«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Тақырып: Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру



бет33/70
Дата10.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477066
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Тақырып: Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру.
Дәріс мазмұны:
1.Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны
2.Естуі бұзылған балалардың тілдік бұзылыстары
3.Саңырауларға арналған арнайы техникалық құралдар.
Кеңестер одағында және Ресейде көптеген жылдар бойы тек бір ғана дәстүрге айналған саңырауларға арналған педагогикалық оқыту жүйесі қалыптасқан – ол тілдік негіздегі сөздік сөйлеуі болып табылады.Саңыраулардың қазіргі сурдопедагогикасы жаңа оқыту парадигмасын іздеу үстінде болып табылады, себебі демократиялық және гуманистік тенденцияның тереңдігімен жалпылығы жағынан соңғы жылдары әлемдік байланыста нашар еститіндерге арналған жаңа білім тәжірибесі интеграцияны алып келді. Сонымен қатар жесттік тілді лингвистикалық және психолингвистикалық жаңа ғылыми негізде зерттеу болып табылады.Ежелгі сурдопедагогикада нашар еститін балаларға арналған жаңа оқыту концепциясын ойлап табу көзделген, ол көптеген бағыттарға негізделеді. Педагогикалық оқыту жүйесінің 2 негізгі түрін қарастырайық, ол қазіргі кезде өзге елдерде де және Ресейде қолданылады.
Педагогикалық жүйесінің билингвистикалық ыңғайы-сурдопедегогиканың жаңа бағыты болып табылады,ол өмірде 80-жылдардың басынан бастап пайда болған.Латын тілінде «билингвистикалық»,билингвизм қазақ тілінде аударғанда «екітілдік,екітілді»деп аударылады.
Билингвистикалық оқытудың методологиялық платформасының негізі болып әлеуметтік-политикалық және философиялық ойлар қосылысы болып табылады,цевилизациялық қоғам менталитетінің өзгерісі бейнесі және саңыраулардың шағын социумына және ымдау тіліне жаңа қарым-қатынасы.
Қазіргі ғылыми парадигма барлық білім процесінің байырғы құрылысы дәлелдігін қамтамасыз етеді.
Әлемде 5000-нан астам тілдермен 200-дей мемлекет бар деп есептеледі.Кейбір елдерде екі тілді қатар пайдалану заңда көрсетіліп бекітілген.Мыс:Европада мұндай елдер саны-6.Көптеген мем лекеттерде екі тілмен бірдей пайдаланылатын халықтарда бар.
Еститіндерге қатысты билингвистикалық оқыту идеясы жаңа болып есептелмейді:ортағасырда,мысалы:көптеген университеттерде сабақ латын тілінде өткен; қазіргі педагогикада 2 тілді қатарынан оңай меңгеру білімді алуда да және ары қарай карьераны жалғастыруда да өзінің зор үлесін көрсетеді.
Саңырауларға қатысты билингвизм термині 25 жыл бұрын қолданыла бастаған. Естімейтін адамдардың көпшілігі біруақытта жесттік және сөздік тілдеріне ие бола алады. Кейбіреулері өзінің негізгі тілін жесттік тіл деп ойласа, кейбіреулері сөздік тіл деп есептейді, бірақ саңыраулар қарым – қатынас жағдайында екеуін қатар пайдалана алады.
Саңырауларды оқытудағы билингвистикалық ыңғай білім процесінің екі тең құқылы және теңқұндылықты тәсілдерін қарастырады-олар орыс немесе өзге ұлттық тілінде аызша,жазбаша және тактильді формада және орысша немесе өзгеше жест тілі.
Еститін және естімейтін мұғалімдер,оқушылар және ата-аналар арасында екі тілді бірдей қатарластырады.Саңырауларды Биленгвистикалық оқыту Батыс Европа пайда болған.Сурдопедагогикадағы осы бағыттың пайда болуына әсер еткен кейбір факторларды атап кеткен жөн.
1-ден,жесттік тілге деген қатынасының өзгеруі.Саңыраулар бір-бірімен қарым-қатынасы үшін жесттік тілді қолданған және де жесттік тілгеалғаш рет 4 ғасырда сипаттама берген Августин еді.Франция Қаласында және Ресейде жесттік тілдің қолданылуы жайында оқулықтар енгізілді.Ұлттық жесттік тілдің қалыптасуы 70-жылдарда жасалады.20-ғасырда В.Стоку,М.Бреннон,Г.Л.Зайцевтің айтуынша,жест тілдері-жалпықұндылықты,қиын,өзінің грамматикалық,лексикалық, морфологиялық негізі жағынан лингвистикалық жүйеге бай болып табылады.Жесттік тіл орыс,ағылшын,қытай тілдерінен ешқандай айырмашылығы жоқ.Жесттік тілді оқу процесінде кең қолдануға болады.Осы пікірді Л.С.Выготский 30-жылдардың басында атап кеткен.
2-ден, «Басқа адамдарға ұқсамайды» деген пікір өзгереді. «Басқалар» әлемін түсіну Қажеттілігі пайда балды.Саңырауларға «Мүгедек» ретінде қарау сияқты көзқарастар өзгерді.Оларға индивид,қалыптасқан жеке тұлға ретінде көңіл бөле бастайды.
3-ден,екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдерде миграция көбейді.Мысалға АҚШ-пен Ұлыбританияда Азия және Африкадан келген имиграндтар көбейді.Осының иәтижесінде оқыту процесі өзінің туған тіліне сүйенгенде ғана тиімді балады.
4-ден,бұл ауызша оқыту әдістерініңнәтижелерінің және тотальды комуникативті әдістерінің жалпы талымсыздығы. Конрада 1979 жылғы зерттеулерінде Англия қаласында саңырауларға арналған мектептің түлектерінің оқу қабілеті қалыпты 9 жасар балаға тән.
5-ден, АҚШ-та жүргізілген зерттеулер бойынша саңырау ата-анадан туған саңырау балалар IQ тестісін жақсы меңгеріп жақсы нәтиже шығарады. Себебі: осындай жестік тілде олар туғаннан бастап қолданған.
Осылайша, прогрессивті ата-аналар балаларын бұрынғыша оқытқысы келмеді.Нәтижесінде саңырау балаларды оқытудың лингвистикалық ыңғайлы Скандинавиядағы мемлекеттік жүйе болып табылады..Қазіргі уақытта Ұлыбританиада жарты мектеп билингвистикалық ыңғайды қолданып келеді және осы ыңғайды Австралия, Африка, Галландия Бельгия, Германия, Швецария, Эстония қолданып келеді.
Ал Ресей қаласында тек ғана бір билингвистикалық мектеп бар-ол Мәскеулік билингвистикалық гимназия, 1992жылы пайда болған (ғылыми жетекші профессор Г.Л.Зайцева)
Г.Л.Зайцеваның айтуынша(1988)оқу тәрбиелеу процесінде жест тілін кеңіненқолдану нәтижесінде ғана мұғаліммен оқушының арасындағы қарым-қатынас нығайтылынады.Осының нәтижесінде білім аумағы кеңейтіледі жене 10жыл ішінде білім алып шығады.
Саңырауларды оқытудың жаңа педагогикалық жүйесінде шешілмеген тапсырмалар қатары көп. Олар:оқыту процесінде жесттік және сөздік тілді дұрыс қолдану талабы, жесттік тіл негізінде дидактикалық оқыту процесін жасапм шығару арнайы сурдопедагог маманларын дайындау жүйесін құру.
Саңырауларды оқытудың екінші бағыты сөздік тілімен байланысты. Түрлі тарихи кезеңдерде бұл бағыт лингвистикалық білімге сүйенді. Оқытудың негізгі мақсаты саңырау, бірақ сөздік тілді меңгерген адам болып табылады. ХҮШ-ғасырдың екінші жартасында ХХ-ғасырдың басында сурдопедагогтардың зейіні саңыраулардың сөйлеу жағдайында болды. Оның негізгі тапсырмасы таза ауызша сөйлеу болып табылады.
ХХ-ғасырдың 50-жылдар ортасында дейін саңырау балалардың сөздік дамуын – олардың айтылуын, сөздік қорын, грамматикасын, синтаксисін зерттеп қарастырады. Бәріне танымал сурдопедагог, профессор С.А.Зыков және оның әріптестерінің айтуынша, саңырау балалардың сөздік тілдің коммуникативті функциясы және әлеуметтік есептеуі арқылы зерттеп білуге болады. Бұл жүйе коммуникациялы жүйе деп аталады. Саңырау балалар жүйені меңгеріп және әлеуметтік ортада қолданылуын үйрену керек. Коммуникациялы жүйенің аса маңызды жағдайы заттық – сарамандық іс-әрекет жағдайында саңырау балалардың тілдік дамуын қалыптастыру және дамыту;
Коммуникациялы жүйенің пайымдауынша, тілді зерттеп білудің жүйесі болып қарым-қатынас тілдік формасын сарамандау болып табылады. Балада тілдік қабілет тіл белсенділігінің негізгі түрі болып даму керек.
Коммуникациялық жүйелік тілдік оқытудың аса маңызды орны қарым-қатынас даму идеясындағы іс-әрекет сияқты орын алады.
Саңырау балалардың тілдік құрылым жүйесін меңгеруі басқаша жүреді. Саңырау балаларға арналған мектептерде сөйлеуді меңгеру құрылымды-самантикалық принцип негізінде жүреді. Бұл принципті Л.П.Носков жасап шығарды. Бұл принцип берілген материалды меңгеруге ықпалын тигізеді.
Генетикалық принципі арқылы саңырауларды онтогенез немесе филогенез кезеңдердже оқытады.Сурдопедагог саңырау баламен жұмыс кезінде балалық (шақтық) даму ерекшеліктері ескерілді.
Оқытудың тілдік іс-әрекет принципі негізінде сөздік тіл қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылады. Мектептегі оқытудың заттық – сарамандық бағыты арнаулы сабақтарда қолданылады.
Саңырау балаларды тілге үйрету жаттығулары заттық – сарамандық оқытуда ғана жүргізілмейді, сондай-ақ айтылуының қалыптасуына және есту қабілетін дамытуда қолданылады. Заттық әрқайсысы тілдік іс-әрекет компоненттерін бекітеді.
Саңырау балаларды оқытудағы комуникативті жүйенің дамуы және қалыптасуы СССР-да есту-аймағындағы техниканың жетістігінің болмауы кезінде қолданылады. Дыбысты күшейтетін аппараттар 70-жылдардың аяғында ғана енгізілген. Сондықтанда комуникациялық жүйе кеңестік ғалымдармен жасалады. 1958 жылы Манчестерде саңырауларға арналған арнайы білімнің проблемалары туралы халықаралық конгресс өтті. Бұл конгрестің негізгі тақырыптары болып саңырау балаларға арналған педагогиканың көмегі және олардың ерте шақтағы дамуы қарастарылды.
Манчестердегі халықаралық форумның негізгі нәтижесі АҚШ-ғы диагностикалық және педагогикалық көмегі болып табылады, педоаудиолық кеңес беру (1959)
Осы бағыттң4 дамуы негізінен сөздік тілге негізделген, 50-жылдардың аяғы ,60-жылдардың бас кезінде дыбыс күшейтетін аппараттардың ұжымға қолдану түрі пайда болады.
50-60 жылдарда академик, доктор П.Губерина Загребе қаласында Ұбұрынғы Югославия, қазіргі ХорватияҚ есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы верботоналдық жүйені жасап шығарды, осы аппарат арқылы балаға оптимальды естуді таңдап алуға көмектеседі.
СССР-да пайда болған есту аппараттары ерте шақтағы оқытуға қолданылмайды. Негізінен бұл аппарат нашар еститін тұлғаларға және орта жастағы адамдарға негізделген.Сондықтанда мектептегі оқыту процесі 70-жылдардың аяғына дейін дыбыс күшейтетін аппаратсыз оқытылды.
70-жылдары АПН СССР типологиясын НИИ қызметкерлері есту қабілеті бұзылған оқушылардағы есту қабілетін дамытуда жаңа жүйе енгізді.Бұл жүйе саңырауларға арналған мектептерде кең қолданылып келеді.Дыбыс күшейтетін аппаратты жалпы білім беретін процесте қолдану негізінде түзету, дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Есту қабілетін күшейтетін және дыбысты күшейтетін аппараттар арнайы білім беретін техникасының құралдары болып табылады. Олардың негізінде ақпараттар алмасады.Бұл динамикалық немесе статистикалық проекция құралдары,видеотехника, лазерлі дискілер, дыбыс сигналдары болып табылады.Қазіргі кезде саңырау балаларға арналған арнайы телекомуникативтік құрылғылар ерекше орын алады. Теледидаар бағдарламалары қазіргі кезде видеотекстермен немесе сурдоаударумен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар саңырау балалар видеотелефондармен, пейджинг байланысымен қолданылады.
Саңырау балалардың дамуында да компьютер ерекше орын алады.Жекелеген компьютер бағдарламалары арқылы саңырау балалар оқу аппараттарымен алмасып отырады.Дұрыс құрылған компьютерлер бағдарламалары арқылы сурдопедагог балалардың сөйлесу, есту сақтау,зейін сияқты құрылымдарын дамытады.
11 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет