1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы


Тақырыбы: Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы



бет3/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы
Сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесіне жалпы анатомиялық шолу.

  2. Рефлекторлық доға.

  3. Рефлекстер

Орталық нерв жүйесі әрекетінің негізгі және спецификалық көрінісі – рефлекторлық актылардың орындалуынан яғни рефлекстерден байқалады. Рефлекс дегеніміз - рецепторлар тітіркеніне организмнің нерв жүйесі қатысуында қайтаратын жауап реакциясы.
Нерв жүйесі әрекетінің рефлекторлық (латын «шағылыстыру») принципін (XVII ғ. 1648) француз философы әрі натуралисі Р.Декарт ұсынған. Оның түсінігінше, жануарлардың қандай да болмасын қозғалысы іске асу үшін «жануарлар рухы» деп аталатын өте майда, әрі жеңіл орын ауыстыратын бөлшектер мидан шағылысып бір нервтан басқа нервке өтіп, одан әрі оның қуысы арқылы етке жетіп, оны толтырып шар тәрізді пішінге келтіреді яғни ет жиырылады. Бірақ рефлексті ғылыми термин ретінде алғаш қолданып, оған қазіргі кездегі ұғымына түсінік берген (XIX – дың басында) чех физиологі Прохазка болды. Ол тіпті психикалық әрекетті де рефлекторлық принциппен түсіндіруге болады деп есептеді. Ағылшын Маршалл Голл т. б рефлекстер деп тек орталық нерв жүйесінің төменгі бөлімдерінің (жұлынның) қатысуында ғана болатын және кез келген тітіркендіруге жауап ретінде стереотипті түрде іске асатын реакцияларды есептеді. Бұл түсініктің шеңберіне симайтын басқа күрделі, сапалы (нерв жүйесінің қатысуында орындалатын) іс - әрекеттер рефлекстер туралы түсініктерді жинақтай келе, бұрын айтылмаған, жаңа сападағы, жаңа сатыдағы тұжырым жасады. «Ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде ол «Сапалы және сапасыз тіршіліктің (өмірдің) барлық актылары өздерінің пайда болу тәсілі жағынан рефлекстер болып табылады» деп жазды. Сөйтіп ол психикалық әрекеттің де рефлекторлық табиғатын мойындаған.
Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доға яғни рефлексті тудыратын қозу өтетін жол керек. Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің комплексі. Мұның синапстар арқылы өзара байланысқан афференттік, орталық және эфференттік бөлімдері бар (22- сурет) Афференттік бөлім тітіргендіргіш әсерін сезіп қабылдайтын туынды – рецептордан басталады. Одан шығатын афференттік нерв талшығы (рецепторлық клетканың өсіндісі) қозуды орталық нерв жүйесіндегі нейрондар мен синапстар комплексі қозуды эфференттік нейрондарға береді. Бұлардан шығатын эфференттік нерв талшықтары оны одан әрі тиісті жұмыс органына (эффекторға) жектізеді. Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіштер әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Бірақ, бір рецептивтік алаңнан әр түрлі рефлекстерді алуға болады, сондай – ақ бір рефлексті әр түрлі рецептивтік алаңнан алуға болады.
Ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афференттік және эфференттік нейрондардан түзіледі. Бұларды бір ғана синапс байланыстырады. Сондықтан оны моносинапстық доға деп атайды. Ахилл сіңірі (созылу) рефлексіндегі доға осындай. Бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық доғалар көп нейроннан, синапстардан түзіледі. Сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды. Бұларда қозу афференттік бөлімнен эфференттік бөлімге жеткенше толып жатқан аралық (қондырма) нейрондардан тұратын жолдан өтуі керек. Доғаның орталық нерв жүйесіндегі бөлімі аса күрделі. Ол жүлынның сегменттері мен де шектеме алады, сондай – ақ мидың әр түрлі бөлімдерін де қамтиды. Осы себептен де афференттік нерв талшығы арқылы түскен импульстер орталық нерв жүйесінде кеңінен тарала алады және қайтарылатын жауап реакцияларын тудыруға да әр түрлі нервтік құрылымдар қатыса алады. Мысалы: күшті ауырту түйсігін тудыратын әсер, орталық нерв жүйесі зақымданбаған болса, тек айтылған түйсікті ғана тудырып қоймайды, сонымен қатар біраз вегетативтік реакциялар байқалады (жүрек қызметі, тыныс алу т.б өзгереді). Осымен қатар бір түрлі рефлекстің (мысалы: ас қорыту сөлдерінің бөлінуі , тыныс алу т.б) орындалуы үшін орталық нерв жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде (жұлында, сопақша, ортаңғы, аралық миларда, ми сыңарлары қыртысында) орналасқан нейрондар қатысады. Олай болса жоғарыда берілген рефлекторлық доға туралы ұғымды жалпы әрі қарапайым схема деп түсіну керек.
Тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атайды. Бұл уақыт рефлекторлық доғаның әр трлі звенолары арқылы қозу өту ұзақтықтарының қосындысынан құралады. Бұлардың ішіндегі ең ұзағы - орталық нерв жүйесі арқылы өту уақыты (синапстық кешігу). Рефлекс орындалу үшін рефлекторлық доғаның барлық бөлімдері анатомиялық та. Физиологиялық зақымданбаған болуы тиіс.
Рефлекстерді жіктеу. Организмнің атқаратын рефлекстерінің саны да, түрі де көп. Дегенмен оларды әр түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады. Мәселен, 1) Биологиялық маңызына қарай рефлекстерді коректік, қорғану, жыныстық, бағдарлау т.б деп топтап атайды. 2) Рецепция белгісіне қарай (яғни қай рецептордың тітіркенуінен туатындығына байланысты) экстерорецептивтік (сыртқы рецепторлар тітіркенуінен алынатын), пропрорецептивтік (қаңқа еті, сіңір, буындардағы рецепторлар тітіркенуінен алынатын ) т.б деп бөледі. 3) Орындалатын реакцияның сипатына қарай және оған қатысатын органдарға байланыстырып қозғалу, секреторлық, трофикалық, тамыр, қозғағыш, висцеромоторлық т.б рефлекстерді айырады. 4) Орталық нерв жүйесінің қай бөлімінің міндетті түрде қатысатындығына байланысты да рефлекстерді жіктейді: жұлын рефлекстері - жұлын сегменттеріндегі нейрондар қатысуында орындалады; бульбарлық рефлекстер – сопақша мидың; мезенцефальдық рефлекстер - ортаңғы мидың; диэнцефальдық рефлекстер аралық мидың; кортикальдық рефлекстер - ми қыртысы нейрондарының міндетті түрде қатысуында орындалады. Бұл жерде ескеретін бір жай, орталық нерв жүйесі зақымданбай тұтас тұрғанда оның жоғарғы бөлімдерінің рефлекстеріне төменгі бөлімдер де қатысады; сондай – ақ төменгі бөлімдер (жұлын, сопақша, ортаңғы ми) іске асыратын рефлекстер кезінде қозу импульстері жоғарғы бөлімдерге (аралық ми, қыртыс асты ядролары, ми қыртысы) де жетеді. Сондықтан бұлар да тиісті дәрежеде белгілі бір рефлекстің іске асуына қатысады және осы тұрғыдан қарағанда әрбір рефлексті бүкіл организмнің реакциясы деп қарауға болады. Оның бер жағында қандай да болмасын рефлекс оңаша, басқалармен еш байланыссыз және байқалмайды. Бір орган рефлекстері басқа органдар қызметтерін өзгертеді және керісінше Мысалы: қаңқа еттерінің жиырылуына байланысты болатын қозғалу актыларының барысында барлық дерлік ішкі органдардың қызметтері жанданады.
Дегенмен, аталған рефлекстер өздеріне тиісті бөлімдер сау болған жағдайда, басқа бөлімдер қатыспаса да орындала береді. Мәселен, егер кесу арқылы бақаның миын жұлынынан ажыратса біраз уақыт (15-30 минуттай) өтіп, кесу зардабы (шоқ) аяқталған соң, оның аяғының терісіне әлсіз қышқылмен әсер етіп, немесе шымшу арқылы жұлынның өзіне тән балатын рефлекстерді алуға болады. (бүгілу, жазылу, сүрту, аймалау рефлекстері және ахиллес сіңірінен алынатын балтыр етінің жиырылуы – ахиллес рефлексі). Адамда табан терісін тітіркендіруден аяқтың басы, саусақтар рефлекторлық түрде иіледі (табан рефлексі). Тізеден ұрып санның төрт ұшты етінің сіңірін созса рефлекторлық түрде аяқ жазылады (тізе рефлексі). Бұларды да жұлын рефлексіне жатқызады. Сондай – ақ зәр шығару және дефекация (қи тастау) рефлекстері де жұлынның қатысуында жүзеге асады. Ал ему рефлекстері корнеальдық (көздің қасаң қабығына тигенде қабақтың жабылуы) рефлекс, сопақша мидың, қарашық рефлекстері (жарықтан қарашықтың кішіреюі) ортаңғы мидың қатысуында орындалады т, с.с 5) Организмде атқарылатын барлық рефлекстерді шартсыз және шартты деп үлкен екі топқа бөледі. (бұлар туралы жоғары нерв әрекетінің физиологиясында толық айтылады). 6) Рефлекстердің ерекше типіне шеткі органішілік рефлекстерді жатқызуға болады. Бұлардың орындалуы үшін орталық нерв жүйесінің қатысуы міндетті емес. Олар тиісті органның өзіндегі, ерекше метасимпатикалық деп аталатын жүйеге жатқызылатын, интрамуральдық нервтік ганглийлер элементтері түзетін рефлекторлық доға арқылы іске асады. (жүрекшілік шеткі рефлекстер) 7) Қаңқа еттеріне келетін қозғағыш нервтер арқылы іске асатын рефлекстерді сомотикалық деп, ал симпатикалық және парасимпатикалық нервтер арқылы іске асатындарды вегетативтік рефлекстер деп атайды
3 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет