1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы


Қыртыстың нерв клеткалары және талшықтары



бет7/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология

Қыртыстың нерв клеткалары және талшықтары. Адамның жарты шарлар қыртысынң негізгі айырмашылық белгісі – оның күрделілігімен көп қабаттылығында, оның жоғарғы қабаттарында аралық нейрондардың саны өте көп.
Қыртыстағы нейрондардың негізгі 4 типін айырады: 1. Эфференттік нейрондар. Бұған пирамидалық және жіп тәрізді клеткалар жатады. Атына сәйкес пирамидалық клеткалардың формасы пирамида тәрізді келеді. Оның жоғарғы ұшынан қыртыстың беткі қабаттарына дейін жетіп тарамдалатын дендрит шығады; қысқарақ дендриттер пирамиданың негізі мен бүйір жақтарынан шығады. Аксон пирамиданың неігзгі жағынан шығып, кері кететін коллатералдар беріп, жарты шардың ақшыл затына беттейді. Қыртыстың жоғарғы қабаттарындағы пирамидалардың көлемдері кішкене келеді, ал тереңіректе орташа, үлкен және 120 мкм-ге дейін жететін алып клеткалар орналасады . Клеткалардың жоғарғы полюсінен тарамдалатын жіп тәрізді дендрит кетеді де , төменгі полюсінен аксон кетеді. Аксоны жоғары кететін нейрондар - қыртыстың терең қабаттарындағы импульстерді беткі қабаттарға жеткізеді .
Аксоны горизонталь орналасқан нейрондар - импульсті қыртыс бетіне параллель бағытта таратады. Көп тарамдалған қысқа аксонды қондырма нейрондар - импульсті көрші клеткаларға береді. Оған жататындар : жұлдызды немесе дәнді, бұта тәрізді (оның аксоны кішкентай және орташа пирамидаларды орап алады), өрмекші тәрізді клеткалар .
Қыртыстың сұр затына оның астында жатқан ақ заттан өте көп афференттік талшықтар келеді . Олардың ішінен мынадай негізгі талшықтарды айырады: a) проекциялық талшықтар - үлкен жартышарлар қыртысын мидың төмен жатқан бөлімдерімен байланыстырады б) алыс және жақын жатқан участоктарын байланыстырады, бір жарты шардан екіншісіне келетін талшықтарды комиссуральдық деп атайды. Қыртыстың эфференттік талшықтарының өздерінің ішінен проекциялық және ассоциациялық талшықтарды айырады. Бұлардың біріншісі қыртыстың төменгі қабаттарынан, ал екіншісі жоғарғы қабаттарындағы клеткалардан кетеді. Адам туғаннан кейін нерв клеткаларының саны көбеймейді деп есептеледі. Ал мидың массасының үлкеюі дендриттердің өсу есебінен жүреді. Осының нәтижесінде туғаннан кейін клеткалардың орналасу жиілігі біртіндеп азая береді: Үлкейген дендриттер клетка денелерінің арасындағы кеңістіктерді толтырып, олардың өзін біраз ығыстырады. Жасқа байланысты дендриттер құрылысында да біраз өзгерістер жүреді: оларда ерекше қалыңданған кішкене өсінділер (шипики) пайда болады. Шипиктер орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдеріне кездеседі, әсіресе олардың саны қыртыстың пирамидалы клеткаларында көп, әрі алуан формалы болып келеді. Қыртыста шипиктер туу қарсаңында пайда болып, олардың саны жасқа байланысты өсіп отырады. Шипиктер түрлі зақымдағыш заттарға өте сезімтал келеді. Мысалы мидағы қан айналу бұзылса шипиктер тез ыдырап кетеді. Дендриттің түрлі участоктерінде шипиктер санының өсіп-көбеюі белгілі аралық нейорондардан қозудың өтуін жеңілдете түседі.

6- дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет