Денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ұсақ ағзалар



бет12/14
Дата19.11.2022
өлшемі54.8 Kb.
#465237
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
биология анықтамалық-1-1

Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған
- қуық
Балықтың жасын анықтауға болады
- қабыршақтағы асқина санына қарап
Желбезегі сыртында болады
- желбезек қақпағы
Тынысалу (газалмасу) жүзеге асады
- желбезек жапырақшаларында
Есту мүшесі
- ішкі құлақ
Ұрықтануы
- сырттай
Шоғал дегеніміз
- аталық безден бөлінетін сұйықтық (сперматозоидтар жиынтығы)
Сүйекті-шеміршекті балық
- бекіретәрізділер
Бекіретәрізділерге жатады
- қортпа, шоқыр, пілмай, тасбекіре
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бекіретәрізділер
- тасбекіре, пілмай
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90 пайызы
- сәулеқанаттылар
Қалаққанатты балықтарға жатады
- қостыныстылар, саусаққанаттылар (латимерия)
Майшабақтәрізділер отрядына жатады
- сардинка, қылқа, түлкібалық
Албырттәріздестерді басқа балықтардан ажыратады
- құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы
Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып өледі
- құнысбалық, кета, нерпа
"Патша балығы" деп аталатын бахтах жатады
- албырттәрізділерге
Тұқы тәріздестер отрядына жатады
- аққайран, мөңке, қаракөз, ақмарқа, табан, таяз
Уылдырықтама дегеніміз
- уылдырық шашатын орын
Өрістегіш балық
- уылдырықтама іздеп теңізден өзенге немесе керісінше сапар шегетін балықтар
Балықтың даму сатысы
- уылдырық→ ұрық→дернәсіл→шабақ→ересек балық


Қосмекенділер

Қосмекенділер


-құрлыққа алғаш шыққан ағзалар. Құрлықта да, суда да тіршілік ете алады.
Түр саны
-4 000-нан астам
Қазақстанда кездеседі
-12 түрі
Қызыл Кітапқа тіркелінген
-3 түрі (қызылаяқ бақа, даната құрбақасы, Жетісу бақатісі)
Денесі
-бас, тұлға, аяқ
Қаңқа бөлімдері
- 4 (бассүйек, омырқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары)
Омыртқа жотасының бөлімдері
- мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық
Бір ғана омыртқадан болады
- мойын және сегізкөз бөлімдерінде
Алдыңғы аяқ бөлімдері
-қар, білек, алақан
Артқы аяқ бөлімдері
-сан, сирақ, табан
Алақанында
-4 саусақ
Табанында
-5 саусақ
Иық белдеуі тұрады
-бұғана, қарға сүйек және жауырыннан
Бақада жоқ сүйек
-қабырға
Тыныс алуы
-өкпе және тері
Өкпесінің пішіні
-сопақша қапшық тәрізді, нашар дамыған
Қосмекенділердің қосымша тыныс алу мүшесі
-тері
Терісі
-жұқа, жұмсақ, сілемейлі шырышпен шыланған, ылғал. Сол себепті ауаны да, суда еріген оттегіні де жақсы өткізедія
Жүрегі
-3 бөлімді (1 қарынша, 2 құлақша)
Қанайналым жүйесі
-2 шеңбер
Есту мүшесі
-ішкі және ортаңғы құлақ (тек үзеңгі сүйегі бар)
Жақсы дамыған ми бөлімі
-ортаңғы ми
Баяу қозғалуына байланысты нашар дамыған ми бөлімі
- мишық
Зәр шығаруы
-жұп бүйрек
Көбеюі
- дара жынысты, сырттай ұрықтанады, уылдырық салып көбейеді
Бақа дернәсілі
- итшабақ
Ұрықтанғаннан кейін көлбақаларда дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып шығады
- 8-10 тәуліктен соң
Бақа дернәсілі тыныс алады
- желбезек арқылы
Итшабақтың жүрегі
- 2 қуысты, қанайналым шеңбері біреу
Алғаш рет қосмекенділерде пайда болды
-сілекей бездері
Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділердің сирек таралу себебі
- қоршаған ортаның температурасына тәуелді болғандықтан
Қосмекенділер пайда болған
-ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдардан)
Отрядтары
-3 (аяқсыз, құйрықты, құйрықсыз)
Аяқсыз қосмекенді
-сақиналы құртжылан
Құйрықты қосмекенділер
-жетісу бақатісі, саламандра, тритон
Құйрықсыз қосмекенділер
-бақа, құрбақа
Қазақстанда мекендейтін құрбақалар
-жасыл, кәдімгі, даната
Қазақстанда мекендейтін бақалар
-көлбақа, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа
Бақатіс мекендейді
-Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде
Даната құрбақасы мекендейді
-Зайсаң, Балқаш, Алакөл өңірінде
Қызылаяқ бақа мекендейді
-Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет