Декоративті гүлдендіру



бет25/26
Дата09.05.2023
өлшемі249 Kb.
#473429
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
ДЕКОРАТИВТІ ГҮЛДЕНДІРУ

Бақылау сұрақтары:

  1. Гүл түстері адамға қандай әсер береді?

  2. Әдемі гүл шоқтарын немесе композицияны құрауда қандай принциптер қолданылады?

  3. Гүл шоқтарының композициясын жасаудағы жалпы ережелерді ата.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.
2. Чуб В.В., Лезина К.Д. Полная инциклопедия комнатных растений: Справочные издание. -М.: ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. -415с.: ил.


14 тақырып Бақша жолдарын безендіру
Мақсаты: Бақша жолдарын безендіруде қолданылатын материал түрлерімен танысу және отырғызылатын өсімдіктерді білу
Жоспар:

  1. Бақша жолдарын безендіруде қолданылатын материал түрлері

  2. Бақша жолдарын безендіруде отырғызылатын өсімдіктердің түрлері

Керекті құрал-жабдықтар:
Құм, қиыршық тас, кәдімгі тас, өрнектелген плиткалар, клинкерлі кірпіш


Жалпы түсініктеме

Негізгі жаяу жолы әдетте калиткадан үйдің есігіне дейін созылады. Негізгі жолдың ені 1,2-1,5 м болған дұрыс, жүргенде екі адам еркін сиятын болу керек. Қосымша жолдар 1 м-ден ені аспауы мүмкін, соқпақ жолдар ені 30-40 см қысқа болады. Кез-келген жолдың ортасы аздап дөңес болады, себебі жол үстіне су жиналмай ағып кетуі үшін. Жердің бедеріне қарай (ойлы-қырлы) басқыштар жасаған дұрыс, онымен жүру қолайлы және қауыпсыз болады.


Жолдар ескерусіз немесе екі жақ жиегіне аласа бұталармен, гүлдермен ерекше болуы мүмкін. Жол құрылысында маңызды нәрсенің бірі жолға төсейтін материалды таңдай білу. Жолдың бетіне төсейтін материал үйдің сыртқы түрі мен қасындағы өсімдіктердің түріне үйлесіп тұруы қажет. Жол бетіне төсейтін материалдың түрі көп. Мысалы: құм, қиыршық тас, кәдімгі тас, өрнектелген плиткалар, клинкерлі кірпіш тағы басқа.
Жақсы материалдың бірі күйген (клинкерлі) кірпіш болып табылады. Ол әдемі, аязға төзімді қалай қаласанда ыңғайлы. Кірпіштерді құмның үстінен жалпағынан немесе бүйірінен қалайды, саңлауын құммен бітейді. Көптеген адамдар жолға бетонды плиталар төсейді. Әдемі көрінетін бетон плиталар: 20/40, 40/40, 40/80 см көлемінде болып келетіндер. Олар тік бұрышты, төрт бұрышты, дөңгелек болады. Жасыл шөптер мен жіңішке кішкене бұталар өсіру басқыштарды әдемілейді. Бұталар жүруге кедергі келтірмес үшін үнемі қырқып отырады. Жолды әдемілеудің соңғы жұмысы бордюр орнату. Бордюр тастан, кірпіштен, шиферден, тақтайдан дүзу немесе дөңгелектеп жасалуы мүмкін және жолдың бетін жапқан материалмен жақсы үйлесіп тұруы керек. Бордюрды терең қазылған жерге, қиыршық тас төсеуден бұрын орнатады. Бордюр мен жолды салуға құм негіз болады. Егер ол тастан салынса оны цементтейді. Клинкерлі кірпіштен жасалған жолды сондай кірпішпен бекітеді. Бордюрдің сырт жағынан жағалай көпжылдық жатаған шөппен немесе біржылдық аласа шөппен егіп отырғызуға болады.
Тапсырма:

  1. Бақша жолдарын безендіруде қолданылатын материал түрлерін білу

  2. Бақша жолдарын безендіруде отырғызылатын өсімдіктердің түрлерін қарастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет