Дербес компьютердің негізгі құрылғылары


Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған



бет2/4
Дата14.11.2023
өлшемі0.86 Mb.
#483211
түріҚұрамы
1   2   3   4
dk-negizgi-құrylғylary

Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан. Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған:


• Еnter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі;
• Аlt және Сtrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;
• Таb пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін колданылады;
• Еsс пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін колданылады;
• Рrint Screen — ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған;
• Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен катар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады;
• Ноmе — меңзерді жолдың басына алып келеді;
• End — меңзерді жолдың аяғына апарады;
• Delete — мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады;
• Раgе uр және Раgе Down — бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;
• Сарs lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады;
• Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.

Тышқан


Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі козғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның он немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп колданушы интерфейсінін жаңа түрі — графиктік ттерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары


Аналық тақша
Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
• процессор;
• шина;
жедел жад;
• тұрақты жад;
• слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет