ДЕМОКРАТИЯ ТЕОРИЯСЫ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ БҮГІНІ
Дәрістің мақсаты демократиялық режимнің мәнін анықтау, демократияға тән белгілер мен оның теорияларын қарастыру, демократияның қазіргі кездегі теорияларын зерттеу, осы теориялар негізінде оның түрлерін анықтау
Сұрақтардың тізімі:
Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар
Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары
Дәріс кезіндегі негізгі түсініктер: халық билігі, жүйелі сайлау, шумпетерлік теория, плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теориялар, тура, өкілдік және плебисцитарлық демократия
Әдебиеттер тізімі:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
4.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002
5.Рахметов Қ. Саясаттану. А., 2005
6.Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
7. Антропология мировой политической мысли, в 5-и томах
Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар
Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетге ұйымдастырушы, конституциялық биліктін, халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға ез өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен жөне референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық принципке жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ен, алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-езі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке багынуы жататын., Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, сонымен санасу керектігі мойындалды.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердін, болуы, тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі.
Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс.
Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол құрам орта тап өкілдерінен құралуы тиіс.
Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды.Саяси процеске қатысушы әрбір адам өзін-өзі тежеп отырмаса, қандай демократия болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |