Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың тәсілі Орындаған: Игілікова Г. Ж. Бт-31



бет3/3
Дата26.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#499880
1   2   3

ASM-800 ДНҚ синтезаторы

  • Инсулиннің А және В тізбегін кодтайтын ДНҚ қысқа фрагменттерін, бір тізбекті олигонуклеотидтерді ДНҚ-синтезаторы көмегімен химиялық синтезде алуға болады (сур. 31). Бұл препарат клапандар мен насостар жүйесінен құралған, нақты белгілі бағдарлама бойынша реакциялық қоспаға нуклеотидтер мен реагенттерді енгізеді, нәтижесінде өсіп бара жатқан нуклеотидтер тізбегіне қажетті мономерлі бірліктерді қосуын қамтамасыз етеді. Биологиялыққа қарағанда ДНҚ-ның химиялық синтезі барысында тізбектің 5-штрих гидроксильді соңына әрбір жаңа нуклеотидті біріктіруге (қосуға) болады. Осындай барлық реакциялар компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған бір реакциялық колонкада бір ізділікпен өтеді.

Рекомбинантты инсулин алу технологиясы келесі сатылардан өтеді:

  • - А және В тізбектерді кодтайтын ДНҚ-ның химиялық синтезі;
  • - осындай нуклеотидтер қатары E.coli-діңбета-галактозидаза ферментінің жарты молекуласын кодтайтын lacZ геніне ендіріледі, lacZ ген pBR322 плазмида құрамында кездеседі;
  • - әр бір lacZ геномы және А (немесе В) тізбегі бар плазмиданы E. сoli бөлек штамдарына ендіреді;
  • - өндіруші штамдарды екі бөлек биореакторларда дақылдандырады – трансформацияланған E. coli ковалентті байланысқан рекомбинантты нәруыздар молекуласын (А немесе В-тізбектері) түзетін химерлі нәруыздар мен эшерихийлердің өзіндік нәруыздары;
  • - бөліп алынған химерлі нәруыздарды метионин қалдығы бойынша нәруыздарды ажырататын бромцианмен өндейді. Әрі қарай А және В тізбектері бета-галактозидаза фермент нәруызынан ажыратылады да тазартылады;
  • - тазартылған А және В тізбектерін дисульфидті байланыспен қосады, инсулиннің екі тізбекті биологиялық активті мономері алынады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Мұхаметжанов, К.М.,Биғалиев, А.Б. Молекулалық биология мен генетикалық инженерия: Оқу құралы, 1991-89 б.
  • Б.Бұралхиев Жануарлар биотехнологиясы: Алматы-2009-64 б.
  • http://lektsii.com/
  • www.google.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет