«дене шынықтыру және спорт менеджменті» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата19.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#499310
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Дене шынықтыру және

Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің 
қызметкері ӛзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын 
ақша сомасы. Номиналды жалақының мӛлшеріне қарап 
табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың 
деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. 
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын
ӛмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды 
жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы 
қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы ӛнімінің ӛзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі 
болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс 
ұйымдастырылуы еңбек ӛнімділігінің артуына, ӛнімнің ӛзіндік 
құнының кемуіне және еңбеккерлердің ӛмір деңгейінің 
жақсаруына себепші болады. 
Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге байланысты 
экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар: 
1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі мен 
динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен 
және ұсыныспен анықталады. 
2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің 
бағасы 
емес, 
ӛйткені 
еңбек 
тауар 
бола 
алмайды,еңбек 
ақы 
ӛндіріс 
жағдайымен 
де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен де 
анықталады, олардың ауытқуы еңбек ақының 
жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде тӛмен 
болатындығын кӛрсетеді. 
Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси 
экономикасының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның 
теориясына негізделген.
А.Смит 
еңбек 
пен 
жұмыс 
күші 
арасындағы 
айырмашылықты 
ашып 
кӛрсеткен 
емес.Оның 
пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар «тауар» деп саналады. 
Ал,табиғи баға ӛндіріс шығындарымен анықталады,яғни 
жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен 
есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын 
түсінді. Еңбек ақы мӛлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті 


50 
құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи 
және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит 
еңбек ақы мӛлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын 
түсіндірді. Рикардо еңбек ақы теориясын Мальтустың халық 
ӛсімі теориясымен байланыстырды. Еңбек ақы, осы теория 
бойынша, халықтың табиғи ӛсуіне сәйкес күнкӛріс заттарының 
минимумына ұмтылады. Маркстік тұжырымдамаға сәйкес еңбек 
ақы еңбек бағасы емес, ӛйткені еңбек тауар емес, олай болса 
оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал еңбек ақы 
осы тауардың бағасы, оның құнының ақшалай кӛрінісі. 
Жұмысшы еңбек ақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті 
еңбек мӛлшерінің құнын алады. Еңбек ақының экономикалық 
маңызы мынада, осы табыс арқылы ӛндірістің жеке факторының 
орны толтырылады, адамның материалдық және рухани 
қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке 
дайындығы жүзеге асырылады. К.Маркс жұмыс күшінің құны 
мен еңбек ақы күнкӛріс заттарының физикалық минимумымен 
емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен 
анықталады деді.Еңбек ақының мӛлшері жұмыс күшінің құнына 
әсер ететін еңбек ӛнімділігіне, еңбке қарқындылығына, еңбектің 
күрделілігіне тәуелді.Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс 
тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең еңбек ақы 
бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет