Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың тәсілі Орындаған: Игілікова Г. Ж. Бт-31



бет2/3
Дата26.04.2024
өлшемі0.56 Mb.
#499880
1   2   3

Инсулин, бөліп алу технологиясы

  • Инсулиннің бірінші препараттары жануарлар текті болды. 1922 жылдан бастап диабет емдеуіне шошқаның және бұқаның инсулині қолданылды. Технологиясы ұйқы безден инсулин-нәруызды экстракциялауына негізделген болатын (ұйқы бездің 800-1000 кг-нан 100 грамм кристалды инсулин алынатын).

Ұйқы безде инсулин синтезі келесі жолмен өтеді

  • Лангерганс клеткаларының рибосома ЭПР преинсулин деген бастауыш пептиді синтезделінеді. Ол 110 амин қышқылды қалдықтардан құралған полипептидті тізбегі және бір ізділікпен орналасқан: Сп-пептид, А-пептид, C-пептид және В-пептид. ЭПР синтезінен кейін бірден осы молекуладан сигнальды (Сп) пептиді – 24 амин қышқылды қатары ажыратылады, ЭПР гидрофобты липидті мембранадан синтезделген молекула өтуіне қажет. Гольджи комплексіне тасымалданатын проинсулин пайда болады, онда жартылай протеолиз жүреді – проинсулин молекуласынан А және В тізбегін қосатын 31 амин қышқылды фрагменті – С-пептидін арнайы эндопептидаза көмегімен кесіліп алынады. Секреторлы гранулаларда инсулин цинк иондарымен қосылып кристалды гексамерлі агрегат түзеді. 51 амин қышқылды қалдықтары бар осындай нәруыз дисульфидті көпірмен байланысқан екі А және В полипептидті тізбектерден құралған.

Ірі қара малдың инсулині адамдікінен үш амин қышқылды қатармен ажыратылады, шошқанікі – біреу, сондықтан науқас организмінде осындай пептидтерге қарсы антиденелер түзілуі мүмкін.

  • Ірі қара малдың инсулині адамдікінен үш амин қышқылды қатармен ажыратылады, шошқанікі – біреу, сондықтан науқас организмінде осындай пептидтерге қарсы антиденелер түзілуі мүмкін.
  • Қазіргі уақытта гендік-инженерлік технологиясы, бактериялардың (E. coli), ашытқылардың (Saccharomyces cerevisiae) және т.б. рекомбинантты штамдар көмегімен алынған адамның инсулин препараттары қолданылады.
  • Алғашында А және В тізбектердің синтезі, E.coli рекомбинантты штамдардың бір клеткасында сигналды және дәнекерлік пептидтер синтезі технологиясы өнделді (сур.30). Сонымен қатар, адам инсулині генін клондау және экспрессиялау барысында прокариоттарда препроинсулин түзілді (бактериялық клеткаларда процессингі жоқ), ал олардың активтілігі болмайды. Әрі қарай препроинсулиннен көп сатыларда қажетті ферментпен өндеп инсулин алуға болады, бірақ бұл өте күрделі және қаражатты биохимиялық процесс болып келеді.
  • Осы себептен E.coli клеткасынан гендік-инженерлік инсулин алу технологиясы мүлдем өзгертілді. Алдымен химиялық жолмен А-тізбекті және В-тізбекті кодтайтын кДНҚ – екі нуклеотидті қатарлар бөлек синтезделінеді. Әрі қарай оларды бөлек екі векторлы плазмидаға енгізеді, соңғылары екі әртүрлі E. сoli штамдарын трансформациялайды. Осындай кДНҚ фрагменттерде сигнальды (Сп) және дәнекерлік (С) пептидтерді кодтайтын нуклеотидті қатары жоқ. Гендік модификацияланған E. coli бөлек дақылдандырады, кейін дақылдық ортадан инсулиннің рекомбинантты нәруыздарын - А және В тізбектерін бөліп алады, оларды химиялық реакцияда дисульфидті байланыспен біріктіреді, таза биологиялық активтілігі жоғары инсулин алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет