«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет66/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153
емдик беймделу дене тар

Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________

30 Тақырып. Массаж тәсілдері.


Жоспар:
1.Ысқылау.
2.Илеп жұмсарту.
3.Ысқылау тәсілі.
4.Ысқылау тәсілінің түрлері.
5.Илеп жұмсарту тәсілі
Нәрестемен бірінші айдан бастап гимнастикамен шұғылдану қажет. Гимнастика мен сылап-уқалау оның денесі мен психикалық дамуын дұрыстап,жүру дағдыларының мезгілінде қалыптасуына мүмкіндік береді, организмдегі зат алмасуын жақсартады. Бір жарым айдан бастап үнемі гимнастикамен шұғылданған баланың мүсіні әдемілігімен, қимылының үйлесімділігімен, қозғалысының тездігімен, ептілігімен және ойын кезіндегі батылдығымен ерекшеленеді және денсаулығының кепілі болады.
Жаттығуды жасау әдісі. Баланың қолын саусақтарынан иығына қарай, аяқтарын табанынан жамбасына қарай сылап, сипайды, тізесіне тиіп тізе буынын итеруге болмайды. Қолын сипағанда бір қолмен саусақтарынан ұстап, аяғын сипағанда оның аяғын алақаныңызға салыңыз.
Етбетінен жатқызғанда сәбидің қолдары бүгіліп кеудесінің астында жатады да, басы көтеріңкі болады.
Сәбидің арқасын сипағанда, жамбасынан басына дейін қолдың сыртымен, ал төмен қарай сипағанда алақанмен сипаңыз. Бұл жаста баланың етбетінен жатуы ыңғайсыздау болғандықтан, бір қолмен сипағанда екінші қолмен оның аяғынан ұстап тұрыңыз. Ішін сипағанда алақанымен сағат тілі бағытына қарай жасаңыз.
Массаж жасау арқылы баланың денсаулығын жақсарту
Нүктелі массаж
Дүние жүзіндегі денсаулық сақтау саласы елдің даму және нығаю тарихын көрсетеді. Бүгінгі күні елдің денсаулығы қиын жағдайда, сондықтан да кең түрде сауықтыру бағдарламасы керек. Соның бірі – массаж.
Массаж сөзі араб тілінен шыққан, арабша «масе» - жақындау, сипалау ұғымын білдіреді. Ол осыдан 4 мың жыл бұрын Египетте пайда болған. Оған айғақ 1841 жылы Египетте массаж тәсілдері табылған. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Ал оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың жұмсарту тәсілін кеңінен қолданады. Массаж халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі.
Ол барлық жер шарына кеңінен таралған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгісі болып табылады.
Массаж адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, И. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский тағы басқа өз еңбектерінде айқын көрсеткен.
Массаж өкпедегі зат алмасуын үдетеді, тыныс алу үшін оның тереңдігін, жиілігін, өкпенің қимылын, тіпті кеуде қуысының дем алуға дұрыс қатынасуын реттеп, бір жүйеге түсіруге үлкен көмек көрсетеді. Адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді.
Суық кезде массаж денені жылыту үшін де жасалады. Массаждың әсерінен сіңірдің созылу икемділігі артып, буынның қозғалысы жақсарады, денедегі сұйық заттардың қозғалысын арттырады, шаршаған бұлшық еттің тез қалпына келуіне ықпал жасайды.
Нүктелі массажды әр түрлі ауруларға тән нүктелеріне зер салайық. Мұны
әркім өзіне қолдануына болады. Бас ауырғанда, бетке, аяққа, қолдануына болады.
Тұмау тигенде немесе мұрын бітеліп қалғанда мұрын желбезегінің екі жағындағы нүктелері, арасындағы нүктені табу керек.
Ұйқы бұзылғанда адамның берекесі қашып, еш нәрсеге қабілеті болмай жылдам шаршайды. Мұндай кезде аяқтың басына, тізеге, қолдың басына және жауырығына жасаса, біршама жеңілдік болады. Бронхы қабынғанда жөтел, кейде ыстығы көтеріліп мазасы кеткенде, желке мен мойындағы, жауырынның іш жағындағы екі нүктеге және аяқ - қолдағы арнаулы нүктеге массаж жасау пайдалы. Мысалы, адам жүргенде, жүгіргенде, қолмен жұмыс істегенде нүктелер өздігінен пайда болады және адам денесін түрлі зақымданудан сақтауға көмектеседі.
Нүктелі массаж дененің шағын ғана бөлігіне жасалады. Ол дененің биологиялық белсенді нүктелеріне әсер етеді, дәлірек айтсақ, жүйке жүйесінің терідегі ұштарына. Оны көбінесе сұқ саусақпен басады, егер де нүкте тереңде орналасқан жағдайда ұштарының диаметрі 5 - 6мм келетін ағаш, темір немесе піл сүйегінен жасалған инелер арқылы, лазер сәулесі немесе қан шығаруы арқылы жасауға болады. Массажды жасағанда теріні қатпарландырмай, тартып, созып тұрып жасайды. Биологиялық белсенді нүктелерді тауып нүктелі массаж жасағанда, адам жақсы сезіну керек. Нүктелі массажда иықтан басу, жұмсарту және дірілдету тәсілдері қолданады. Оның екі түрі бар қыздыру және тежеу. Нүктелі массаждың қолдану тәсілдері сипау, ысқылау, басу, дірілдету, қысып ұстау. Сипау бас бармақтың ұшымен де іш жағымен қырымен де ортаңғы саусақтың ұшымен жасалады. Көбінесе бас терісіне, бетке, мойынға, қолға осындай нүктелі массаж тәсілдері қолданылады.
Ысқылау да бармақ пен ортаңғы саусақтың жұмсақ ұшымен орындалады. Оны алақанның білезік тірегіне қырымен ысқылап, белден жоғары мойынға дейін жеткізеді. Ысқылау сағат тілі бойымен солдан оңға қарай үйкей орындалады. Ысқылауды басқа нүктелі массаж тәсілдерін кейін жеке орындайды. Жұмсарту ( басу) екі қолдың бас бармақтарымен не екі саусақпен қатар жатқан нүктелерді басу арқылы жасалады. Бұл тәсілде бір орында саусақты батыра ұстап тұрып шыр айналдырады. Бастапқы кезде жеңіл, кейін түсіретін салмақты арттырып, сол нүкте сыздағанша басады, осыдан кейін сәл босаңсытып, қайтадан жеңілдетеді.
Қысып ұстау ( шымшу) үш саусақтың арасында қысып ұстау арқылы орындалады (бас бармақ, сұқ, ортаңғы саусақтың ұштарымен). Биологиялық белсенді нүктенің орналасқан жерін қысып ұстап, езгілейді. Мұнда орындалатын қимыл өте жылдам, әр жерден бір үзіліспен 3 - 4 рет қайталана орындалады. Массаж әсер еткен жер жансызданып, сыздап кетеді. Ине шанышқандай қимылды сұқ саусақтың ұшымен орындайды. Ол қалың еттерді жылдам қадап алғандай, тесіп жіберетіндей сезілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет