1. Биологиялық активті заттар, ферменттер, витаминдер алу


Термиялық залалсыздандыру



бет5/9
Дата13.01.2023
өлшемі34.97 Kb.
#468362
1   2   3   4   5   6   7   8   9
lektsiya 1

Термиялық залалсыздандыру Құрал-жабдықтарды, коммуникация-ларды, қоректік орталарды және басқа да технологиялық сұйықтықтарды термиялық залалсыздандыру-жоғары температурада микроорганизмдердің вегетативті клеткалары мен спорала өлтіруге негізделген. Жоғары температурамен әсер ету дәрежесі микроорганизм түріне, олардың концентрациясына, физикалық күйіне және басқа факторларға байланысты. Жоғары температураға төзімді термофильді микроорганизмдер, жоғары температураға төзуге ғана емес, әрі қарай көбеюге де қабілетті болып келеді. Термофильдерді (нақтырақ, олардың споралары басқа микрофлораны жоюға кепілдік беретін термиялық залалсыздан режимінде қарастыру керек.
Термиялық залалсыздандыру жүруі бәрінен бұрын залалсызді объектіге байланысты. Бос аппараттар мен коммуникацияларды бәрінен бұрын қаныққан бумен залалсыздандырады, қоректік орталар мен сұйықтық-тарды - қысыммен ысыту жолымен, көбіне ыстық ауамен (құрғақ залалсыз-дандырады.
Қысым мен қаныққан су буының бактерицидтік эффектісі жогары бумен залалсыздандыру барысында тұрақты. Термофильдер спорасының өлу уақыты 121°С -25мин, 132° С-4мин, құрғақ буды қолданғанда 160°С-60мин, 180 мин, мұндай споралардың қайнаған судағы инактивациясы 100°С-де өте, жүреді, 8-9 сағатта өледі.
Жоғары температурада микроорганизмдердің өлуі белоктар коагуляция-сы нәтижесінде болады. Мұнда маңыздысы клеткадағы судың мөлшері. неғұрлым көп болса, солғұрлым белок коагуляциясының температурасы төмен болады.
Құрғақ ыстық ауаны бумен өндегенде бұзылуы мүмкін материалдар мен заттар (сусыз майлар, май, ұнтақтар, коррозияға ұшыраған заттар т.б. залалсыздандыру үшін қолданылады.
Жоғары температура әсерінен микроорганизмдердің өлуі өте жылдам жүреді, ең соңғы спора өлгенше клетка немесе спора концентрациясы төм береді.
Сұйықтықтарды залалсыздандыру
Термиялық залалсыздандыру. Сұйықтықтардың (қоректік орта, көбік басқыш т.б) термиялық залалсыздандыру тәртібін таңдау кезінде екі қарама-қарсы жағдайға мән беру керек. Біріншіден, микроорганизмдерді толығымен жою, екінші, сұйыктықта болатын пайдалы заттардың минимальды түрде ұзылуын қадағалау.
Тәжірибеде сұйықтықты залалсыздандырудың үздіксіз және мерзімді әдістері қолданылады. Мерзімді әдіспен қоректік ортаны ыстық бумен, кейде электр жылытқыштармен қыздыра отырып, тікелей аппаратта немесе колбада залалсыздайды. Залалсыздандырудың ұзақтығы мен температурасы қоректік ортаның құрамына тәуелді. Оның саны және тұқымдануы 100-ден 126°С және 15-тен 60мин аралығында ауытқып отырады.
Қоректік ортаны өндірістік жағдайда залалсыздандырудың біршама жаңа және тиімді әдісі үздіксіз залалсыздандыру. Ол арнайы үздіксіз залалсыздан-дыру құралдарында жүзеге асырылады және үш негізгі бөлімнен тұрады: жылыту, ұстап тұру және салқындату. Жылу алмастырғыш құрылғының құрылымы әр бөлімінде әр түрлі болуы мүмкін, көбінесе олар «кұбыр ішіндегі құбыр» типті болып келеді, ал тиімділігі пластинкалы жылу алмастырғыштарға қарағанда төмен, қарапайым. Залалсыздандырудың үздіксіз әдісінің артықшылығы -құрылғының өндіргіштігін күшейтуінде және қол еңбегін қысқартуында. Ең негізгі артықшылығы - ортаны жылыту және суытуда үлкен жылдамдықпен қамтамасыз етуінде. Бұл жоғары темпера-турада, яғни 130-дан 160°С- да қысқа мерзімді залалсыздандыру жүргізуге мүмкіншілік береді, ал ұстау уақыты 3-10 минутқа созылады. Осындай тиімділікте үздіксіз залалсыздандыру үдерісінде ортаның термофильді компоненттердің жоғалу дәрежесі бірден төмендейді, соған сәйкес, споралардың өлу жылдамдығы мен жылыту кезіндегі ферменттер, витаминдердің жайылуында да айтарлықтай айырмашылықтар болады.
Үздіксіз залалсыздандыруды жүргізу барысында ортада қатты бөлшектердің болуының да маңызы бар, олар сұйықтарға қарағанда баяу жылиды. Оны залалсыздандыру режимін таңдау кезінде еске алу қажет: 100 мкм бөлшекті жылыту ұзақтығы 0,01с, ал 1м -1с, 10мм -100с болатындығы көрсетілді.
Залалсыздандырылган ортаның рН-ы да маңызды болып табылады. Залалсыздандырылған сұйықтықтың соңғы рН көлемі және термофильді заттардың жойылу жылдамдығы осы параметрге байланысты. Бастапқы және соңғы рН мәнінің арасындағы байланыс залалсыздандыру барысында әр орта үшін тәжірибеге сәйкес орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет