1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны



Pdf көрінісі
бет34/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Азот тыңайтқышы 
Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот 
— тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің 
жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, 
жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын 
берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы 
азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот 
тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді (4-сызбанұсқа). Азотты 
тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары 
(селитра) жатады. Олар — ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік 
элементазот 15—16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін 
коректік элемент — азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид 
(мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак 
суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады. 
Фосфор тыңайтқыштары 
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор 
ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. 
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы 
көмірқышқыл газын
 сіңіре 
алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда 
болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа 
енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор 
тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді (5-сызбанұсқа)
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар 
химиясын дамытуға негіз болды. Академик 
Ә.Б. Бектұров
 
Қаратау
 фосфоритінен 
әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор 
қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның 
шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит 
кенінен 
Тараздың
 және 
Шымкенттің
 өндірістік бірлестіктері және басқа химия 
кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет