Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№27 Тақырып. Массажды токпен және сумен қолдану
Жоспар:
1.Токпен (физиотерапия) бірге қолдану
2.Су арқылы жасалатын массаж түрлері
3.Ток пен сумен бірге қолданатын массаждың денеге әсері
Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп атайды. Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай жүйке талшықтары және шеткері вегативтік жүйкелер арқылы іске асады Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді қабат, дәнекер ұлпа, тамырлар, сүйек — барлығы жүйке талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты.
Ғалымдардың зертеуіне сүйенер болсақ, массаж б.з.І және ІІ ғ.да халықтық емдеу әдісі ретінде кең қолданылған, ал VІІ ғасырдан бастап ресми түрде шығыстық медицина атанған. Массаж шынында дүние жүзіндегі көптеген елдердің халықтық медицинасының құрамдас бір бөлігі.
Қазіргі кезде массаждың батыстық және шығыстық деп екіге бөліп жүр. Батыстық массажға классикалық және сегментарлық, ал шығыстық массажға нүктелі (бір орынға қадап жасау) және жүйелі (дененің белгілі бір бөлігіне жасау) массаждар жатады.
Массаж терінің жылулық рецепторына да ықпал етеді, сипағанды, уқалағанда тканьде жылу пайда болады, оның денедегі тамырлардың тонусына және зат алмасуына жағымды әсері бар. Массаждан кейін адам рахат күйге бөленіп, Өзің жеңіл әрі сергек сезінуі керек. Массаждың шипалы болуы үшін екі шарт дұрыс орындалуы тиіс және бір-біріне сәйкес келгені жөн. Мәселен емшектегі балалар(немесе мектеп жасына дейінгі балалар) тіпті әлсіз тітіркенудің өзін қатты сезеді, ал 15 жастан 30 жасқа дейінгіадамдар өздеріне күштірек массажды керек етеді, 31-50 жасқа дейінгілер орташа күш түсіретін жеңілдеу массаж жасаған дұрыс. Дене еңбегімен айналысатын адамдарға қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын адамдар массажға әлде қайда сезімтал келеді. Сондықтан күш түсіретін массажды ауыр дене еңбегімен айналысатын адамдарға жасаған жөн.
Массаж классикалық және сегментарлық болып бөлінеді Олардың бір-біріне ортақ тұстары біршама баршылық. Дегенмен массаж жасалатын жерге байланысты едәуір айырмашылықтары бар.
Классикалық массажда жасаушы адам көбіне бір жерге әсер етсе, сегментарлық массажда нерв жүйесі арқылы ішкі органдармен байланысады. Бұл түріне сипау, үйкелу, жұмсарту тәсілдер жатады.
Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дүрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |