«050205 Филология. Қазақ филологиясы» (мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)



бет24/43
Дата22.02.2022
өлшемі0.8 Mb.
#455637
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Айтыс-УМК

Тұжырымдар
1 Абай дәстүрі барлық ақынға үлкен ықпал етті. Әсіресе, Абай елінің ақындары – жер-жердің намысы үшін сөз жарыстыратын айтыскерлер ұлы ақынды пір тұтып, меншіктей сөйледі. Ұлы ақынның дәстүрін берік ұстанған, көбісі Абайдың ақын шәкірттерін ұстаз тұтқан Иса Байзақұлы, Нұрлыбек Баймұратұлы, Сапарғали мен Тәңірберген, Төлеу ақын, ел тәуелсіздігін көзімен көрген Шәкір Әбенұлы мен Қалиқандар – қазақ айтысының тарихында өзіндік орны бар, дара тұлғалар.
2. Сыр сүлейлерінің жазба айтысы ұлттық менталитетіміздің нағыз бейнесін тануға мүмкіндік беретін әдеби көркем мұралар санатына жатады деуге әбден лайық. Өкіндіретіні, ХХ ғасыр басында дүниеден өткен Сыр сүлейлерінен кейін жазба айтыстың дамымай, тіпті, жоғалтып алғанымыз. Қазіргі таңда қатары көбейген ауызекі айтыс ақындарының өресі мен өлеңі жұртшылық тарапынан аз сынға ұшырап жүрген жоқ.
3. Оңтүстік аймағындағы қазіргі жазба айтыстардың көбі ақпарат құралдарының ұйымдастыруымен өтіп жатса, Сыр бойы ақындары бұл айтысты табиғи түрде дамытып отыр. Яғни мұнда жазба айтыс өмір қажетінен туып отырғаны көрінеді. Расында да жазба айтыс адамдар арасында рухани қажеттілікке айналған жағдайда ғана қарыштап дами алады. Осындай қажеттіліктен тумаған жағдайда жазба айтыс суырып салма ақындар айтысының схемалық қайталама түріне ұқсап шыға келеді. Жазба айтыстың мән-мазмұны өмір философиясын түсіндіруге құрылған кезде ғана оның өзіне тән жанрлық ерекшеліктеріне де жан бітіп, одан әрі жарқырай түседі.
4. Торғай ақындары өлеңдi жазып та, суырып салып та шығаратын әмбебаптығымен ерекшеленедi. Қазан төңкерiсiне дейiн өмiр сүрген Уақ Жұмабай, Сейдахмет, Есенжол, Әбдiрахман, Құбаша сияқты ақындардың Торғай өңiрiндегi айтыс дәстүрiн қалыптастырып дамытуға қосқан үлестерi зор. Алайда бұл ақындардын айтыстары сақталмаған. Бiздiң қолымызға жеткенi Уақ Жұмабайдың Нұржан Наушабаевпен айтысы, Нұрғалимен айтысы, Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтiң анасы Әбiштiң Басықараның Қанапиясымен айтысы және Сейдахмет, Есенжол, Әбдiрахман, Құбаша ақындардың әр жерде суырып салып айтқан өлеңдерiнiң үзiндiлерi ғана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет