Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы


Жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлімшелерінің



бет20/25
Дата25.06.2016
өлшемі2.79 Mb.
#157899
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Жедел медициналық жәрдем станциялары мен бөлімшелерінің
үлгі штаттары және штат нормативтері
      Жедел медициналық көмек станциялары мен бөлімшелерінің үлгі штаттары және штаттық нормативтері мына кестеге сәйкес белгіленеді: 





Лауазымдардың атаулары

Лауазымдар саны

1. Дәрігерлік қызметкерлер

1

Басшының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары

бас дәрігердің лауазымын қоса алғанда, станцияның штатында 35-тен кем емес дәрігерлік лауазым болған жағдайда 1 лауазым

2

Басшының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Астана, Алматы қалалары және облыстық орталықтар үшін

3

Кіші станция меңгерушісі – жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері

кіші станцияға 1 лауазым

4

Жедел бөлімнің меңгерушісі

шақыртуларды беру және қабылдау посттарының саны және 10-нан кем емес станцияда келіп түскен шақыртулар саны 250 мыңнан кем емес болған жағдайда 1 лауазым

5

Бөлім меңгерушісі – жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері

жылына шақырту саны 5 мыңнан кем болмаса 1 лауазым, егер бас дәрігердің орынбасары лауазымы енгізілмесе

6

Жылына станцияға шақырту саны бойынша жедел және шұғыл медициналық көмектің аға дәрігері:

20-дан 100 мыңға дейін – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
100-ден 200 мыңға дейін – тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост;
200 мыңнан көп - тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост;
шақырту саны 30 мыңнан көп подстанцияға 1 лауазым

7

Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері

жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санитариялық автомобильдің жұмысын ауысымына 1 пост.

8

Психиатр-дәрігер

тұрғын саны 100 мыңнан астам қалаларда 250 мың адамға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост, бірақ тәулік бойы 1 посттан кем емес (санитариялық автомобильдердің тиісті саны болған жағдайда)

9

Кардиолог-дәрігер, невропатолог-дәрігер, анестезиологиялық-реанимациялық топтардың анестезиолог-реаниматолог дәрігері, интенсивті терапия жедел жәрдем дәрігері

тиісті мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша санитариялық автомобильдерінің ауысымына 1 пост; мамандандырылған автомобильдерді енгізу автомобильдердің жалпы санынан 25%-ға дейін

10

Статист-дәрігер

шақырту саны 100 мыңнан кем емес станцияға 1 лауазым

11

Психолог-дәрігер

шақырту саны 500 мыңнан астам станцияға 1 лауазым

2. Орта медициналық қызметкерлер

1

Басшының бас фельдшер, бас мейірбике, мейірбикелік іс жөніндегі орынбасары

станцияға 1 лауазым, бұл лауазым станцияның аға фельдшері лауазымының орнына енгізілуі

2

Аға фельдшер

шақырту саны жылына 10 мыңнан кем емес станцияға 1 лауазым

3

Шұғыл бөлімнің аға фельдшері

бөлімнің шақыртуларды қабылдау және жіберу бойынша посттар саны 10-нан кем емес станцияда

4

Шақыртуларды қабылдау және оларды бригадаға жіберу жөніндегі мейірбике немесе фельдшері

30 мың шақыртуға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост, бірақ станцияда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан кем емес;
кіші станцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
шақырту саны жылына 30 мыңнан астам подстанцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост

5

Жедел және шұғыл медициналық көмек мейірбикесі немесе фельдшері

7-тармақта көзделген дәрігерлер лауазымдарына сәйкес (шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі дәрігерлердің лауазымынан басқа) немесе дербес;
ауылдық әкімшілік ауданға қызмет көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост

6

Мамандандырылған жедел және шұғыл медициналық көмек мейірбикесі немесе фельдшері

8-9-тармақта көзделген дәрігерлер лауазымдарына сәйкес (анестезиолог-реаниматолог дәрігерінен басқа);
мамандандырылған бригадалар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост

7

Психикалық науқастарды тасымалдау жөніндегі мейірбике немесе фельдшер

тұрғындары 250 мыңнан астам қалалардағы санитариялық автомобильдер жұмысының ауысымына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен

8

Анестезиологиялық-реанимациялық топтардың мейірбике-анестезисті, фельдшері

2 бөлімнің 9-тармағына сәйкес анестезиолог-реаниматолог дәрігері лауазымы есебінен 2 лауазым енгізіледі

9

Станцияға жылына шақырту саны мынадай медициналық статист:

25 мыңнан астам – 1 лауазым,
25-тен 100 мыңға дейін - 1-2 лауазым,
100 мыңнан астам - 2 лауазым,
әр бір келесі 100 мың шақыртуға қосымша 1 лауазым

10

Емдеуге жатқызу бөлімінің анықтама үстелінің медициналық тіркеушісі

шақырту саны жылына 200 мыңға дейін станцияға тәулік бойы 1 пост, 200 мыңнан жоғары 2 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост

11

Жедел медициналық көмек бригадаларының медициналық жәшіктерін толықтыру жөніндегі мейірбике бөлмесі немесе фельдшер

мыналар есебінен:
шақырту саны жылына 30 мыңға дейін станцияларда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
кіші станцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;
шақырту саны жылына 30-дан 50 мыңға дейін подстанцияға – тәулік бойы жұмыс істейтін 1-2 пост;
шақырту саны жылына 50 мыңнан астам кіші станцияға тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост

12

Залалсыздандыру бөлімшесінің мейірбикесі

көпсалалы ауруханалардағы стерилизациялау бөлімшелерінің штат нормативтері бойынша.

13

Мұрағаттың фельдшері немесе мейірбикесі

әрбір 100 мың шақыртуға 1 лауазым есебінен;

14

Дезинфектор

шақырту саны жылына 25 мыңнан астам станцияға 1 лауазым

3. Кіші медициналық қызметкерлер

1

Санитар

сәйкес лауазымдарға:
2 бөлімнің 7 және 9-тармақтарда көзделген дәрігерлер (шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі дәрігерілердің лауазымынан басқа);
2 бөлімнің 6 және 7-тармақтарда көзделген мамандандырылған мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер;
2 бөлімнің 8-тармақта көзделген дәрігер-психиатрдың әр бір лауазымына 1-2 лауазым

2

Шаруашылық-бикесі

шақырту саны жылына 30 мыңнан астам станцияда (подстанцияда) 1 лауазым

4.Фармацевтикалық қызметкерлер

1

Провизор

шақырту саны жылына 300 мыңнан астам станцияда 1 лауазым

2

Фармацевт

шақырту саны жылына станцияда:
25-тен 75 мыңға дейін – 1лауазым;
75-тен 150 мыңға дейін – 2 лауазым;
150-ден 250 мыңға дейін – 3 лауазым;
250 мыңнан астам - әр бір келесі 100 мың шақыртуға қосымша 1 лауазым

      1. Шақырту саны жылына 100 мыңнан астам станцияның штатына денсаулық сақтауды басқару органдарының қарауымен медициналық және фармацевтикалық құрамның қосымша лауазымдары енгізілуі мүмкін.


      2. Санитариялық автомобильдердің жұмыс ауысымының саны және олардың ұзақтығы станцияның бағыныстылығы жөніндегі денсаулық сақтау органымен белгіленеді.
      3. 1 постқа лауазымдар санын анықтау санитариялық автомобиль жұмысының ауысымы жылдық жоспардың сағат санын жұмыскерлердің (дәрігерлер, фельдшерлер және тағы басқалар) жұмыс уақыты жылдық бюджетіне бөлу арқылы жүргізіледі.
      4. Бір санитариялық автомобиль 10 мың тұрғын есебінен енгізіледі.
Денсаулық сақтау ұйымдарының
үлгі штаттары мен штат     
нормативтеріне 7-қосымша   
Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық–емханалық
бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарының
әкімшілік-шаруашылық және жалпы ауруханалық қызметкерлері мен
емханалық бөлімшелерінің үлгі штаттары мен штат нормативтері
      Стационарлық көмек көрсететін және амбулаториялық–емханалық бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық және жалпы ауруханалық қызметкерлері мен емханалық бөлімшелерінің үлгі штаттары мен штат нормативтері мына кестеге сәйкес белгіленеді: 





Лауазым атауы

Лауазымдар саны

1

Басшы (бас дәрігер, директор, бастық)

әр ұйымда 1 лауазым. Төсек саны 30-ға дейінгі ұйымдарда бұл лауазым бір дәрігерлік лауазымның орнына 30-дан 50-ге дейінгі төсектік ұйымдарда 0,5 дәрігерлік лауазым орнына белгіленеді

2

Басшының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары

100 және одан көп төсектік ұйымдарда 1 лауазым

3

Басшының шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары

1 лауазым:
cтационары бар облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында;
дәрігерлік лауазымдар саны 100 бірліктен жоғары ұйымдарда немесе 150 және одан жоғары төсектік ұйымдарда шаруашылық бөлімі бастығының орнына

4

Шаруашылық бөлімнің бастығы

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медицина ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдар саны 50 бірліктен жоғары немесе 80-100 және одан көп төсектік ұйымдарда 1 лауазым

5

Шаруашылық меңгерушісі

1 лауазым:
оқшауланған үй-жайда орналасқан 20-дан астам дәрігерлік лауазымдары бар әр емханаға;
оқшауланған үй-жайда орналасқан кемінде 60 төсек бар әр стационарлық бөлімшеге (бөлім тобына)

6

Басшының сапа жөніндегі орынбасары

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медицина ұйымдарында және қызметкерлерінің саны 600-ден астам ұйымдарда кадр бөлімі бастығының орнына 1 лауазым

7

Кадр бөлімінің бастығы

қызметкерлерінің саны 200-ден 600-ге дейінгі қалалық және аудандық ұйымдарда кадр жөніндегі инспектор лауазымының орнына 1 лауазым

8

Кадр жөніндегі маман, кадр жөніндегі инспектор (аға инспектор)

200 қызметкерге 1 лауазым, бірақ ұйымда 1 лауазымнан кем болмауы тиіс. Кадр жөніндегі аға инспектордың лауазымы кадр жөніндегі инспектор лауазымының орнына енгізіледі. Кадр жөніндегі аға инспекторлар лауазымдардың саны инспекторлардың жалпы санының 50%-ынан аспауы тиіс

9

Кеңсе меңгерушісі

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың ұйымдарда және қызметкерлерінің саны 600 ден асатын ұйымдарда 1 лауазым

10

Іс жүргізуші

облыстық, қалалық және орталық аудандық ұйымдарда 1 лауазым

11

Хатшы машинист

әрбір ұйымда 1 лауазым

12

Жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдарының саны 150 бірліктен асатын ұйымдарда 1 лауазым

13

Экономист

2 лауазым:
облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медициналық ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдардың саны 100 бірліктен асатын ұйымдарда;
дәрігерлік лауазымдардың саны 50 бірліктен асатын орталық аудандық ұйымдарда
1 лауазым:
дәрігерлік лауазымдардың саны 10-нан 50-ге дейінгі ұйымдарда

14

Қаржы жұмысы жөніндегі экономист

сметаларының жылдық көлемі бюджеттік және бюджеттен тыс шығыстар 60000 АЕК-ке дейін болғанда 1 лауазым;
сметаларының жылдық көлемі бюджеттік және бюджеттен тыс шығыстар 60000 АЕК-тен астам болғанда 2 лауазым (оның ішінде осы ұйым қаржыландыратын ұйымдар бойынша)

15

Кітапхана меңгерушісі

250 және одан да көп төсектік ұйымдарда кітапхашаны лауазымының орнына 1 лауазым. Перзентханаларда, инфекциялық және тері-венерологиялық ұйымдарда бұл лауазым белгіленбейді.

16

Кітапханашы (перзентханаларда, инфекциялық және тері-венерологиялық ұйымдарда бұл лауазым белгіленбейді)

250 және одан көп төсектік (190 және одан көп төсектік ОАА) кітапханасы бар ұйымдарда 1 лауазым;
100-250 төсектік балалар ауруханалары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған госпитальда 0,5 лауазым

17

Инженер

250-600 төсектік ұйымдарда 1 лауазым;
600-ден астам төсектік ұйымдарда 2 лауазым. Осы лауазымдарды есептеу кезінде орталық аудандық ауруханалар үшін, сондай-ақ осы үлгілік штат бойынша инженерлер мен техниктер лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

18

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері жөніндегі инженер

қызметкерлерінің саны 100-ден 1000 дейінгі ұйымдарда 1 лауазым;
қызметкерлерінің саны 1000-нан астам ұйымдарда 2 лауазым.
Осы лауазымдарды есептеу кезінде орталық аудандық ауруханалар үшін осы үлгілік штат бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері жөніндегі инженері лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

19

Метрология жөніндегі инженер

облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың орталық қалалық медицина ұйымдарында және дәрігерлік лауазымдардың саны 150 бірліктен астам ұйымдарда 1 лауазым

20

Медициналық техникаға қызмет көрсету жөніндегі инженер

100-350 төсектік ұйымдарда 1 лауазым;
350-ден астам төсектік ұйымдарда 2 лауазым;
1000-нан астам төсектік ұйымдарда 3 лауазым;
оңашаланған үй-жайда орналасқан 60 және одан көп дәрігерлік лауазымы бар ұйымның құрамына кіретін әр емханаларға. Лауазымдарды есептеу кезінде сонымен қоса осы үлгілік штат бойынша инженер лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

21

Медициналық техникаға қызмет көрсету жөніндегі техник

50-ден 100-ге дейінгі төсектік ұйымдарға 1 лауазым. Лауазымдарды есептеу кезінде сонымен қоса осы үлгілік штат бойынша техник лауазымы рұқсат етілмейтін ведомостволық бағыныстағы ұйымдардағы төсектер саны есепке алынады

22

Оттегі жөніндегі техник

реанимация және анестезиология бөлімшелері бар 250 және одан көп төсектік стационарлардағы тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост
интенсивті терапия палатасы бар 250-ге дейінгі төсектік стационарларда 1 лауазым

23

Заң кеңесшісі

1 лауазым:
облыстық және орталық қалалық және аудандық ауруханаларда;
наркологиялық, психоневрологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық және облыстық, қалалық (150 мыңнан астам халқы бар қалаларда) бағынысты туберкулезге қарсы диспансерлерде;
арнайы мәжбүрлеп емдеу медициналық ұйымдарында;
250 және одан көп санды төсектік қалалық ауруханаларда;
жаңа туылған балаларға арналған бөлімдері бар қалалық балалар ауруханасында;
20 мың және одан көп халыққа қызмет көрсететін емханаларда. Аз мөлшерде қызмет көрсетілген кезде көрсетілген лауазым 20 мың халық есебінен енгізіледі;
перзентханаларда, 5 және одан көп дәрігерлік лауазымы бар әйелдер консультацияларында. Әйелдер консультацияларында дәрігерлік лауазымның саны аз болған жағдайда, белгіленген лауазым стационарда 190 төсектен кем болмаған кезде енгізіледі;
әйелдер консультацияларында 5 дәрігерлік лауазымнан кем емес және стационары 100-180 төсектік перзентханаларда 0,5 лауазым

24

Кір жуатын бөлме меңгерушісі

арнайы киімдерді жуу жөнінде 6 машинистен кем емес рұқсат берілетін ұйымдарда 1 лауазым

25

Қойма меңгерушісі

қоймаға қамбашы лауазымының орнына 1 лауазым, бірақ ұйымға 4 лауазымнан көп емес

26

Жабдықтау жөніндегі агент

150-600 төсектік ұйымдарда 1 лауазым;
600-ден астам төсектік ұйымдарда 2 лауазым

Денсаулық сақтау ұйымдарының


үлгі штаттары мен штат     
нормативтеріне 8-қосымша   
Амбулаториялық-емханалық бөлімшелері жоқ және стационарлық
көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының
әкімшілік-шаруашылық және жалпы ауруханалық қызметкерлерінің
үлгі штаттары мен штат нормативтері
      Амбулаториялық-емханалық бөлімшелері жоқ және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-шаруашылық және жалпы ауруханалық қызметкерлерінің үлгі штаттары мен штат нормативтері кестеге сәйкес белгіленеді:





Лауазым атаулары

Лауазымдар саны

1

Басшы (бас дәрігер, директор, бастық)

әр ұйымда 1 лауазым. Төсек саны 40-қа дейінгі ұйымдарда бұл лауазым бір дәрігерлік лауазыммен бірге, 40-тан астам 60-қа дейін төсек саны 0,5 дәрігерлік лауазымның орнына белгіленеді
45 орынға дейінгі балалар үйінде бас дәрігер лауазымы 1 дәрігерлік лауазымның орнына, 45-тен астам 65-ке дейін орынға 0,5 дәрігерлік лауазым орнына белгіленеді.
Хосписте басшының босатылған орны 30 және одан көп төсек болғанда белгіленеді

2

Басшының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары

1 лауазым:
150 және одан көп төсектік аурухана ұйымдарында (мамандандырылған ауруханаларда – 200-ден көп);
100 және одан көп төсектік перзентханаларда;
200 төсектен көп санаторийлерде, ал балаларға арналған санаторийлерде 150 және одан көп төсектік (балалар үйіндегі орындар)

3

Басшының шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары, шаруашылық бөлім бастығының орнына

1 лауазым:
150 және одан көп төсектік мамандандырылған ауруханаларда;
100 және одан көп төсектік перзентханаларда;
100 және одан көп төсектік ересектерге және балаларға арналған санаторийлерде;
150 және одан көп төсектік басқа да медицина ұйымдарында

4

Шаруашылық бөлімінің бастығы

100-150-ге дейін төсектік ұйымдарда 1 лауазым

5

Шаруашылық меңгерушісі

1 лауазым:
50-150 және одан көп төсектік балалар ауруханаларында;
50-100 төсектік перзентханаларда;
100-200 және одан көп төсектік мамандандырылған ауруханаларда;
100-250 және одан көп төсектік санаторийлерде

6

Басшының кадр жөніндегі орынбасары, кадр бөлімінің бастығы, кадр жөніндегі аға инспектор, кадр жөніндегі инспектор

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 7-қосымшаның 7 және 8-тармақтарына сәйкес ескерілген нормативтер бойынша

7

Кеңсе меңгерушісі

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 7-қосымшаның 9-тармағына сәйкес көзделген нормативтер бойынша

8

Іс жүргізуші

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 7-қосымшаның 10 және 11-тармақтарында көзделген нормативтер бойынша

9

Экономист

150 төсектікке 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем және 4-тен астам емес. Құрамында амбулатория, фельдшерлік акушериялық пункт, денсаулық сақтау пункттері бар емдік профилактикалық ұйымдарда осы құрылымдық бөлімшелерінің әр 50 лауазымға қосымша 0,25 лауазым белгіленеді

10

Қаржылық жұмыс жөніндегі экономист

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне 7-қосымшаның 14-тармағында көзделген нормативтер бойынша

11

Кітапхана меңгерушісі

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне
7-қосымшаның 15-тармағында көзделген нормативтер бойынша

12

Кітапханашы

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне
7-қосымшаның 16 тармағында көзделген нормативтер бойынша

13

Инженер, метрология жөніндегі инженері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, медициналық техникаға қызмет көрсету жөніндегі инженер немесе технигі, оттегі жөніндегі техник

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне
7-қосымшаның 17 - 22-тармақтарында көзделген нормативтер бойынша

14

Заң кеңесшісі

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне
7-қосымшаның 23-тармағында көзделген нормативтер бойынша.
Әрбір хосписке, мейірбике күтімі ауруханасына 1 лауазым

15

Кір жуатын бөлме меңгерушісі, қойма меңгерушісі, жабдықтау жөніндегі агент

осы денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне
7-қосымшаның 24 және 26-тармақтарында көзделген нормативтер бойынша

Денсаулық сақтау ұйымдарының


үлгі штаттары мен штат     
нормативтеріне 9-қосымша   
      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.27 № 55 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет