықшылықтары:

  • тойтармалы қосылыстарды пiсiрiп қосумен алмастырғанда металдар

15-20% үнемделедi.

тойтарма қондырылатын арнаулы тесiктер қосу денелерiнiң қима ауданын азайтады.

  • пiсiруге қажетті жабдықтардың бағасы мен пiсiру технологиясы арзан және оларды автоматтандыруға болады;

  • пісіріп қосудың орындалуы қарапайым және сенімді;

  • Ұшпа-ұш қосу мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

  • қыздыру арқылы қосқанда бөлшектер қимасында аздаған күш кернеуi пайда болады,

  • пiсiрiп қосу тойтармалы қосылысқа қарағанда айнымалы-қайталанбалы күштердi нашар қабылдайды;

  • металл емес материалдардың пісіріп қосылмауы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет