Қазіргі қазақстанның студент жастарының саяси мәдениеті



бет1/4
Дата12.02.2024
өлшемі32.87 Kb.
#491688
  1   2   3   4
мақала


Ж. М. Сарсенова
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТУДЕНТ ЖАСТАРЫНЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІ


Бұл мақалада Қазақстан Республикасы студент жастарының саяси мәдениетін қалыптастыру мәселесі талданады. Саяси әлеуметтену және саяси мәдениет ұғымдарын бөлу мәселесі көрсетілген. Жалпы классикалық еңбектердегі саяси мәдениет терминінің мағыналары қарастырылады. Онымен қоса, саяси мәдениеттің қоғамдағы орны мен оның қандай да бір тигізетін әсері. Жастардың саяси мәдениетінің негізгі аспектілерін анықтайды. Мақалада жалпы Қазақстандағы жастардың саяси қатысушылығы мен саяси қызығушылығының дәлелі болатын көрсеткіштер бар. Болашақта жастардың саяси мәдениетінің төмендігінің ел болашағы үшін, елдің дамуына тигізетін кері әсерлері қарастырылған. Ауқымды мәселелелрдің туындамауы үшін саяси мәдениетті жетілдіру қажеттілігі анық дәлелденеді. Және саяси мәдениеттің қалай дамытып, оның орнауы үшін қандай мәселелер шешіліп, қандай іс-әрекеттің қажеттілігі қарастырылған.


Кілт сөздер: саяси мәдениет, тұлға, саяси қатысушылық, саяси белсенділік, абсентеизм.


Кіріспе
Жастардың бүгінгі саяси қызығушылығы мен саяси қатысуы жалпы қоғам мен саяси мәдениет деңгейіне байланысты өзгеріске ұшырайды. Онымен қоса, күнделікті өмірде мемлекетте орын алатын саяси өзгерістер мен қабылданатын саяси шешімдер де белгілі бір септігін тигізеді.
Жалпы жастар әлеуметтік жағынан алғанда біртекті емес: студенттер мен жұмысшылар, әртүрлі әлеуметтік топтарда тұратын қала және ауыл тұрғындары. Жастардың санаттарының түрлері бір-бірінен қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне байланысты, интеллект пен білім деңгейі, материалдық жағдайы, өмір салты бойынша ерекшеленеді.
Жастар жиі үлкен шығармашылық қабілеттерін ашады өздері үшін, оны әрі қарай дамытады. Сол арқылы үлкен зияткерлік әлеуеттің тасымалдаушысы болып табылады. Бұл жастардың кәсіби дағдылары мен білім деңгейінің жоғарылығы, рухани-адамгершілік қасиеттері, онымен қоса саяси мәдениетінің деңгейі қазіргі Қазақстандық қоғамның даму перспективаларын айқындайды. Сол себепті бұл тек жастардың жеке басының қамы емес, жалпы қоғамға әсер тигізетіндігі сөзсіз.
Жастардың қазіргі саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелерін зерттеу өте өзекті тақырып болып табылады, өйткені дәл осы жастар категориясы қоғамның және тұтастай мемлекеттің прогрессивті дамуының тірек күші ретінде қызмет етеді. Жас азаматтардың саяси мәдениетті қабылдау деңгейінің төмендігі жастардың қоғамдық-саяси процестерден өзін-өзі алшақ ұстауына байланысты. Алайда ол көптің ішінде тек бір себебі ғана.
Қазіргі кездегі жастардың саяси қызығушылығының төмендеуі қоғамдағы саяси мәдениеттің орын алып, барынша дамуына кедергі келтіреді. Иә, әринеә саяси қызығушылығы жоғары, оны дамытуға ұмтылатын жастардың да саны жетерлік: қандай да бір кездесулер, семинарлар мен тренингтерге қатысатындардың саны қазір өте көп, алайда сонда да жеткіліксіз.
Сондықтан ғылыми мақаламыздың мақсаты – қазіргі Қазақстандағы жастардың саяси мәдениетін дамытудың жаңа жолдарын ұсынып, оның дамуына жалпы не кедергі болғандығын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет