Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде стоматологиялық клиникалардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет5/7
Дата24.12.2023
өлшемі277.38 Kb.
#487819
1   2   3   4   5   6   7
№96

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде стоматологиялық клиникалардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-тарау. Cтоматологиялық көмек көрсетудің басталуына стоматолог-дәрігерді, медицина және медициналық емес персоналды даярлау
1. Ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен COVID-19 бойынша карантин уақытында профлактикалық іс-шаралардың сақталуына жауапты адам айқындалады.
2. Клиниканың қызметкерлері COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолдану алгоритмі жөнінде нұсқау жүргізеді.
3. Бақылау журналына тіркей отырып, клиника қызметкерлеріне күніне 2 рет температурасын өлшеу, күнделікті сұрау, қарап-тексеру және арқылы тұрақты медициналық бақылау орнатылады.
4. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
5. Клиникадан тыс жұқтыруға қатысты барынша профилактикалық шараларды сақтауға қатысты қызметкерлерді мұқият бақылайды.
2-тарау. Стоматологиялық көмек көрсетілгенге дейін пациенттерді сұрыптау жөніндегі іс-шаралар
6. Респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері бар кез келген пациент ықтимал инфекция жұқтырған адамдар, яғни COVID-19 инфекциясының көзі ретінде түсіндірілуі тиіс.
7. Қабылдауға алдын ала жазылу тек телефон арқылы жүргізіледі, оның барысында мұқият сұрау жүргізіледі. Әрбір пациентке клиникаға келген кезде пациент қол қоятын сауалнама толтырылады. Сауалнаманы пациенттің медициналық картасына желімдейді немесе электрондық медициналық картаны жүргізген кезде клиниканың тіркеу орнында сақтау керек.
8. Тіркеуші/әкімші қабылдауға жазу кезінде пациентке респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері болған жағдайда жедел жәрдемге жүгіну қажет екенін ескертеді және стоматологиялық клиника COVID-19-дың таралуының профилактикасы үшін қабылдауды тоқтатуға құқылы.
9. Шұғыл немесе жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету үшін пациенттер клиникаға бару кезінде жанаспайтын термометрия және сауалнамаға сәйкес пациенттің жалпы жағдайын бағалау жүргізіледі.
10. Пациентті қабылдауға жазу кезінде пациентті қабылдауға дейінгі және одан кейінгі кабинетті өңдеу уақытын және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) ауыстыруды міндетті түрде ескеру қажет.
11. Пациентке, мысалы, кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балаларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, егде жастағы пациенттерге көмек қажет болған жағдайларды қоспағанда, күтулер мен стоматологиялық кабинеттің үй-жайларда еріп жүретін адамдардың болуына тыйым салынатыны туралы пациенттерге ескертіледі.
12. Егер стоматологиялық ем алатын пациенттерге еріп жүретін адамына рұқсат етілген жағдайда, олар пациентті тіркеу уақытында COVID-19 белгілері мен симптомдарына тексерілуі тиіс және егер кез келген респираторлық симптомдары немесе COVID-19 симптомдары (қызба, жөтел, ентігу, тамақтың ауруы) болса, клиникаға кірмейді. Осы қосымшаға сауалнама еріп жүретін адамға да толтырылады.
13. Пациенттің стоматологиялық кабинетке кіруі бахилада және медициналық маскада жүзеге асырылады. Егер пациентте медициналық маска болмаса, оған кіреберісте медициналық маска беріледі, сондай-ақ кіреберісте пациент қолын антисептикпен өңдейді.
14. Респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері бар пациентке стоматологиялық көмек көрсету кезінде пациентке және ұйымның қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша COVID-19-ға тексеріледі. Респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері бар пациентті қабылдау тоқтатылады.
3-тарау. Стоматологиялық клиниканы пациенттерді қабылдауға дайындау бойынша шаралар
15. Қолда бар ЖҚҚ - хирургиялық маскаларға, хирургиялық халаттарға, медициналық қолғаптарға, бетке арналған қорғаныш экрандарына, антисептиктерге және дезинфекциялау ерітінділеріне түгендеу жүргізіледі. Есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне, персоналдың саны мен пациенттерді 7-10 күн мерзімге қабылдау кестесіне қарай азаймайтын қорын қамтамасыз ету керек.
16. Келушілердің ұстауы мүмкін және дезинфекциялау қиын/мүмкін болмайтын журналдар, жарнамалық материалдар, ойыншықтар және басқа да заттар күту аймағынан алынып тасталады.
17. Холлдың, стоматологиялық кабинеттің көрнекті жерінде пациенттерге тыныс алу гигиенасы, жөтелу әдебі және әлеуметтік қашықтық бойынша нұсқау беру үшін ақпараттық материалдар орналастырылады. Осы материалдардың беті өңделеді.
18. Стоматологиялық кабинеттердегі көрнекі орынға ЖҚҚ-ны кию, шешу, қолды жуу бойынша нұсқау беру үшін ақпараттық материалдарды басып шығару және орналастыру керек.
19. Жұмыс режимі клиниканың ауқымы мен тұжырымдамасына байланысты.
Клиника/кабинет креслолардың санына байланысты жұмысты күту уақытында пациенттердің байланысын және араласуын болдырмайтындай етіп ұйымдастырады.
Егер стоматология үй-жайы бөлек кіруді ұйымдастыра алмаса және сүзгіні оқшаулай алмаса мыналар қамтамасыз етіледі:
- қызметкерлер штатын ең аз санға дейін қысқарту - клиника "бір пациент - бір дәрігер - бір ассистент" жабық клиника қағидаты бойынша жұмыс істейді;
- қабылдау уақытын, қабылдағаннан кейін кабинетті өңдеуді ескере отырып, пациенттер арасында тиісті аралық жасай отырып, жазба жүргізу - 20 минуттан кем емес, бұл атқарылған жұмыс көлемімен анықталады.
Көлемі үлкен клиникаларда, тіркеу орнында пациенттер арасындағы 2 метр қашықтықты қамтамасыз ету үшін 20-30 минут аралықпен пациенттердің өтуінің әтүрлі ағымдарын анықтау.
20. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етіледі - персонал мен келушілерге арналған есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, жабдықтарды, үстелдерді, санитариялық тораптарды дезинфекциялық сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау.
21. Кіреберістерде, барлық кабинеттер мен үй-жайларда: қолға арналған антисептиктері бар дозаторлар орнатылады, санитариялық бөлмелер сұйық сабыны бар дозаторлармен, бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен жабдықталады. Санитариялық тораптарда және тіркеу орнында қолданылған маскаларға арналған медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинау және кәдеге жарату контейнерлерін (ҚБСУ) орнатылады.
22. Үй-жайларды кварцтау:
әрбір пациентті қабылдағаннан кейін кемінде 30 минут экспозициямен барлық үй-жайларда бактерицидті шамдар пайдалану, тұрақты жұмыс режимі бар рециркуляторларды пайдаланылады;
жұмыс күні аяқталғаннан кейін тіркеу орнының үй-жайларын, холлды, санитариялық торапты кейіннен кемінде 15 минут желдете отырып кварцтау жүргізіледі.
23. Үй-жайды өңдеу кезінде дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерінің шоғырлануын вирустық режим бойынша ең жоғары шамаға дейін (нұсқаулыққа сәйкес) арттыру жүргізіледі. Бұл іс-шаралар осы Ереженің VI бөлімінде жазылған.
24. Қабылдауды ұйымдастыру кезінде үй-жайларды аймақтарға бөлу.
Қабылдауды ұйымдастыру кезінде үш және одан да көп креслолардың бір мезгілде жұмыс істеуі кезінде "лас" және "таза" аймаққа шартты аймаққа бөлу қамтамасыз етіледі.
"Лас" аймаққа үй-жайлардың кіру тобы жатады (тіркеу орны, холл).
"Таза" аймаққа қалған барлық үй-жайлар жатады.
"Таза" аймақтың құрамында персоналдың киімін ауыстыруға арналған шешінетін орын, ЖҚҚ беретін бөлме көзделеді.
25. Бір рет қолданылатын ЖҚҚ-ны шешу орны ЖҚҚ-ны жинауға арналған арнайы жабық контейнерлер болған кезде қабылдау аяқталғаннан кейін оны өңдеу және кварцтау сәтіне дейін кабинет болуы мүмкін.
Жұмыс күнінің соңында барлық бір рет қолданылатын арнайы киімдер кәдеге жаратуға тапсырылады. Бірнеше рет қолданылатын арнайы киімдер COVID-19-ға қатысты белсенді дезинфекциялық ерітінділермен аэрозольдық өңдеуге жатады және арнайы киімдерді сақтауға арналған шкафқа салынады. Медицина персоналының арнайы киімі аптасына екі рет дезинфекциялық ерітіндіге малынады және жуылады, әрбір 3 күн сайын арнайы киімдер ауыстырылады.
26. Клиникада жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерді тағайындалады.
4-тарау. Пациенттің стоматологиялық клиникада болу кезіндегі іс-шаралар
27. Пациентті қабылдауға жазу кезінде респираторлық аурудың симптомдарын анықтау үшін мұқият сауалнама жүргізіледі. Респираторлық инфекция және/немесе пневмония белгілері бар кез келген пациент ықтимал инфекция жұқтырған адамдар, яғни COVID-19 инфекция көзі ретінде түсіндіріледі.
28. Пациенттер және еріп жүретін адамдарды инфекцияға қарсы күреске арналған құралдармен (антисептиктер, медициналық маскалар, бахилалар) қамтамасыз етіледі.
29. Әрбір пациентке және оған еріп жүретін адамға стоматологиялық көмек көрсету алдында температураны өлшеу жүргізіледі.
30. Стоматолог-дәрігердің кабинетінде медициналық масканы шешкеннен кейін стоматологиялық араласу алдында ауыз қуысын антисептикалық шаю арқылы өңделеді.
5-тарау. Стоматологиялық көмек көрсету кезіндегі жеке қауіпсіздік шаралары
31. Барлық меншік түріндегі стоматологиялық клиникалар пациентте инфекцияға күдіктену немесе расталған жағдайларда қолданылатын инфекциялардың профилактикасы үшін стандартты сақтық шараларын ұстанады. Стандартты қауіпсіздік шаралары мыналарды қамтиды: қол гигиенасы, ЖҚҚ-ны пайдалану; тыныс алу ағзаларын қорғау (медициналық маскалар, FFP2 (N95) немесе FFP3 (N99) респираторлары, герметикалық көзілдіріктер, бетке арналған тұтас қорғаныш қалқандары), бір рет қолданылатын қорғаныш халаттар, бас киімдер мен бахилалар, стерильді аспаптар, таза және дезинфекцияланған беттер және үй-жайлар.
Бетті жабатын тұтас қалқаншаны/көзілдірікті қан мен басқа да биологиялық сұйықтықтардың үлкен тамшысын шашыратуға немесе жан-жағына шашыратуға әкеп соқтыруы мүмкін болатын көз, мұрын және ауыздың шырышты қабықтарын қорғау мақсатында стоматолог дәрігер мен ассистент пайдаланады.
32. Қолғап әр науқастан кейін ауыстырылады.
33. ЖҚҚ-да жұмыс істеу ұзақтығы респираторлар мен маскаларды қоспағанда 3 сағаттан аспайды. Маска ылғалданған немесе ластаған кезде әрбір 2 сағат сайын ауыстыруға жатады. Бір респираторды 8 сағат бойы пайдалануға рұқсат етіледі. Респираторды шешпей бірнеше пациенттермен жұмыс жасаған кезде сол бір FFP2 (N95) немесе FFP3 (N99) респираторын киіп жүруге жол беріледі.
34. Клиникалардың әкімшілері мен әкімшілік құрамы да міндетті түрде ЖҚҚ-ны (респиратор, бір рет қолданылатын қорғаныш халаттар, бас киімдер мен бахилалар, қорғаныш көзілдіріктер) пайдаланады - ЖҚҚ ауыстыру ауысым соңында жүргізіледі.
35. Жоғарыда аталған жағдайларда персонал мен пациенттерді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, COVID-19 эпидемиясы кезеңінде стоматологиялық қабылдау жүргізілмейді.
36. Бір рет қолданылатын құрал-саймандар/шығыстар барынша пайдаланылады, көп рет қолданылатын құрал-саймандарды өңдеу режимін қатаң сақталады.
37. Стоматологиялық қабылдау кезінде көрші кабинеттер мен үй-жайлардың ауа арқылы тұқымдалуын болдырмау үшін жұмыс кабинеттерінде есік міндетті түрде жабылады.
38. Жұмыс кабинеті мен өзге де үй-жайлар арасындағы орын ауыстырулар санын жұқтырылған материалдың таралуын болдырмау үшін ең аз санға дейін төмендетеді.
6-тарау. Әрбір пациентті қабылдағаннан кейінгі шаралар
39. Әр пациенттен кейін бірнеше рет пайдаланылатын ЖҚҚ-ны (қорғаныш көзілдірік және/немесе қорғаныш қалқаншаларын) тазалау және дезинфекциялау қамтамасыз етіледі.
40. Дербестендірілмеген және бір рет қолданылмайтын жабдықтар (ұштықтар, стоматологиялық, рентгендік жабдықтар, стоматологиялық кресло және т.б.) әрбір пациенттен кейін өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес дезинфекцияланады. Ұштықтары әр пациенттен кейін термостерилизациялаумен тазартылады.
41. Бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісіне батыру арқылы дезинфекциялау және биоқалдық ретінде кәдеге жаратады.
42. Әрбір пациенттен кейін жұмыс беттеріне (үстел, кресло, медициналық жабдықтар және т. б.) және үй-жайларға қорытынды дезинфекция жүргізу, контаминацияланған ЖҚҚ-ы, арнайы киімдерді кәдеге жарату, жеке санитариялық өңдеу жүргізіледі.
43. Үй-жайды ылғалды өңдеу беттерге дезинфекциялау құралдарын бүрку әдісімен жүргізіледі. Аэрозольді өңдеу "вирустық инфекциялар кезінде" ерітіндіні еріту режимімен қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, дайын дезинфекциялау ерітінділерімен жүргізіледі.
44. Үй-жайларды кейіннен кемінде 15 минут желдетумен белгіленген режимге сәйкес кварцтау жүргізіледі.
7-тарау. Дәрігерлер мен персоналдың жұмыс күнінен кейінгі іс-шаралары
45. Медицина персоналы стоматологиялық қабылдау аяқталғаннан кейін жұмыс киімін жеке өз киіміне ауыстыру жүргізеді. Үйге келгеннен кейін медицина қызметкері аяқ киімді, жеке киім-кешегін шешеді және дереу себезгі қабылдайды. Киім-кешекті жуу отбасының басқа мүшелерінің киімінен бөлек жүргізіледі.
8-тарау. Басшылықтың міндеттері
46. Ұйымның басшылығы жоғарыда аталған барлық талаптарды орындау үшін тиісті шарттар мен ресурстармен қамтамасыз етеді, әрбір бөлім бойынша жауаптыларды тағайындайды.
47. Ұйымның басшылығы персонал мен пациенттер арасында COVID-19 таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Стоматология пациентінің сауалнамасы (COVID-19)
Мен (Т.А.Ә. (егер бар болса) ________________________________________,
туған күні, айы, жылы _____________________________________________
Байланыс нөмірі: _________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы: __________________________________________
ЖСН: ___________________________________________________________
Стоматологиялық клиникаға жүгіну себебі: ___________________________
________________________________________________________________
коронавирустық инфекция (2019-nCoV) айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне енгізілгені туралы ескертілдім.
Қолданыстағы санитариялық қағдалар мен гигиеналық нормативтерді бұзудан, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындамаудан орын алған жалған мәліметтер беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу жауапкершілікке алып келеді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында,
СІЗДЕН МЫНАДАЙ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУДІ СҰРАЙМЫЗ:

1

Сіз клиникаға жүгінгенге дейін соңғы 14 күннің ішінде оқшаулау режимінде немесе өзін-өзі оқшаулауда болдыңыз ба?

Иә
Жоқ

2

COVID-19 бойынша бақылауда болған, кейіннен ауырған адаммен соңғы 14 күннің ішінде тығыз байланыс болды ба?

Иә
Жоқ

3

COVID-19 диагнозы зертханалық расталған адаммен соңғы 14 күннің ішінде тығыз байланыс болды ба?

Иә
Жоқ

4

Сіз COVID-19 пациенттерді тестілейтін емханаға немесе медицина орталығына бардыңыз ба?

Иә
Жоқ

15 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттер үшін:
Инкубациялық кезең 2 тәуліктен 14 тәулікке дейінгіні, орташа есеппен 5-7 тәулікті құрайды.
COVID-19 үшін жіті респираторлық вирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуы тән: СІЗ соңғы 14 күннің ішінде бір немесе бірнеше симптомдарды байқадыңыз ба?

1

Дене температурасының 37.5С-тан жоғары жоғарылауы

Иә
Жоқ

2

жөтел (құрғақ немесе аздаған қақырықпен)

Иә
Жоқ

3

ентігу

Иә
Жоқ

4

шаршау

Иә
Жоқ

5

кеуде қуысының бітелу сезімі

Иә
Жоқ

6

миалгия - бұлшықеттің ауыруы

Иә
Жоқ

15 жасқа дейінгі жастағы пациентер үшін:
Балаларда инкубациялық кезең 2 күннен 10 күнге дейінгі аралықта, көп жағдайда 2 күнді құрайды. Балалардағы COVID-19 клиникалық симптомдары басқа да вирустармен байланысты жіті респираторлық вирустық инфекцияның клиникалық көрінісіне сәйкес келеді: қызба, жөтел, тамақтың ауыруы, түшкіру, әлсіздік, миалгия.
СІЗ балаңызда соңғы 14 күннің ішінде бір немесе бірнеше симптомды байқадыңыз ба?

1

дене температурасының 37.5С-тан жоғары жоғарылауы

Иә
Жоқ

2

жөтел (құрғақ немесе аздаған қақырықпен)

Иә
Жоқ

3

ентігу

Иә
Жоқ

4

шаршау

Иә
Жоқ

5

кеуде қуысының бітелу сезімі

Иә
Жоқ

6

миалгия - бұлшықеттің ауыруы

Иә
Жоқ

7

іш өту

Иә
Жоқ

Егер Сізде суық тиюдің белгілері бар болса және Сіз коронавирус бойынша қолайсыз елден келген болсаңыз немесе сол жерден келген адамдармен байланыста болған болсаңыз, Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің шешімі бойынша Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша кезек күттірмейтін көмек қызметі арқылы үйге дәрігер шақыруыңыз керек екендігіне назар аударуды сұраймыз.
Мен дұрыс ақпарат бергенімді растаймын ________________________________
(__________) Т.А.Ә. қолы. (егер бар болса)


"Денсаулық сақтау
объектілеріне қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
11-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет