«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Төмендегідей білімдермен қамтамасыз ету



бет3/70
Дата10.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Төмендегідей білімдермен қамтамасыз ету:

  • дефектология пәні мен оның міндеттері туралы;

  • дефектология ғылымының даму тарихы жайында;

  • дефектология аймағында құрылған әдістемелік және теориялық зерттеу негізі туралы;

  • дефектология ғылымында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан оқыту мен тәрбиелеу және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау.

Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер міндетті түрде:

  • дамуында ерекше психоденелік ақаулықтары бар негізгі категориядағы балалардың ерекшеліктері бар тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері туралы көзқарастары болуы керек;

  • дефектология ғылымының дамуын, оның ғылым ретінде сипаттамасын, міндеттерін, жолдары мен әдістерін білу керек;

  • алған білімдерін практикада қолдана алуы, дамуында ерекше психоденелік ақаулықтары бар негізгі категориядағы балалардың психикалық дамуының жағдайларын толықтай білу керек.

Пререквизиттер:
«Жалпы психология», «Педагогика» «Жас ерекшелік психологиясы» «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы» курстары.
Постреквизиттер:
Студенттер бұл пәнді оқып бітіргеннен кейін:

  • дефектология пәні бойынша ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсінеді;

  • арнайы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістермен танысады;

  • оқу-танымдық іс-әрекет үрдісінде алған білімдерін өз бетімен қолдана білуді үйренеді.

  • курс бойынша кәсіби мәдениеттің негіздерін игереді;

Оқыту әдістемесі:
Оқыту дәріс, практикалық сабақ түрінде өтеді. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, тесттерді орындау, ауызша сұрау түрінде, жеке семестрлік тапсырмалар оларды қорғау түрінде жүзеге асады. Берілген мәліметтерді талдау әдістері, ұйымдастыру, эмпирикалық, интерпритациялау әдістері қолданылады.Курс аяқталғаннан кейін емтихан тесттік түрде өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет