Дениет негіздері


§ 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама эволюциясы



Pdf көрінісі
бет56/70
Дата29.12.2022
өлшемі1.52 Mb.
#468046
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-стратегиясы

§ 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама эволюциясы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен 
дамуы 
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын 
шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері 
әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың 
мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің 
қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік 
басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын 
төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына 
ықпал етеді. 
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының
XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау 
және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты 
жолға қою маңызды» деді [1].
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан, 
сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қайта құруды және ұлттық экономиканы 
жаңғыртуды жүргізуге кедергі келтіреді, қоғам ішінде мемлекеттік 
институттарға деген сенімсіздік пен үрейдің пайда болуына әкеледі.
Осыған 
байланысты, 
Қазақстан 
мемлекеттік 
тәуелсіздіктің 
алғашқы күндерінен бастап, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен тетіктерін 
қалыптастыруды мақсатты түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырып келеді. 
2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, 
сыбайлас жемқорлық әрекетіне «жауапты мемлекеттік лауазымды 
атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік 
берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік 
берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың 
өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты 
мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші 
тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу 
немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен 
артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» 
жатады [2].
Сыбайлас жемқорлық себептерін, шарттары мен салдарларын
анықтау кезінде жергілікті менталитет, ұлттық және діни ерекшеліктер, 
құқықтық мәдениеттің деңгейі секілді факторлар ескерілуі тиіс. 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» бойынша жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей 
қатер болып саналады және мемлекет пен қоғам осындай жағымсыз 
құбылысқа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс [3].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі – сыбайлас 
жемқорлықтың қылмыстық жағымен қатар, ол мемлекеттің саяси, 
әлеуметтік, экономикалық салаларымен де тығыз байланыста болуында.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Қазақстан посткеңестік 
елдердің ішінде алғашқысы болып, кең көлемді сыбайлас жемқор-


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
93
лыққа қарсы қызметті күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
заңнамалық базаны қалыптастырды, нәтижесінде Мемлекет басшысы
Н. Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мемлекеттік саясатымен тікелей байланысты даму кезеңдерінен өтті. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін оның аумағында 
бұрынғы КСРО мен ҚазКСР-дің нормативтік құқықтық актілері 
қолданылды, алайда олардың жаңа экономикалық бағытқа сай келмейтін 
тұстары жиі кездесті. Егер оған дейін барлық мүлік мемлекеттік меншікте 
болса, тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру процесі басталып, 
жеке меншік пайда болды, ал заңнама саласының жаңа экономикалық 
болмысқа сай ықпал етуі әлсірей бастады.
Дәстүрлі экономикалық байланыстардың бұзылуынан туындаған 
экономикалық құлдырау салдарынан кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық 
деңгейі өсті, қылмыс көбейе бастап, оған дейін болмаған экономикалық 
қылмыстың жаңа түрлері пайда болды. Сонымен бірге қылмыстық 
топ ұйымдасқан қылмысқа қатысты нормалар бойынша заңнамадағы 
олқылықтарды пайдаланып, олар өз мүшелерін мемлекеттік органдарға 
кіргізу арқылы қылмыстық әрекеттерін ұйымдастыра бастады. Яғни, 
ұйымдасқан қылмыстың мемлекеттік органдарға ену қаупін сезіп, 
мемлекет қылмысқа қарсы іс-қимыл және ел өмірінің әлеуметтік-
экономикалық салаларын тұрақтандыру бойынша алғашқы кезектегі 
жедел іс-шараларды қабылдады. 
Осыған орай, мемлекеттің бірінші әрекеті ұйымдасқан қылмыс пен 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен айналысатын арнайы 
органдар құруға бағытталды. Жаңадан құрылған бұл органдардың 
қызметі экономикалық және әлеуметтік қайта құруға, соның ішінде 
сыртқы экономикалық салаға арналды. Банк операцияларына, салық 
инспекцияларына, кеден және қаржы органдарына ерекше назар 
аударылды.
Органдар қызметінің нәтижесінде алынған барлық ақпарат 
экономика саласындағы құқық бұзушылықтар туралы республикалық 
автоматтандырылған деректер банкіне жүйелі түрде енгізіле бастады. 
Құқық қорғау және бақылау органдарының автоматтандырылған 
ақпараттық жүйелері мен ақпараттық желілерінің материалдық-
техникалық қоры құрылды. Сондай-ақ ақпаратты қорғау және қажетті 
жобалық-технологиялық құралдарды құру бойынша жұмыстарды 
қаржыландыру жүргізілді. 
Алғашқы кезекте, мемлекеттік органдар қызметі сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алумен қатар, жасалған фактілерге қарсы күреске 
бағытталды, тәжірибе жинақтала бастады, бірнеше фактілерден кейін 
кешендік тәсіл қажет екендігі белгілі болды.
Осылайша, 1992–1997 жылдар аралығында, бұл жылдарды алғашқы 
кезең деуге болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестің 
нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастырудың бастапқы кезеңі 
өтті. 1992 жылдың 17 наурызында «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс 
пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар 
туралы» Жарлық (бұдан әрі – Жарлық) шығарылды. Аталған Жарлықты 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
94
қабылдау негізі елімізде таралған құқыққа қайшы қызмет фактілерінің, 
криминалдық кәсібиліктің өсуінің, қылмыстың ұйымдасқан сипатқа 
ие болуының жолын кесу қажеттілігі болды. Сонымен бірге сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің элементі ретінде мемлекеттiк 
құрылымдарда мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында 
басшылық қызметте iстейтiн, жекешелендiру тәртiбiмен мемлекет мүлкiн 
меншiгiне сатып алатын адамдардың өз отбасының мүлiктiк жағдайы 
туралы декларация беруге мiндеттi екенi; лауазымды адамдардың 
қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға байланысты кез келген нысанда 
кәсiпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан және және т.б. сыйлық 
алуына тыйым салу бекітілді [4].
Елімізде бұндай реформаларды жүргізу арқылы қылмыстың, оның 
ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың өсуінің жолын кесу түрінде 
криминалдық қызметтің таралауына арналған заңнамалық тұрғыдағы 
кедергілер жасалды. Дегенмен, Жарлықта «сыбайлас жемқорлық» 
ұғымының анықтамасы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға 
қарсы іс-қимылдың әзірленген айқын тетіктері болған жоқ. 
Бұл кезең Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық салалары 
үшін маңызды тарихи сәттермен сипатталады. Атап айтқанда,
1995 жылы 30 тамызда президенттік басқару нысаны бекітілген, Қазақстан 
Республикасының Конституциясы қабылданды; 1997 жылы Президенттің 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы: Барлық 
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының 
артуы» тарихи құжаты қабылданды, ол әлеуметтік бағдарламалар 
әзірлеу мен бірқатар нормативтік құқықтық актілердің – «Прокуратура 
туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 
заң күші бар Жарлық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін 
жаңартудың басталуына негіз болды. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың осы 
кезеңінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі 
қағидаларын іске асыру мақсатында, 1997 жылы 5 қарашада «Ұлттық 
қауiпсiздiктi нығайту, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық 
шығарылды.
Үкімет деңгейінде мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының 
iрi ақшалай шығыстарына бақылау орнату және заңсыз табылған ақша 
мен өзге де мүлiктi заңдастыруға («тазартуға») жол бермеу мақсатында 
өзге де қаржылық бақылау шараларын бекітетін нормаларды әзірлеу 
үшін жағдай жасалды. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестаттау мен 
қызметте жоғарылату және мемлекеттік қызметте ілгерілету туралы 
мәселенi шешу кезiнде оларды арнайы тексерудiң мiндеттiлiгi енгізілді 
[5].
Сонымен бірге аталған кезеңде басты артықшылық ретінде екі 
құрамдас бөлік атап көрсетілді: 
а) ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өсуін және 
олардың өзара байланысты болуын, күшеюін болдырмау;
б) еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
95
негіздеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қаупінің деңгейі айқын 
болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тоқтаусыз құқықтық іс-
шаралар қабылдаудың қажеттігі.
Осыған байланысты, 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте
17 жеке құрам болды – 176-баптың 3-бөлігі г) тармағы, 177-баптың 
3-бөлігі г) тармағы, 177-1-баптың 3-бөлігі б) тармағы, 192-баптың 
2-бөлігі в) тармағы, 193-баптың 3-бөлігі а) тармағы, 209-баптың 3-бөлігі
а) тармағы, 226-1-баптың 3-бөлігі б) тармағы, 307-бап, 308-баптың 
4-бөлігі в) тармағы, 310-315-баптар, 380-бап, 380-1-баптың 2-бөлігі
в) тармағы, 380-2-бап [6].
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 
сыбайлас жемқорлыққа 21 қылмыс құрамы жатқызылды: 189-баптың 
3-бөлігі 2) тармағы, 190-баптың 3-бөлігі 2) тармағы, 215-баптың 
2-бөлігі 3) тармағы, 216-баптың 2-бөлігі 4) тармағы, 217-баптың 3-бөлігі
3) тармағы, 218-баптың 3-бөлігі 1) тармағы, 234-баптың 3-бөлігі
1) тармағы, 249-баптың 3-бөлігі 2) тармағы, 307-баптың 3-бөлігі
3) тармағы, 361-бабы, 362-баптың 4-бөлігі 3) тармағы, 364, 365, 366, 367, 
368, 369, 370, 450-баптар, 451-баптың 2-бөлігі 2) тармағы және 452-бап 
[7].
Осылайша, Қазақстан егемендік алуымен қатар барлық қоғамдық 
жүйенің өзгеру кезеңіне енді. Сонымен бірге мемлекеттік нысандарды 
жаңарту процесіне, меншікті бөлу және қайта бөлу процесінен, 
экономиканы заңдастырудан, қаржылық, салықтық, кедендік және 
т.б. салалардағы реформалардан өтті. Заңнама базасы экономикалық 
өзгерістерге ілесе алмай, заңдар бір-біріне қайшы келетін тұстар 
жиі кездесті. Бұлардың барлығы сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтарды жасауға ықпал етті. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күресті күшейту бойынша түбегейлі іс-шаралар керек болды, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы олқылықтарды жою, әртүрлі 
нормативтік құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мықты нормативтік құқықтық 
базасын құру қажеттігі туындады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар кеше-
нінің қажеттігін сезіне отырып, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес бойынша кешендік сипатқа ие іс-шараларды жүргізе бастады. 
Олар қылмысқа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру және қылмыстық жол-
мен жиналған капиталды «жылыстату» бойынша мемлекеттік іс-шаралар 
жүйесінің құрамдас бөлігін құрайтын болды және оны заңдастыруға 
жол бермеуге бағытталды, осы сәттен бастап екінші кезең – 1998– 
2000 жылдар кезеңі басталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының екінші 
кезеңін 1998 және 2000 жылдар аралығына жатқызуға болады. Осы 
кезеңде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте 
тигізетін қауіптілік деңгейіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес институтының жұмыс істеу әдіснамасы мен әдістерін анықтау 
қажеттігі туындады.
Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау 
және арнайы органдардың әдістері мен құралдарын қолдану керектігі 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
96
туындады, яғни осындай әлеуметтік қауіпті тудыратын себептермен емес, 
тек оның салдарларымен күресу қажет болды. 
1998 жылы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып, 
жаңа экономикалық байланыстар орнатылды, экономикалық қызметке 
сәйкес келетін заңнама әзірленіп, қабылданды. Оларға қол жеткізу үшін 
қажетті мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Екінші кезеңде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат 
әзірленіп, сыбайлас жемқорлық себептерін зерделеу бойынша ғылыми 
зерттеулерге талдау жүргізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес бойынша халықаралық және отандық арнайы институттардың 
тәжірибелері кеңінен қолданыла бастап, халықаралық ынтымақтастық 
дамыды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
практикалық іс-шараларын әзірлеу жүзеге асырылды, Қылмысқа және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұзақмерзімді стратегия 
және заманауи талаптар мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 
жаңа нормативтік құқықтық актілер әзірленді.
Екі негізгі заң: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» [8] 
және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды [9]. «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестегі басты құқықтық және әдіснамалық негіз 
болды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
заң қабылданып, сыбайлас жемқорлық анықтамасы берілді, сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің мақсаттары мен 
қағидаттары бекітілді.
Заңда сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық 
субъектілері нақты белгіленген. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылық субъектілеріне мемлекеттік функциялар мен 
оларға теңестірілген функцияларды орындайтын тұлғалар жатады. 
Олар – мемлекеттік қызметшілер, судьялар, Қазақстан Республикасы 
Парламентінің депутаттары мен мәслихаттардың депутаттары. Сонымен 
бірге заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуге уәкілетті 
органдар шеңбері айқын анықталып, сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықты жасағаны үшін заңдық жауапкершілік белгіленген. 
Аталған заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған 
баптардың ерекше маңыздылығы атап көрсетілген. Заңның 2-тарауында 
қаржылық бақылау туралы, мемлекеттік функцияларды орындаумен 
сәйкес келмейтін қызмет туралы, жақын туысқандармен бірлесіп 
қызмет атқаруға жол бермеу туралы, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай 
туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік туралы 
ережелер қамтылған.
Заң дегеніміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған барлық 
кезекті нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламалардың 
заңдық және әдіснамалық базасын білдіреді. Аталған заңның мәні мен 
маңыздылығы, оның сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтарға қарсы кезекті әрі жүйелі күресті жүзеге асырудағы 
рөлі уақытпен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында қол 
жеткізілген нәтижелермен расталады.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
97
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін осындай 
заңнамалық базаны қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықты 
этикалық ауытқулардың болуы және тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық 
жауапкершілікке әкелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау 
ретінде қарастыруға мүмкіндік берілді.
1998 жылдан бастап әділет органдары сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ жағымсыз себептермен 
жұмыстан шығарылған адамдарды есепке алуды жүргізе бастады. Бұл 
мемлекеттік қызметке оған дейін сыбайлас жемқорлық қызметке қатысты 
болған адамдарды қабылдамау үшін іріктеу құралы болып табылды. 
Екінші кезеңде мемлекет 1999–2000 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы негізінде 
[10] сыбайлас жемқорлық процестерінің мемлекет пен қоғам өміріне 
тигізетін деструктивті ықпалын барынша азайту үшін жүзеге асырылуы 
тиіс мақсаттар мен міндеттерді қалыптастырды.
Мемлекет мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жоспарлы 
түрде Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын 
жүзеге асыруға кірісті, осылайша, үшінші кезең – 2001–2004 жылдар 
кезеңі басталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы бойынша 
үшінші кезең 2001–2004 жылдар аралығында өтті. Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес мәселелері бойынша жүйелі әдіс-тәсілдің болуы аталған 
кезеңнің ерекшелігі болып табылды.
Үшінші кезеңде мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске 
жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша 
ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстар жалпы жүйелік және 
кешендік сипатқа ие болды. 
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік 
саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. «2001–
2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 
мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлыққа сәйкес [11], сыбайлас 
жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүйелі әрі бірізді сипатқа ие 
болды. Осылайша, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының 
бір бөлігін өңірлер мен жеке секторға кезең-кезеңмен беру арқылы 
олардың функцияларын біртіндеп орталықсыздандыру жүзеге асырылды, 
монополия саласы қысқартылды және мемлекеттік қызметтер көрсету 
саласындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалды, халыққа 
қызмет көрсету кезінде «бір терезе» қағидаты енгізілді. «Мемлекеттік 
сатып алу туралы» Заң [12] және Қазақстан Республикасының Әкімшілік 
құқық бұзушылықтар туралы кодексі [13] қабылданды.
2002 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің 
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік 
қызметшілердің қызмет этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия 
құрылды [14]. Комиссия қызметінің мақсаттары сыбайлас жемқорлыққа 
және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына 
қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің 
жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісімді іс-шараларды 
әзірлеу және қабылдау болып табылады. 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
98
Комиссия Мемлекеттік басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес мәселелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, 
жемқорлыққа қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша 
ұсыныстарын енгізеді.
Аталған орган үнемі жемқорлыққа қарсы күрес жағдайына мониторинг 
жүргізіп және талдау жасап отырады, азаматтар мен заңды тұлғалардың 
өтініштерін, жауапты мемлекеттік лауазымдарды иеленген адамдардың 
жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы 
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды, мемлекеттік 
қызметшілердің этиканы бұзу жағдайларын қарастырады және олар 
бойынша уәкілетті адамдарға қызметтік тергеп-тексеру жүргізу, тәртіптік 
жаза қолдану туралы ұсынымдар дайындайды, облыстардың, Астана және 
Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің қызметтерін үйлестіреді.
Бұл комиссияның 2004 жылы 1 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігіне 
ұсынған шешімі маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, Трансұлттық 
қылмысқа қарсы БҰҰ Конвенциясына (2000 жылғы 15 қараша), сондай-
ақ «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып 
қою және тәркілеу туралы» (Страсбург, 1990 жылғы 8 қараша), «Сыбайлас 
жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» (Страсбург, 
1999 жылғы 27 қаңтар) халықаралық конвенцияларға Қазақстанның 
қосылу процесін жеделдету ұсыныстары жасалды. Бұндай шешімдер 
мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы 
толыққанды әрі жан-жақты халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысын 
көрсетті. 
2002 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының алғашқы 
Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді [15]. 2001 жылғы 
13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Соттардың 
сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық 
істерді қарау практикасы туралы» нормативтік қаулы қабылдады 
[16], ол «сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс», «лауазымды 
тұлғалар», «сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс субъектілері», 
«ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар», «мүліктік игіліктер мен 
басымдықтар» (ескі редакцияда) және және т.б. ұғымдарға қатысты даулы 
мәселелерді нақтылауда белгілі бір шекті бұзып өтетін қазіргі құқықтық 
дискурс болып табылады.
2004 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экономикалық 
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі 
(қаржы полициясы) туралы ереже бекітілді [17]. Ережеге сәйкес, Агенттік 
экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, 
сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық 
және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың 
алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша 
салааралық үйлестірудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат берушi 
функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық 
атқарушы органы болып табылды. 2004 жылғы 20 қаңтарда «Сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа 
тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу туралы» Нұсқаулық басылып 
шықты [18].


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
99
2005 жылғы шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 
және қылмыс үшін талапты күшейтетін өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген болатын. Заңның 10-бабы 4-тармағы 6-2) тармақшамен 
толықтырылды, онда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам 
мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген қағида бекітілді. Сонымен 
бірге өзгерістердің ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігіне мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыбайлас 
жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жазаларын мерзімінен 
бұрын алуды келісу өкілеттігін беру көзделді. Осындай өзгерістер мен 
толықтыруларға сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 
тәртіптік кеңестері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді. 
2001–2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген 
жағымды нәтижелермен бірге мынадай құқықтық сәйкес келмейтін 
тұстар да болды.
Біріншіден, заңнамалық актілердегі құқықтық олқылықтар мен 
сілтеме нормаларының көп болуы мемлекеттік органдардың жекелеген 
лауазымды адамдарға көптеген өкілеттік беретін ведомстволық актілерді 
қабылдауына мүмкіндік берді. Бұл әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық 
шарттармен және келісімдермен одан әрі біріздендіруді талап етті.
Екіншіден, алдағы уақытта әкімшілік рәсімдерді, ең алдымен салық 
және кеден қағидаларын жеңілдету қажет болды. Сыбайлас жемқорлықты 
азайту үшін олар қарапайым, түсінікті және жалпыға мәлім болуы тиіс. 
Ақпараттар мен құжаттамаға қойылатын талаптарды барынша жеңілдету 
қажеттігі туындады.
Үшіншіден, 
адами 
ресурстарды 
басқарудағы 
тиімділіктің 
жеткіліксіз болуы орын алды. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтардың сот практикасын талдау барысында кінәлі адамдардың 
көпшілігі төмен буындағы мемлекеттік қызметшілер қатарына жататынын 
көрсетті. Олардың еңбекақы көлемі және әлеуметтік қорғалмауы 
сыбайлас жемқорлық үшін экономикалық бастауы болып табылды. 
Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың 
туындау себептеріне мониторингтің жүргізілмеуі. Сыбайлас жемқорлық 
факторлары мен тетіктерін қадағалап отырудың қажеттілігі, оның деңгейі 
мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың 
тиімділігін талдау мониторингтің енгізілуін қажет етті.
Бесіншіден, осы кезең тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы саясаты мәселелері бойынша азаматтық қоғамның хабардар болуы 
мен белсенділігінің тиісті деңгейінің болмағанын көрсетіп отыр. Соның 
аясында азаматтық қоғам институттарының аталған бағдарламаны 
жүзеге асыруға қатысу тетіктерін қалыптастыру, жұртшылықтың 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы жөнінде хабардар болуы 
үшін жалпыға қолжетімді және тиімді рәсімдерін енгізу талап етілді.
Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы 
халықаралық ынтымақтастық деңгейінің жеткіліксіз болуы. Осыған 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
100
байланысты, құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастық 
нысандарын кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және 
заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға қарсы іс-қимыл 
саласындағы халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының 
қосылуы бойынша жұмыстарды белсендендіру қажеттілігі артты [19].
Осылайша, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте 
мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам институттарының 
жауапкершілігін арттыруға баса назар аудара бастады. Бұған дейін 
ескерілмеген пәрменділік пен нәтижелілік, жүзеге асырушылық 
(атқарушылық), атаулылық (жауапкершілік), сабақтастық, тұрақтылық, 
кешенділік және жүйелілік секілді ұғымдар енгізілді. Сонымен бірге 
бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше рөл беріледі, 
олардың жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы 
мемлекеттік саясатты кеңінен объективті түрде жариялап, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы заңнаманы белсенді насихаттауға және түсіндіруге, 
қоғам ішінде қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау жағдайын 
қалыптастыруға арналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайына жан-жақты талдау 
жүргізіліп, бірқатар тұжырымдар жасалды. Атап айтқанда, құқық 
қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, экономикалық процестерді, 
шаруашылық етуші субъектілердің қызметін құқықтық реттеу саласында 
бірнеше жаңа заңдар қабылдау, қолданыстағы заңнамаға сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған 
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі туындады. 
Яғни, үшінші кезеңде мемлекет екінші кезеңде ескерілмеген 
кемшіліктерді айқындады, жемқорлық көздерін және оның алдын алу 
бойынша практикалық іс-шараларды белгіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының төртінші 
кезеңі – 2005–2014 жылдар. Қазақстанды жеделдетілген экономикалық, 
әлеуметтік және саяси жаңғырту контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес. 2005 жылдың ақпаны мен 2014 жылдың шілдесі аралығында 
мемлекет жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру 
жолында тұрды. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес бойынша бұған дейін қабылданған іс-шаралардың жеткіліксіз 
екені айқындала бастады. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, 
жекешелендіру процесінің ашықтығын күшейту, мемлекеттік сатып алу 
және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары 
салаларында шешім қабылдау мақсатында бірқатар заңнамалық актілер 
қабылданды. Оның ішінде бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі мен 
ашықтығы қағидаттары негізінде электрондық мемлекеттік сатып алу 
бойынша да заңнамалық актілер болды [20].
Сонымен қатар кедендік рәсімдерді жүзеге асырудың айқын тәртібі 
әзірленді. Онда жүктерді кеден шекарасынан өтетін жерлерде ғана 
ресімдеу және бұл ретте іргелес мемлекеттердің шекара арқылы 
тасымалданатын, оның ішінде транзитті жүктерді сүйемелдеуге арналған 
бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану қарастырылды. Жемқорлыққа 
жағдай жасайтын факторларды кешендік зерттеу жүргізіліп, меншік 
құқығын қорғауға кепілдік беретін іс-шаралар әзірленді. 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
101
Азаматтардың құқықтары мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін 
олардың қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының 
заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдануда, оларды 
тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Рұқсаттар мен мемлекеттік 
қызметтер алу рәсімдерін жеңілдету үшін электрондық үкімет пен 
электрондық-сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. Азаматтар 
мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ерекше бақылауға 
алынды. 
Ерекше аспект ретінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сапасын 
жетілдіруге бағытталған мемлекет жұмысын айтуға болады, аттестаттау 
жүргізіледі, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос лауазымдарға 
орналасуы үшін конкурс өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша 
шаралар әзірленуде. 
Мемлекеттің бұндай әрекеті төртінші кезеңде сот жүйесі, мемлекеттік 
сатып алу саласындағы ашықтықты күшейту бойынша іс-шаралар жүзеге 
асырылғанын көрсетеді, яғни сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды 
жоюға бағытталған және профилактикалық сипатқа ие жоспарлы әрі 
жүйелі іс-әрекеттер іске асырылды.
Сыбайлас жемқорлық жаңғырту процестері жолындағы кедергімен 
қатар жағымсыз, елді кері тартатын құбылыс болып табылады. Ел 
Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл әрі аяусыз 
күресуді жариялады. Сонымен бірге онымен күрес бүкілхалықтық іс 
екенін айтты.
Осылайша, 2005 жылдың 14 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар 
қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы күшіне енді. Онда 
мемлекеттің сыбайлас жемқорлықты жеңуге арналған стратегиялық 
бағыты көрініс тапты. Жарлықта жекешелендіру, мемлекеттік сатып алу 
және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары 
және және т.б. салаларында шешімдер қабылдау процестерінің 
ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесі мен нақты 
қадамдар қарастырылды. Аталған Жарлық мемлекеттік органдардың 
бақылау-қадағалау функцияларын реттеуге, лицензиялық-рұқсат 
жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыстарды аяқтауға, 2006 жылы 
Қазақстанның барлық өңірлерінде «бір терезе» қағидаты бойынша 
халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру жөніндегі іс-шараларды 
қабылдауға бағытталды. 
Осы Жарлыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 
үшін жағдай туғызатын нормалардың болу-болмауына қатысты 
қолданыстағы нормативтік құқықтық кіші заң актілеріне тексеру 
жүргізілді. Бұндай тексерулер аясына 1991–2004 жылдар аралығында 
қабылданған және әділет органдарында тіркелген 5 126 қолданыстағы 
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері қамтылды. Тексеру 
барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын 
немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 
келмейтін нормаларды қамтитын 230 нормативтік құқықтық акті, оның 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
102
ішінде, 35 Үкімет қаулылары, 41 ведомстволық бұйрық және 154 жергілікті 
мемлекеттік органдардың қаулылары мен шешімдері айқындалды [21].
Мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу, олардың мәртебесіне 
байланысты шектеулерді сақтау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігі 
қамтамасыз етілді, іскерлік қасиеттері мен кәсібилігіне негізделген 
қабылдау және ілгерілету қағидаттарын енгізу процесі басталды.
2005 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бекітілді [22].
Transparency International («Халықаралық жариялылық») халықаралық 
үкіметаралық ұйымының пікірінше, Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің қабылдануы сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтар жасау үшін алғышарттардың жолын кесуге тиімді 
әсер етті.
Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғау 
саласындағы серпілісті жағдай ретінде Ар-намыс кодексіне, егер 
мемлекеттік қызметшінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты негізсіз 
жария айыптаулар айтылса, ол тиісті түрде бұл айыптауларды теріске 
шығаратын ақпаратты табуы тиіс деген норманың енгізілуін атауға 
болады.
2005 жылдың 8 шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 
болатын, онда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың 
мемлекеттік қызметке кіруіне тыйым салатын нормалар қарастырылды, 
саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау институты енгізілді
бұлардың барлығы халыққа және ұйымдарға тікелей мемлекеттік 
қызметтер көрсету деңгейінде жемқорлықтың алдын алудың тиімді 
құралы бола білді.
Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәслихаттар 
бекіткен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды. Жемқорлыққа 
қарсы күрес мәселесі облыстарда, Астана және Алматы қалаларында 
әкімдіктердің отырыстарында, сондай-ақ облыстардың құқық қорғау 
органдарының және оларға теңестірілген прокурорлардың жанындағы 
үйлестіру кеңестерінде қарастырылды. Тәртіптік кеңестер қабылдаған, 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жазалау 
туралы шешімдердің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл мәселесінде тәртіптік кеңестердің қызметін үйлестіруді күшейту 
мақсатында олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 
агенттігінің қарауына берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық та дамыды. Шет 
мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, арнайы қызметтерімен, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық 
үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды 
орнату және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді [23].
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2004 жылғы 14 желтоқсандағы кеңестік тобының бірауыздан қабылдаған 
шешімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына енгізілді. Халықаралық 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
103
ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдері еліміздің сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы саясатын оң бағалады, сондай-
ақ республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы атап өтілді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл 
жоспарына сәйкес, 2005 жылдың 20-21 қазанында Парижде кеңесу 
тобының кездесуі болып өтті, онда Қазақстандағы және Ресей 
Федерациясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері 
бойынша заңдық-құқықтық және институционалдық база туралы 
ақпарат ұсынылды [24].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивті шара – еліміздің барлық 
өңірлерінде жұмыс істейтін «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа 
қызмет көрсету орталықтары болып табылады.
Сонымен, 2006–2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламада инвестициялық 
жобаларды, құрылысты және республикалық маңызы бар автокөлік 
жолдарын қайта жөндеуді, ауыл шаруашылығы, шағын және орта 
кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінген қаржылық 
шығындардың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған 
іс-шараларды қамтыды [25]. Сондай-ақ аталған іс-шаралардың ішінде 
мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде жеке және заңды 
тұлғалардың мүдделерін көздейтін тұлғалардың қызметінің жолын кесу 
бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, құқықтық базаны жетілдіру 
мәселелері де қамтылды. 
Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған іс-шаралар 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы Қаулысымен 
бекітілген, 2006–2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар 
жоспарында да көрініс тапты. Аталған жоспарға сәйкес, Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы саясат әртүрлі өмір сүру саласында сыбайлас 
жемқорлықтың туындауына ықпал ететін және мемлекеттік қызметшіні 
сыбайлас жемқорлық іс-қимыл жасауға итермелейтін себептер мен 
жағдайларды азайту тұрғысынан мемлекет пен қоғамның жан-жақты әрі 
кезекті іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыруды көздеді.
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында «электрондық 
үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 
мақсатында бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыстар 
жүргізілді, нәтижесінде ұйымдар мен халықтың мемлекеттік қызметшімен 
байланысы қысқартылып, сыбайлас жемқорлық көлемі төмендеді [26].
2007 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір 
заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін 
жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы қабылданған болатын. Бұл Заң бойынша
32 қылмыс құрамы Қылмыстық кодекс бойынша сыбайлас жемқорлық 
ретінде сарапталады. Пара алу бойынша қылмыстық жауапкершілік 
қатаңдатылды. Мысалы, егер оған дейін лауазымды адамға пара алғаны 
үшін бостандығынан айырудың барынша ұзақ мерзімі бес жылды 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
104
құраса, енді он бес жылға дейін көбейді. Пара алудағы делдалдық үшін 
санкциялар күшейтілді – айыппұл орташа есеппен үш есеге (екі мыңға 
дейінгі ең төменгі есептік көрсеткіш), бас бостандығынан айыру төрт 
жылдан алты жылға дейін көбейді. Аса ірі көлемде пара алғаны үшін 
қылмыстық жауапкершілік (екі мыңнан аса АЕК) көзделді, онда барынша 
көп санкция 10 жылдан 15 жылға дейін. Жаңа Заң заңсыз жолмен 
алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру, кәсіпкерлік 
қызметке заңсыз қатысу, жалған кәсіпкерлік және басқа да қылмыстардың 
сыбайлас жемқорлық құрамы секілді қылмыстарды айқындау бойынша 
құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. 
Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет 
туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. 
Қоғамдық қауіпсіздік белгісі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтарды шектеу және оған құқықтық салдарды сәйкестендіру 
үшін алғаш рет заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін лауазымды 
адамдардың әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сыбайлас жемқорлық 
қылмыс жасаған адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарда 
кез келген лауазымды атқаруына өмір бойына тыйым салу енгізілді. 
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық 
жасауын тоқтататын факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылық жасаған немесе осы себептен жұмыстан шығарылған 
адамдарды мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысқа қабылдағаны 
үшін жұмыстан шығару болып табылады. 
Президенттің бастамасы бойынша еліміздің өңірлерінде «Нұр Отан» 
партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. 
2008 жылғы 4 мамырда «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы қабылданды [27]. Осы Конвенцияға қол қоюдағы 
мақсат сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған неғұрлым 
тиімді және пәрменді шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу, 
ынталандыру, жеңілдету мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және 
оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты қолдау, оның ішінде 
заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару бойынша шаралар қабылдау 
болып табылады. Конвенцияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 
жөніндегі, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жария сатып 
алу және көпшілік қаржыны басқару, сондай-ақ қоғамның сыбайлас 
жемқорлықтың алдын алуға қатысуы бойынша іс-шаралар кешені 
қарастырылған. Конвенцияда көзделген шаралардың бірі, сыбайлас 
жемқорлық қылмыскерлердің Қазақстаннан қашып кетуге және шетелде 
жасырынуға тырысуының мүмкін еместігі болып табылады. Сыбайлас 
жемқорлық қылмыс үшін заң бұзушы адамға БҰҰ-ның сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қосылған әлемнің 147 елінде бірден 
жауап беруіне тура келеді, өйткені, ол өзара құқықтық көмек беруді және 
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды беруді егжей-тегжейлі 
регламенттейді.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
105
2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері 
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы қабылданды [28], ол сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігін 
қатаңдатуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жағдай 
жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған. 
Заңда декларацияны тапсыру міндетті болып табылса да, жылдық 
жиынтық табыс туралы декларация тапсырмай, салықтарды және басқа да 
бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік 
қарастырылған.
Заңда салық есептілігін тапсырмағаны үшін, оның ішінде адамдар тобы 
алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылық жасаған үшін жауапкершілік белгіленген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, Заңда 
ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық 
ұйымның) мүддесі үшін лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны 
үшін, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның
кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін жауапкершілікті енгізу 
қарастырылған. 
Сонымен қатар Заңда айыппұл санкцияларын көбейту арқылы 
сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік 
күшейтілген және мүлікті тәркілеу институтын енгізу көзделген. 
Сондай-ақ Заңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу қарастырылған, олар 
қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін, мемлекеттік функцияларды 
орындауда уәкілетті жеке тұлғаларға немесе оларға теңестірілген 
тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік органдар 
мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының айыппұл санкцияларын 
өсіру арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны және заңсыз 
кірістер алғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Заңда ұйымдарды басқару функцияларын орындайтын бірқатар 
тұлғалар, мемлекеттің үлесі (кемінде 35 %, бұл кем дегенде 50 %) жарғылық 
капиталында ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, 
сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына берілген мемлекеттік 
функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестіру; заңсыз жолмен 
алынған, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған 
ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастырғаны үшін мүлікті 
міндетті тәркілеуді енгізу ұсынылады.
Бұдан басқа, Заңда нормативтік актілер арасындағы коллизияларды, 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін 
әкімшілік заңнаманың нормаларын реттеуде кемшіліктерді жою 
мақсатында, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік қызмет туралы және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы қолданыстағы 
заңнамаға сәйкестендіру ұсынылады. 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
106
Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қатал жауапкершіліктің қажеттілігі 
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық 
саясат тұжырымдамасында көзделген [29].
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның [30] «Рұқсаттар 
және хабарламалар туралы» Заңның [31] қабылдануымен мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдай жасалды, 
рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды.
2014–2020 жылдарға арналған құқық қорғау жүйесін одан әрі 
жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасында құқықтық тәртіп 
органдарына деген сенім деңгейін көтеруге, мінсіз мінез-құлқымен 
және жоғары құзыреттілік деңгейімен ерекшеленетін персоналды 
қалыптастыруға бағытталған шаралар қарастырылған [32].
Бағдарлама құқық қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер спектрін 
кеңейтуді және стандарттауды, сондай-ақ олардың сапасын арттыру 
бойынша шараларды көздейді. Одан әрі дамыту мәселесі құқықтық 
тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен 
өзара іс-қимылының жаңа нысандарына ие болады. Құқық қорғау 
қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, 
соның ішінде қылмыстық қудалау органдарының жұмысын бағалаудың 
жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген. Сот актілерін мәжбүрлеп 
орындаудың тиімді жүйесін құру және сот-сараптама қызметін бір 
органға шоғырландыру болжанады.
Осылайша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түрлі 
өмір салаларында сыбайлас жемқорлықты туындататын және мемлекеттік 
қызметшіні сыбайлас жемқорлық әрекет жасауға итермелейтін себептер 
мен жағдайларды барынша азайту бойынша мемлекет пен қоғамның 
жан-жақты және дәйекті шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруды 
көздейді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 
бесінші кезеңі 2014 жылғы тамыздан басталады. 2014 жылғы тамызда 
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа сәйкес [33], 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, оған мемлекеттік 
қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету 
сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар 
мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, 
ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы 
атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыру бойынша 
өкілеттіктер берілді. 
Осылайша, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық 
қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік орган құрды. 
Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеруге және мемлекеттік 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
107
аппарат тазалығы мониторингінің мәселелерін реттеуге арналумен қатар, 
сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу, сыбайлас жемқорлық 
қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары да берілді. 
Бұл ретте, алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган 
үшін басым бағыт болып табылады. 
Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бесінші 
кезеңінің басталуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, 
мемлекеттік қызмет көрсету сапасы стандартын жетілдіруге және 
әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды, бұл сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес саласындағы жүйелі саясатты көрсетеді.
Әкімшілік, қылмыстық заңнама жетілдірілді, сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған превентивті-репрессивті 
шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты.
Қазақстан мемлекеті дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы 
мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
ісінде айқын оң үрдістер байқалды.
Жоғарыда аталған Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015-
2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы 
анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 
алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін
алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның 
деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған. 
Стратегия елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы 
жағдайын талдауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін 
негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты іс-
шараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды.
Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік қызмет 
көрсету сапасын, қоғамның мемлекет институттарына сенім деңгейін, 
азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениеті деңгейін арттыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін 
жақсарту болуы тиіс.
Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 
негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл;
2) қоғамдық бақылау институтын енгізу;
3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл;
4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты 
ескерту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Осы бағыттар шеңберінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа 
заңдар күшіне енді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V [34], «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы [35], 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
108
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V 
[36], «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 401-V Заң [37], олар «сыбайлас жемқорлық» түсінігін анықтауға және 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқын 
ажыратуға, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылықтың 
екі түрі үшін жауаптылықты: қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты 
қарастыруға, мемлекеттік қызметтің барлық субъектілерінің қызметіне 
азаматтық бақылау жүйесін енгізуге, азаматтардың жария ақпаратқа 
еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 
Айта кету керек, бұрын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 
Заңның мазмұнында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тізбесі 
қарастырылып, олар сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық 
бұзушылықтар болып бөлінген болатын. Оларға мыналар жатқызылды: 
басқа да мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың қызметіне 
заңсыз араласу, аталған адамдардың не олардың жақын туыстары 
мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен 
байланысты мәселелерін шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін 
пайдалану, мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға кірген 
кезде және ілгерілету барысында заңда көзделмеген артықшылықтарды 
(тамыр-таныстық, сыбайластық) ұсыну, шешімдер дайындау мен 
қабылдауда заңсыз артықшылық көрсету және өз өкілеттіктерін 
пайдалануға байланысты өзге де бұзушылықтар. 
2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге өз табыстарымен 
қатар шығыстарын мәлімдеу міндеті жүктелетін болды.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік 
органдар мен квазимемлекеттік және жеке секторлардың халыққа 
қызмет көрсетуі кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету бойынша 
жұмыстар жалғасатын болады.
Сот төрелігін, заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету 
саласында сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету, құқық 
қорғау органдарының кадр саясатына меритократия қағидаттарын 
және конкурстық іріктеу тетіктерін енгізу жөніндегі іс-шаралар кешені 
қарастырылған.
Бұл ретте, аталған органдар қызметінің, оның ішінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының басымдықтары қылмыстар 
мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертуге ауыстырылған. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, 
енді оқу орындарында, мемлекеттік органдарда, тұрғындар арасында 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды оқыту курстарын құру және 
өткізу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 
мемлекеттің қабылдайтын іс-шараларды жариялауға бұқаралық ақпарат 
құралдарын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жемқорлыққа 
қарсы 
іс-қимыл 
саласындағы 
халықаралық 
ынтымақтастықты дамыту халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-
қимылды күшейтуге жәрдемдесетін болады, соның ішінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық 
ұйымдарға қатысу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибенің 
үздік үлгілерін пайдалану арқылы ықпал етеді.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
109
Бұл ретте, халықаралық ұсыныстар мен стандарттарды енгізу кезең-
кезеңімен жүзеге асырылады, мемлекеттің оған деген дайындығының 
дәрежесі, қолданыстағы ұлттық құқықтың ерекшеліктері мен оның 
қолданылуының қалыптасқан практикасы ескеріледі, қолданыстағы 
нормативтік құқықтық институттардың әлеуеті мен мүмкіндіктері 
пайдаланылады.
Стратегияда көзделген іс-шараларды іске асыруға міндетті түрде 
мониторинг жүргізу қажет, ол екі түрлі болады: ішкі, іс-шараларды тікелей 
орындаушы өткізетін және сыртқы, арнайы құрылған мониторингтеу тобы 
жүзеге асыратын, оған тиісті мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың 
және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Іс-шаралардың 
орындалуы туралы есеп қоғам назарына жеткізілетін болады [38].
Жазаның бұлтартпастығы қағидаты табысты іске асырылуда. 
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған 
лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы 
бойынша жауап береді. 
Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас 
жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті 
қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте 
іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 
адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым 
салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына
өмір бойы тыйым салу енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен 
табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі [39], басшылардың дербес сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі 
нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген 
маңызды ұғым бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің 
жауаптылығын күшейте отырып, олардың әлеуметтік кепілдіктері де 
жетілдірілуде.
Кезең-кезеңімен, жүйелі түрде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің 
еңбекақысын арттыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік хал-
жағдайын көтеруге және адал әрі әділ негізде өз міндеттерін орындау 
үшін оларға жағдай жасауға арналған.
Сот жүйесіне сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге баса назар аударылады. 
Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін 
жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру 
бойынша іс-шаралар қабылданды.
Барлық жерде ақпаратқа қол жетімділік артты, бұған электрондық 
үкіметті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік 
және жеке құрылымдардың интернет-ресурстары ықпал етті.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы еш кедергісіз 
уәкілетті органдарға хабарлауына, соның ішінде сенім телефондары мен 
мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы хабарлауына жағдай 
жасалды.
Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
110
сапалы және жылдам мемлекеттік қызмет алуын қиындататын әкімшілік 
кедергілер жойылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сыртқы 
бақылау мен тиімділігін бағалау жүйесі қалыптастырылды.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету 
мерзімдерін бұзудың (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге өсті) және 
оларды көрсету сапасына шағымдардың жыл сайынғы саны азайды (25 
%), сондай-ақ автоматтандырылған қызмет үлесі (2 еседен астам) және 
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің 
үлесі (51 %) артты.
Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артып, 
бәсекелестік ортаны, бюджет қаражатын ашық және тиімді игеруді 
қалыптастыруға ықпал етті.
Экономиканың мемлекеттік емес секторында кәсіпкерлік қызметті 
жүргізу, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету 
үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанның 
жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде 
және ТМД елдері арасында көшбасшы орындардың біріне орналасуына 
мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай 
төмендететіні белгілі, қоғамдағы демократиялық қайта құруларды жүзеге 
асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне залал келтіреді. Бірақ ең 
бастысы – қоғамның демократиялық негіздеріне адамдардың сенімін, 
заң мен әділдікке сенімін, сайып келгенде – билікке деген сенімін бұзады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың 
стратегиялық басымдылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық 
пен көлеңкелі экономиканың мәселелерімен қарқынды жұмыс соңғы 
уақытта көптеген зерттеушілердің пікірінше, қылмыстық заңның қатыгез 
санкцияларына сүйенетін «жазалаушы операциялардың» өзі бұл 
құбылыстардың шиеленісуіне әкеледі. Сыбайлас жемқорлыққа және 
көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тәжірибесі көрсеткендей, тіпті анық 
әзірленген превентивті іс-шаралар жүйесі кейде жеткіліксіз болады.
Жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың деңгейін барынша 
азайту үшін кешенді тәсілді пайдалану қажет. Мемлекеттік деңгейде 
күрес тиісті заңдарды қабылдау, қосымша жазалау құралдарын енгізу, 
әкімшілік ресурсты пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа, көлеңкелі 
экономикаға және терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық 
ынтымақтастық аясында күш-жігерді біріктіру, мемлекеттік билік 
органдарының жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен 
өзара іс-қимылы бойынша мақсатты жұмыс дегенді білдіреді.
Қызмет көрсету саласын реформалауды, мемлекеттік қызметтің 
ашықтығын кеңейтуді сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі 
экономикаға қарсы күрестің неғұрлым айқын мақсаттары деп мойындау 
керек. Шенеуніктер жалақысының төмен деңгейі, қаржыландырудың 
жабық болуы немесе тіпті құпиялылығы сыбайлас жемқорлықтың 
ең елеулі талаптары болып табылмайды. Сыбайлас жемқорлық заңға 
негізделген кезде, заңның өзі оның пайда болуына ықпал еткен жағдайда 
әлдеқайда маңызды.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
111
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономиканың 
мәселесін қағазбастылықсыз шешуге бағытталған кешенді саяси-
құқықтық реформа, азаматтық құқықтарды іске асырудың рұқсатнамалық 
тәртібінен өтініш берушіге көшу нәтижесінде ғана жүзеге асырылуы 
мүмкін. Мұндай болмаған жағдайда кез келген реформалар, тіпті заң 
тұрғысынан ең кемелді заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
әмбебап құралына үміттене отырып, жемқорлар үшін және жалпы 
алғанда бюрократия үшін ең үздік сыйлық болады. 
Мемлекет қабылдаған іс-шаралардың дұрыстығы мен тиімділігі 
Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы өзінің 
беделін жоспарлы түрде арттыруымен, экономикасы мен халықтың әл-
ауқатын көтеруімен расталады.
Осы тараудың келесі параграфында сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңдық жауапкершілік институтын 
тікелей қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет