Бассүйексіздер тип тармағы
Өкілі
- қандауырша
Қандауыршаның дене тұрқы
- 5-8 см, денесі екі бүйірінен қысыңқы,арқа жүзбеқанаты құйрық және құйрықасты жүзбеқанатымен тұтасып кеткен
Қандауырша деп аталу себебі
- құйрық жүзбе қанатының пішіні медициналық аспап қандауырға ұқсас болғандықтан
Терісі
- екі қабаттан тұрады (эпидермис және нағыз тері)
Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік
- терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы
Қаңқа қызметін атқарады
- желі
Қандауыршаның жүйке жүйесі
- жүйке түтігінен тұрады
Қандауыршада жоқ мүшелер
- бас сүйегі (ми), жүрегі
Жүрек қызметін атқарады
- құрсақ қолқа қантамыры
қантарату жүйесі
- тұйық
қанының түсі
- түссіз
Зәршығару түтікшелері орналасқан
- жұтқыншақ маңында
Орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады
- жүйке түтігі
Көбеюі
- даражынысты
Қандауыршаның дернәсілдері су ішінде үш айдай еркін жүзіп жүреді
- кірпікшелерімен
Жыныс бездері орналасқан
- жұтқыншақ маңында
Ұрықтануы сырттай
Жыныстық жағынан жетіледі
- 2-3 жылда
Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген
- Ковалевский
Қабықтылар тип тармағы
Өкілі
- асцидия
Желісі болады
- дернәсіл кезінде
Қабықты деп аталу себебі
- денесі қалың, тығыз құрамы жасұныққа жақын зат қаптағандықтан
Кейде дернәсіл желілі деп аталу себебі
- желісі тек дернәсіл кезінде болғандықтан
Денесі
- күбі пішіндес, 1 мм-ден 30 см-ге дейін, ауыз және клоакалық сифоны бар жәндік
Тынысалуы
- желбезек
Қантарату жүйесі
- ашық
Ішектыныстылар класының өкілі
- баланоглосс
Ішектыныстылардың дернәсілі торнарияны ашты
- 1850 жылы Мюллер
Торнарияның баланоглосс дернәсілі екенін дәлелдеді
- 1870 жылы Мечников
Омыртқалылар тип тармағы
Омыртқалылар тип тармағының өкілдері
- дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер
Омыртқалыларды жақсүйектерінің болу болмауына байланысты бөледі
- жақсүйексіздер және жақсүйектілер
Жақсүйексіздерге жатады
- дөңгелекауыздылар (минога, миксин)
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген
- Каспий миногасы
Ұрығының даму ерекшелігіне байланысты бөлінеді
- қағанақсыздар, қағанақтылар
Қағанақсыздар
- ұрығы суда дамиды, сыртында арнайы ұрық қабығы болмайды (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер)
Қағанақтылар
- іштей ұрықтанады, ұрығы дамыған кезде сыртында арнайы қабықша түзіледі (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
Дене температурасына байланысты бөлінеді
- салқынқандылар (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар) және жылықандылар (құстар, сүтқоректілер)
Достарыңызбен бөлісу: |