«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Білемін Білгім келеді



бет59/70
Дата10.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477066
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





















-Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
-Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
-Топтастыру стратегиясы:
Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.
-Пікірталас жүргізу әдістемесі (классикалық кесте):
Мақсаты: проблемалық пікірталас негіздерін анықтау, жүргізуші ролін және функцияларын анықтау.
Тақырыпты нақтылау және жазба (тезис). Пікірталастағы маңызды шарт тезиті немесе тақырыпты ашу. Егер қатысушылар сабақ тақырыбынан тірек сөздері мен басты ұғымдарды бөліп қарастыра алса, бұл пікірталастың “басқа жаққа” ауытқып кетпеуіне, логикалық бағытының бұзылмауына, тұрмыстық мысалдарда тұрып қалмауына кепілдік береді. Жүргізушінің фнкцияларымен танысу; пікірталас уақытын анықтау. Мәселені талқылау. Қорытынды жасау; жүргізуші ролін бағалау (ертерек анықталған функциялар бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет