«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет18/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Айтыс-УМК

Тұжырымдар
1. Шынын айтқанда, айтыстың басын көтеріп, қайта тіріліп, төрге шығуы соңғы ширек ғасырдың ішінде болды. Дәстүрлі, үзіліп қала жаздаған өнер аяғын апыл-тапыл басқан кезде түрлі қиындықтарды бастан кешті: қағазға жазып қойғанды әндетіп оқып беру, айтысшылардың ортақ сөз таппай, босқа далақтап екі жаққа шабуы, сөзге қонақ бермей, жауап айтудың орнына үйдеп жаттап келген мәтінінен сылдырлатып, сулатып оқып беруі кезеңі өтті.
2. Айтыстың жаңаша өрлеуіне ғылыми мекемелер, оқу орындары күш салды. Ғалымдар Мүсілім Базарбаев, Мырзабек Дүйсенов, Рахманқұл Бердібаев, Тұрсынбек Кәкішев те осы күрестің бел ортасында жүрді.
3. Бүгінгі айтыс дау жоқ, ең алдымен сөз сайысы, әдебиеттің бір жанрлық формасы, екінші жағынан театр, драма элементтері аса мол сахналық өнердің ерекше түрі, қалың көрермен алдында көрсетілетін спектакль, көркем ойын, қызықты шоу, бүгінгі мүмкіндер арқылы жазылып алынып, теледидар, видеодан үлкен аудитроияларға көрсетілетін, мыңдардың жүрегін жаулайтын көпшілік сипаттағы сауықтамалық өнер. Қаржысын жеке демеушілер немесе мекемелер тауып, ұйымдастыруына ондаған кәсіби қызметкерлер, режиссерлер, операторлар қатысып, таңдайынан балмен қоса зәр тамған бір топ ақынның, бір немесе бірнеше кеште бірін-бірі кейде көтермелеп, қамшылап, кейде арқаларынан таспа ала отырып, әлеуметтік, адамгершілік, көкейкесті тақырыпты жан-жақтан ашып беретін, күлкісі де, қайғысы да, үміті де бар ұжымдық зор спектакль.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент қазақ әдебиетіндегі айтыстың мазмұны, пішін ерекшелігі, қазіргі айтыстың көркемдігі мен жетістіктері туралы ұғынуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғаныстар. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2006.

  2. Қазақ өнерінің тарихы. – 3 томдық (ХIХ ғасыр және ХХ ғасырдың бірінші жартысы, III том, 1-кітап). – Алматы: «Өнер» баспасы, 2008.

  3. Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.

  4. Электронды үкімет порталы: http: //www.e.gov.kz/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет