Дені сау бала кабинетінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру



бет4/4
Дата01.02.2024
өлшемі5.27 Mb.
#490495
1   2   3   4
педиатр нурс

1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500 сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.

Дені сау бала кабинетінің құрылымы жайында видеороликті бірге тамашалайық! https://www.youtube.com/watch?v=bYOWxhQs1HY

Қорытынды

Дені сау бала кабинеттерінің негізгі міндеті балалар денсаулығын қорғау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу, соның ішінде: медициналық қызметкерлердің білімін үздіксіз жетілдіру; дені сау және науқас баланы күту, тамақтандыру, дене және психологиялық-әлеуметтік даму мәселелері бойынша тақырыптық сабақтар өткізу; медициналық қызметкерлерге ерте шақтағы балаларға патронаж жүргізу әдістемесін және жүкті әйелдерді, бала емізетін әйелдерді және ерте шақтағы балаларды дұрыс тамақтандыру ережелерін үйрету, медициналық қызметкерлерді балалардың психологиялық-әлеуметтік даму жағдайын бағалау мәселелері бойынша, массаж, гимнастика жасау тәсілдеріне және т.б. үйрету.

1. «Педиатрия». Х.Б. Хабижанов С.Х.Хамзин 2011 жыл , 79-105 беттер 2. ИБВДВ дан алынған мәліметтер 3. Суреттер мен видеоролик интернет желісінен алынған

Пайдаланылған әдебиеттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет