1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата03.04.2024
өлшемі469.46 Kb.
#497513
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
қызмет ұйымдастыру

 

дәріс. Кеңес берудегі өзін-өзі бағалау әдістері. 
Жоспары:
1. Өзін-өзі бағалау әдісі. 
2. Тұлғаға кенес беру әдістері.
Өзін– өзі тәрбиелеу, бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау 
дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін
дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім 
шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен 
білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің 
керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті 
бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін 
адамгершілік қасиеті мол болу керек. 
сихологиялық қасиеттер мен сапалардың бірлігі тұтастай модель ретінде 
қарастырылады. Осының негізінде жеткіншек өзінің басқа адамдармен қатынасын, өзіне-
өзі қатыстылығын құрады. Жеткіншек кезеңіндегі өзіндік сананың дамуының бір негізгі 


11 
тенденциясы – бұл құбылыстармен, ересектермен қарым-қатынас барысында және оқу іс-
әрекеттерінің бағаларын интеграциялау кезінде қалыптасқан толымды немесе аффективті 
тәжірибелерді интеграциялау болып табылады.Бұл интеграцияның ядросы ересектік сезім. 
Ересектіктің критерийі (белгілері) өзін-өзі қабылдауы мен бағалауы шындықта жүзеге 
асыру болып табылады. 
А.Н. Соловьева өзіндік бағалаудың дамуының 4 деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгей 
– процессуальді ситуативті деңңгей, өзінің мінез-құлықтарын өзінің қасиеттерімен 
байланыстырмайды. Өзіндік бағалау тек іс-әрекеттің сыртқы жанама нәтижелері негізінде 
жүзеге асады. Өзіндік сананың бұл даму деңгейі мектеп жасына дейінгі және бастауыш 
мектеп кезеңі оқушыларына тән.
Екінші деңгей – сапалы ситуативті деңгей. Бұл тұлғаның өз құлықтары мен 
спаларының арасында байланыс құрылады, бірақ бұл байланыс тікелей түзу сызықты 
болады. Бұл деңгей кіші жеткіншектер жас кезеңіне тән. Үшінші деңгей – сапалы 
консервативті деңгей – тұлғаның мінез-құлықтары мен қасиеттері арасындағы түзу 
сызықты (тікелей) байланыс жойылады,, тұлғаның қасиеті шындық ретінде қабылданады. 
Өзіндік дамудың бұл деңгейі жоғары жеткіншектер мен кіші жасөспірімдерге тән. 
Төртінші деңгей – сапалы динамикалық деңгей. Бұл тікелей жасөспірім кезеңіне тән.
И.С. Кон өзіндік бағалаудың негізгі механизмдерін көрсетеді:- басқа адамның 
субъектіге берген бағасын қабылдау; - әлеуметтік салыстыру; өзіндік атрибуция – мұнда 
индивид өзінің құлықтарын әртүрлі ситуацияларда бақылай және бағалай отырып өзі 
туралы және өзінің ішкі күйлері туралы мәселені қамтиды. Әлеуметтік жағдайлардың 
шарттарына тұлға қалай адаптацияланады солар оының өзіндік сана сезімдерінің 
көрсеткіштері болып табылады. Батыс психологтары жалпы теориялық бағдарларындағы 
түсіндірмелі модельдерінде жоғарыда аталған механизмдердің біріне баса көңіл аударады. 
Бұл модельдерге жан-жақты талдау мақсатын қоймастан-ақ өзіндік атрибуция 
механизмдеріне негізделетін модельдің орнын ерекше атап өту қажет. Көптеген маңызды 
эксперименттік зерттеулерде индивидтің өзінің психикалық күйі толығымен сыртқы 
ақпараттарға сүйене отырып бағаланатынын дәлелдейді. 
Жеткіншектер бірінші кезекте қарым-қатынас сферасындағы мінез-құлықтың 
әртүрлі формаларына байланысты қасиеттерді саналы ұғынады. Бұл әрине өзіндік бағалау 
өзгермейді деген сөз емес, оның динамикасы әртүрлі факторларға байланысты жоғары 
өзіндік бағалау тұрақты болса, ал төмен және орташа өзіндік бағалау біршама динамикалы 
болып келеді. Дегенмен жоғары өзіндік бағалауда тұлғамен арнайы педагогикалық жұмыс 
жүргізуі жағдайында едәуір динамикалы болуы мүмкін. Психологиялық зерттеулерде 
жеткіншектердің адекватты өзіндік бағалау мәселесі соңғы орынға қойылмаған. 
С.Л. Рубинштейн тек жас жеткіншек емес немесе жасөспірім жас кезеңінде ғана 
сыни ой-көзқарастар қалыптасады, өз беттілік өмірге енуге байланысты сұрақтарға 
толғана бастайды, неге жарамды, неге қабілет-бейімділігі бар екенін ойлай бастайды. Бұл 
жас кезеңінде ең өзекті мәселе өмір жолын таңдау болып табылады. Л.И. Божович өтпелі 
дағдарыс кезеңінің аяқталуы «өзіндік анықталу» ұғымын білдіретін жеке тұлғалық 
құрылымының пайда болуымен ұласатындығын көрсетеді. Өзіндік анықталу 
процесінде өзіндік бағалау айрықша мәнге ие. 
Психологтардың айтуы бойынша адам кез-келген жас кезеңінде басқа адамдарды 
өзіне қарағанда объективті бағалайды. Балалар өзінің мінез – құлықтарын басқа 
адамдардың әрекеттерін салыстыруынан бастап өзіне баға қою басталады. Біз бұған 
неғұрлым көбірек мүмкіндік берген сайын олар өзін солғұрлым нақтырақ көре бастайды. 
Өзіндік бағалау үшін өзін-өзі тануға үйретуіміз қажет. Әдетте өзінің «Менділігіне», өзінің 
психикалық жаратылысы мен процестеріне жеткіншек жас кезеңінде пайда болады. 
Осы кезде өзінің ішкі жан дүниесінемұқият талдау жасау және оның 
ерекшеліктерін зерттей бастайды. өтпелі жас кезеңінде өзіндік танымның пайда болуы 
тән, осыдан өз беттілікке, өзіне-өзі сенімділігіне тырысушылық көрінеді. Бұдан ары 


12 
жасөспірімділікке қарай өзі-өзіне талдау жасай алады және өзінің өмірлік жоспарын құра 
алады. 
Л.И. Божович және Л.С. Славина жоғары өзіндік бағалау және тартымдылық 
қандай да бір іс-әрекеттің шындық жетістігі негізінде қалыптаспайды, оған 
айналасындағылардың берген қате, жоғары бағасы негізінде қалыптасады деді. 
Жеткіншектік кезеңдегі негізгі психологиялық өзгерістер баланың өзіндік ішкі әлемінің 
ашылуымен, оның күрделілігімен байланысты. Өзіндік бағалаудың және «Мен» 
бейнесінің қалыптасуы жеткіншектік кезеңнің негізгі психологиялық процестері және 
оның негізгі жетістіктері болып табылады.
Жеткіншек тұлғасының дамуындағы маңызды сәттердің бірі – оның өзіндік 
санасының, өзіндік бағалауының, өзін тұлға ретінде тану қажеттілігінің қалыптасуы. 
Жеткіншектік кезеңде балада өзіне, өзінің ішкі жан-дүниесіне, дербес тұлғалық 
сапаларына және басқа құрбыларымен өзін салыстыруға деген қажеттілік туындайды. Ол 
өзіне мән беріп, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға тырысады. Өзіндік санаға 
деген қажеттілік өмірден, тәжірибелік іс-әрекеттен туындап, ересектер тобының 
талаптарымен анықталады. Жеткіншектің өз мүмкіндіктерін бағалау қажеттілігі оның 
ұжымда өз орнын табуға деген әрекеттің негізінде туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет