1 Дәрістер Дәріс №1. Тері және мех шикізатын химиялық талдау



бет6/9
Дата16.07.2016
өлшемі2.63 Mb.
#203949
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үйкелуге сынау

Былғарыдан жасалған бұйымдарды пайдалану кезінде олар басқа заттармен жанасып үйкеліс пайда болады, ол былғарының сыртының бөлуіне себеп болады. Әсіресе,бұл аяқ киім ұлтанына тең. Үйкелуге төзімділік ұлтандық былғарының тозуға тұрақтылығын бағалауға болатын негізгі бір пайдалану көрсеткіші. Аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғары материалдарының үйкелісін сынауға арналған конструкциясымен , үлгіге әсер ету сипатымен, сынау параметрімен, үйкейтін материалдармен және сол сияқтылармен өзгешеленетін 20-дан астам әдістер мен аспаптар белгілі.Ұлтан былғарысының үйкелуге төзімділігін анықтауда ең көп тараған Позняк аспабы мен УкрНИИК аспабы. ЦНИИКП мәліметі бойынша Позняк және УкрНИИКП аспаптарында анықталатын үйкелуге төзімділік пен ұлтандық былғарының тәжірибелік қиюдің мерзімінің өзара байланыстық коэффициенті осы әдістерге сәйкес 0,75 пен 0,55 тең. Бұл Позняк және УкрНИИКП аспабында алынған үйкелуге төзімділік көрсеткішінің ұлтандық былғарының күнделікті қию кезіндегі тозу тұрақтылығымен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Ұлтандық былғарының үйкелуге төзімділігін Позняк аспабымен анықтау. Сынау мәні кварц түйір құмынан жасалған,белгілі күшпен тербелетін бетпен былғарының үйкелу нәтижесінде үлгінің қалыңдығының жұқаруымен анықталады. Былғарыны Позняк аспабында сынау үшін үлгінің 5 (14 сурет) бір шетін сектордағы 4 қысқышпен ұстап келесі шетін құмы бар ванна 7 түбіне қысқышқа 3 бекітеді. Үйкелгіш ретінде түйір диаметрі 0,5-0,85 мл кварц құмын пайдаланады.

\

14 сурет. Былғарыны үйкеуді сынауға арналған Позняк аспабы.

Ванна 7 шатунмен 2 біріккен, шатун криво типті механизм 1 көмегімен жылдамдылығы минутына 104 ілгері – кейінді қос жүрісті қозғалыс жасайды. Сынауды құрғақ немесе ылғалды үлгілерге жүргізуге болады. Бірақта стандарт бойынша ұлтандық былғарының үйкелу төзімділігін Позняк аспабымен сынауды тек ылғалды жағдайларда ғана жүргізу ұсынылған. Өйткені аяқ киім көбінесе ылғалды жағдайда пайдаланады. Сынау кезінде ылғалдықты кварц құмына су қосумен жасайды. Бұл кезде 300 гр құмға 30см3 су жұмсалады. Секторға 4, оған сәйкес сыналатын үлгіге 5 түсетін салмақ 8 рычагқа 9 байланысты, 50 – ден 300 н –ға дейін өзгеруі мүмкін. Тиімді деп Н күшті есептейді. Ванна 7 қозғалған кезде үйкелетін былғарының үлгісі онда орналасқан ылғалды құммен үйкеленеді. Үйкелу кезінде үлгіді майысу және үйкеліп тербелу пайда болады. Құмның жылжымалы түйірлері үлгіні тіліп кіріп кетпейді, тек былғарының серпімділік қасиетіне байланысты жабысады немесе ығыстырылады. Үлгінің беті Позняк аспабында сынаудан кейін, киюден кейінгі тозу түрі сияқты болады.

Былғарының үйкелу төзімділігін Позняк аспабында анықтау үшін физика – механикалық сынаққа арналған жалпы үлгіде 30 х 190 мм тең өлшемін алады.

Үлгі қалыңдығын 3 нүктеде өлшейді:біріншісі ұзына бойын қақ бөлетін тік сызықтың ортасында, ал қалған екеуі бірінші нүктеден 125 мл қашықтықта орналасқан. Қалыңдықты өлшеуді 0,01 мл абсолюттік ауытқумен қалыңдығын өлшегішпен жүргізеді. Әр саналатын үлгі үшін қалыңдығы 2,4-2,5 мл ұлтарақтық былғарыдан астар кесіп алады. Астар өлшемі үлгі өлшеміне сәйкес келу керек.

Үлгіні , нитроцеллюлозды немесе перхлорвинилді желіммен, астармен біріктіреді. Жақсы желімдену үшін үлгіні жүк астына 40 – 60 мин. Қояды.сынау алдында үлгіні 2 сағ. 20 – 3 С температуралық суда ылғалдандырылады. Суды үлгі массасынан он есе көп мөлшерде алады. Сонан соң үлгіні сектор қысқышында бекітіп, ваннаға сумен құмды салады да ванна түбіндегі қысқышқа үлгінің екінші шетін бекітеді. Секторға салмақты түсіріп аспапты іске қосады. 3 сағ. соң аспапты тоқтатып, 300г. құм,150см3 суды қосып қайта іске қосады. Үйкелу кезінде судың булану шамасына қарай оны қосып отыруға болады.

Сынауды үлгіде қажалып тесік пайда болғанща жүргізеді, оны мезгілмен аспапты тоқтатып үлгіні ұстап қарау арқылы байқалады. Ол үшін жүкті көтеріп секторды алады. Сынаудың бітуін өте дәл әрі тез анықтайтын әдіс, күрделі емес электрлік схеманы қолдануға негізделген.

Бұл жағдайда астар мен сынайтын үлгі арасына желімде, алдында электрлік тізбекке қосылған жұқа мыс сымды орналастырады. Үлгінің қажалып тесілу кезінде, сым да қажалып қиылады, яғни электрлік тізбек ажырайды. Ол кезде қоңырау шылдырайды немесе бақылау шамы жанады. Сынау аяқталған соң үйкелуге кеткен, абсолют қателігі 1 минут уақыт белгілейді. Сонан соң үлгілерді аспатан алып мұқия құмнан тазалап жуып, кептіріп, астардан ажыратып,желімен тазалап белгіленген нүктелердегі қалыңдығын өлшейді.үйкелу төзімділігін, г/мм, былғарының қалыңдығының азаюының орта шамасымен анықтап 1 мм үлгі қалыңдығын үйкелу үшін қажет сағат санымен сипаттайды. Егер аспап ваннасының қос жүріс саны минутына 104 –ке тең болмаса, үлгінің үйкелу уақытын Т, сағ. эталонда үйкелу уақытынакелтіретін (минутына 104 қос жүрісіне), мына формуламен есептейді:

Т= .

Бұл жерде: К – үлгінің үйкелу уақытындағы қос жүріс саны.



Ұлтандық былғарының үйкеуге төзімділігін УкрНИИКП аспабында анықтау. Аяқ киімді киюде ұлтандық былғарының тозуы тек қана ылғалды жағдайда ған емес, сонымен қатар құрғақ кездерде де болады. Осыған байланысты ұлтан былғарының үйкелу төзімділігін ауалық құрғақ күйде де сынау жүргізу ұсынылған.

Сынауды УкрНИИКП аспабында жүргізеді (15 сурет).




15 сурет. Былғарыны үйкеуде сынауға арналған УкрНИИКП аспабы.

Сынаудың мәні, аспаптың айналатын үйкеу дискісіне белгілі күшпен оқтың тисті былғары үлгісінің қалыңдығының кемуін анықтау.

Пластинкаға 2 бекітілген, екі үлгі 8 егейтін тұғырық көмегімен айналатын дискіге бекітілген төсеме 1 қысылады.

Дискі қуыс валға қондырылған 0,7 с-1 жиілікпен айналады.

Үлгілер үйкелу дискіге салмақ 6 жасаған күшпен қосылады, ол иілгіш тартқыш 5 және өзек 10 арқылы пластинкамен 2 бекітілген. Аспапта үлгіні сынау үзіліспен («демалумен») жүргізіледі. Бұл үшін тұғырықта 3 төрт қада 7 бекітілген оның ішкі жағында пластинкада 2 екі сопақша формалы жұдырықша 9 орналақан.дискіні айналдырғанда қадалар 7, өз жолында жұдырықтармен 9 кездесіп, үлгілерге «демалыс» беру үшін оларды үйкеліс төсемінен алыстатады.қадалардың биіктігі 8 мм, жұдырық ша биіктігі 6,5 мм. Үлгілерді үйкеудегі дискінің айналу жиілігі аспапта орнатылған санағышпен есептелінеді.

Сынауды физика – механикалық сынауларға арналған былғары учаскесінен алынған қырының ұзындығы 20мм2 пішіндес үлгіде жүргізіледі. Үлгілерді алдын – ала тұрақты жағдайларда ұстап, олардың қалыңдығының 0,11 мм абсолюттік қателікпен өлшейді (әр үлгінің орта нүктесінде). Былғарының үлгісінің әрқайсысын, өлшемі 30х30 мм мыс немесе дюроалюминий пластинкасынан және өлшемі 20х20 мм былғары астардан тұратын, екі бұрандамен пласинкаға бекітілген төсемеге, перхлорвинилді, нитроцеллюлозды немесе басқа желімдермен желімдейді.

Жақсы желімденуі үшін үлгіні 1 -2 сағ. қысқышта қысып, содан соң олардың қалыңдығын өлшеп, сыналатын үлгінің орташа қалыңдығын есептейді.

Сынауға дайындалған былғары үлгілердің пластинкадағы 2 ұяларға орналастырып бекітеді. Бұл кезде үлгі ұядан дәл 6,8 мм шығып тұруы керек. Шығып тұрған үлгінің биіктігін арнайы калибрлеуші жапсырманың көмегімен келтіреді. Содан кейін пластинканы өзек дискінің қуыс валына кіретіндей етіп орнатады. Өзектің ұшына массасы 4800 г. жүкті іліп сынауды жүргізеді. Үлгінің үйкелуін оның бүйір жағына тиіп тұрған индекатордың көрсетуімен бақылайды.

Үлгілерді біркелкілеу үщін аспап дискісі 20 айналыс жасағанан кейін, оны тоқтатып, индикаторкөрсетуін жазып қояды. Үйкелуді, әр қос үлгілердіңорташа қалыңдығының жартысы кеткенге дейін жүргізеді. Егейтін төсемді дискінің әр 200 айналуынан кейін ауыстырады. Былғарының үйкелу төзімділігінің көрсеткішіне 1 мм былғары қалыңдығын үйкеу үшін керек дисктің айналу санын қабылдайды (екі параллельдіүлгінің сынау нәтижесінің арифметикалықорташасы).

УкрНИИКПаспабында был5ары сынаудың кемшілігі, үлгілердің үйкелуі сырғанап қажалу түрінде болады, ал ұлтандық былғарының пайдалану жағдайларында тозу басым көпшілігі тербелудегі үйкелу ретінде жүреді. Майлы заттарды 3,5 % көп және полимерлермен толықтырылған ұлтан былғарысын сынауда, әдетте үйкелгіштік «майлану» салдарынан алынған нәтиженің салыстырмалдылығы дәлдігі төмендейді.



Практикалық сабақ №1 Былғарыны қысудағы серіпімділік – иілімділік

қасиетін анықтау

Былғары бұйымдар жасағанда және пайдалану кезінде көбінесе қысылады. Әсіресе, бұл ұлтандық былғарыға тән. Былғары аяқ киімдікию кезінде көптеген рет қысу деформациясының әсеріне ұшырайды. Серпімділі – иілімді материал болғандықтан, былғары қысуда скрпімділік және иімділік қасиет көрсетеді.

Лабораториялық жағдайларда былғарының қысу кезіндегі серпімділік иімділік қасиетін Гепплер консистометрінде анықтайды (16 сурет).

16 СУРЕТ. Гепплер консштометрі.

Сынауды қалыпты жағдайда ұсталған ауданы 1 см2 дөңгелек үлгіде жүргізеді. Осындай өлшемдегі үлгінің , сынау нәтижесіне оның ауданының тигізетін салыстырмалы ықпалы аз. Сынау алдында үлгінің қалыңдығын 0,001 м абсолютті қателікпен өлшейді.

Үлгіні 1 беттік жағын жоғары қаратып

Аспаптың орталық ұясында бекітілген металды алаңшаға қояды. Сонан соң рычагқа 6 жүк 9 іледі. Жүк массасына және оның рычагта орналасуына байланысты үлгіге түсетін күш 7,4 тең 4490,5 Н/ м2 дейін болуы мүмкін. Күш шамасы жүк массасының жүк үлінген қаданың нөмірімен көбейтіндісімен белгіленеді. Сынау кезінде күш үлгіге бүршік 5 ұстағыш 4 және ұшында жазық металлдық алаңшасы 2 бар өзек 3 арқылы беріледі. Аспап сыртында, сынау кезінде үлгінің қалыңдығының өзгеруін белгілейтін индикатор 8 бекітілген. Аспаптық жұмыстық қалыпқа қозғалыс рычагін шектеушіні 7 бұрау арқылы келтіреді.

Үлгіге күш түскен кезде секунд өлшегіш қосылып, лездік деформацияның шамасын көрсетеді. Үлгіні қысу шамасының кейінгі өлшемдерін индикатор арқылы белгілі уақыт аралығында жүргізіледі. Серпімділеу үлгілерін сынауда мысалы: (ауалық – құрғақ) бұл аралықтар әдетте, өте майысқақ үлгілерді сынауға қарағанда (мысалы: дымқыл) көптеу.

Аулық – құрғақ үлгілер үшін қысу шамасының өлшемін әр 5, 15, 30, 60, сек. , 2, 5, 10, 15 мин. аралығында жүргізеді.

Жүк әсерімен үлгі қалыңдығы өзгеруін тоқтатысымен, жүкті тез алып индикатор арқылы серпімді деформацияның шамасын белгілейді.

Жүк алынғанан соң үлгі қалыңдығының өзгеруін өлшеуді сол уақыт аралығында жүргізіледі.

Сынауды, үлгі қалыңдығы, жүкті алып тастаған соң өзгеруін тоқтатқан кезде аяқтайды.



17 сурет. Үлгінің салыстырмалы деформациясының εе уақытпен t өлшеу графигі, қалыпты күште және оны түсіруден кейінгі:I – лездік созымды деформация; II – жоғарғы майысқақ деформация; III – қайтымды созымды деформация; IV – созымдылық салдары; V – қалдықты деформация.

Күш түскен кезде және оны алып тастағаннан кейінгі қалыңдығын өлшеу нәтижесі бойынша үлгінің салыстырмалы деформациясын Ес% есептейді. Есептеуді мына формуламен жүргізеді:

Ес=  100 .

Бұл жерде: h – үлгінің күшпен және оны алганнан кейінгі қалыңдығы, мм; h0 – үлгінің сынауға дейінгі қалыңдығы, мм.

Үлгінің бір қалыпты күш түскенде және оны алып тастағаннан кейінгі салыстырмалы деформациясын уақыттың өзгеруіне байланысты график арқылы бейнелеуге болады (14 сурет).

Графиктен былғарының қысу кезіндегі серпімді және майысқақтық қасиетінің сандық көрсеткіш шамасын анықтайды.
Практикалық сабақ №2 Түкті жабын мен жүнді физика – механикалық сынау

Жүннің созылуға беріктігін анықтау
Жүннің созылуға беріктігі мехтың тозуға шыдамдылығының ең бір маңызды белгісі болып табылады. Жүннің беріктілігі, оның жуандылығы мен құрылысына , әсіресе қабықша қабаттың жетілуі дәрежесіне байланысты.

Лабораториялық жағдайда жүннің беріктігін және соудағы ұзаруын анықтауды жоғары сезімталды динамомертде жүргізеді, мысалы, Полян динамометрінде.

Бұл динометрде күш өлшегіш ретінде сезімтал серпімді элемент шыңдалған болат пластика 5 қолданылған.ол жұмыс уақыты кезінде тірекке 9 кіретін тереңдетілген керті бар тірек 9 кіріп, қыры жоғары қаралуы керек. Пластинканың бұл тереңдетілген кертігіне жоғары қысқыштың 11 қармалауышы 8 кіреді, оған сыналатын жүннің 12 бір ұшы бекітілген. Жүннің екінші ұшы электр двигателімен жалғасқан винт – червякпен бекітілген, төменгі қысқышқа 13 бекітілген. Сынауда төменгі қысқыш төмен жылжып жүнді тартады. Бұл кезде серпімді пластинка бүгіледі. Бүгілу шамасы индикаторда 6 белгіленеді, оның қармалаушы 10 пластинканың астыңғы жағына тиеді. Динамометр паспортында келтірілген ақпардың көмегімен пластинканың бүгілуі шамасы қандай күшке сәйкес келетіндігін анықтайды.

Түктің миллиметрмен ұзаруын сынаудың кез – келген кезеңде тілдің 2 көмегімен шкалада 3 анықтауға болады.

Сынауды жүргізгенде ақаусыз жүнді таңдап алады. Микроскоп астында немесе ланометрде оның қалыңдығын бірнеше жерден өлшеп жұмыстық бөлімі ретінде ең бір қалыпты бөлігін алады. Жүннің ұштарын екі жағынан да қағаз квадраттармен желімдеп, (18 сурет) желім кепкен соң үлгіні қалыпты жағдайда ұстайды. Түктің ұштарына желімденген қағаз бөліктері оның динамометрге қысылуының берік болуын қамтамасыз етеді.

18 сурет. Жеке түктерді созуға немесе бірнеше рет майыстыруға сынауға дайындау схемасы:

1 – қағаз рамасы; 2 – желімденген түктер; 3 – сынауға дайындалған үлгі; 4 – түктің сырт жағына желімделген қағаз жолақтар ; 5 – кесу сызықтары;

Динамометрде жұмыс серпімді пластинканы таңдап алумен басталады. Әр аспапқа түрлі қалыңдықтағы пластинкалар жиынтығы беріледі. Жүннің сынау кезінде көбінесе олардың жіңішкесін алады. Әр нақтылы жағдайда жүннің үзілуі үшін индикатор тілі 0,5 – 0,8 айналыс жасайтындай, бірақ 1 айналыстан аспайтындай болатын пластинаны алады. Егер де үлгі ұзарса , ал индикатор тілі қозғалмаса пластинканы одан да сезімталына ауыстырады.

Арақашықтықтың контрольдік өлшеуін металл сызғышпен жасайды. Үлгіні жоғағы қысқышқа бекіткенде оның керекті жағдайда болуын және пластикамен түйіспеуін қатал қадағалау керек. Сонан соң ұзару шкаласында εтілдің орнын белгілеп, оның бастапқысы деп есептеп электродвигательді қосады.

Созудағы жүннің беріктігін әдетте үзілу кезіндегі күш шамасымен сипаттайды. Өйткені. Жүнді созудағы беріктік шегін есептеуде оның көлденең қимасының ауданын табу өте қиын. Көлденең қиманың ауданын S =D2 / 4 формула мен анықтау дұрыс емес, өйткені бұл формула көлденең қиманың ауданы шеңбер болуына негізделген.

Үзілудегі салыстырмалы созылғыштық , процесс, мына формуламен анықталады:



Бұл жерде: Lү – үзілу кезіндегі жүннің ұзаруы, мм; L0 – жұмыстық бөліктің алғашқы ұзындығы, мм.
Практикалық сабақ №3. Жүннің көп мәрте иілуге қарсылығын анықтау

Мехтік терінің жүннің көп иілуге қарсылығы мехтің едәуір шамада тозуға төзімділігін сипаттайды. Көп иілуде алдымен жүннің жүрекшесі, содан соң қабықша қабат пен кутикаласы бұзылып жүн жеңіл үзіледі.

Жүнді көп иілуге сынау венгрияның «Синус»кооперативті жасаған аспабына жүргізіледі (19 суретте).

19 сурет. Түкті бірнеше ретмайыстыруға сынайтын аспап.

Бұл аспапта бірден ұзындығы 20 -30 мм. 20үлгіге дейін сынауға болады, олар бір уақытта шамасы 4,9 – дан 49 МН дейінгі күш әсерімен созылуымен бірге әр түк 90 градус бұрышқа майысады. Күш мөлшерін 4,9 МН интерывалымен өзгертуге болады.

Иілдіретін бөлікке жүннің қалыңдығы мен беріктігіне байланысты түрлі радиусты иіндерді бұрайды. Радиусына сәйкес иіндер бойынша жүннің майысуы жүреді.

Электромеханикалық, механикалық және электрлік жабдықтар және аспап бөлшектері корпуста 1 орналасқан. Аспаптың сыртында , қысқыш серіппесімен жабылатын майыстырғыш бас 2, жүнге ілінген жүктің айналуын және тербелісін азайтатын желбезекті – жүкті бағыттаушымен, майысу санын

Белгілейтін санағыш 4 рамка 3 аспапты горизонтальды жағдайда келтіретін деңгей 5 орналасқан.

Жүнді сынауға дайындауды және таңдауды созуға сынаудағыдай жүргізеді, жүннің ұштарында өлшемі 5х5 мм қағаз квадраттарды желімдейді (18 суретті қара). Жүн квадраттың дәл симметрия осіне болуын қатал қадағалау керек. Әр квадраттың ортасын инемен тесіп, содан соң квадраттардың біреуін майыстырғыш басқа орнатылған штифті кіргізеді, ал басқа квадратқа таңдап алынған жүк ілінеді. Жүктің массасы үзілудегі күштің массасына 10% болуы керек.

Жүннің көп ілуге кедергісін сынауды екі әдіспен жүргізуге болады. Бірінші әдіс бойынша иілуді толық үзілгенге дейін жүргізіп иілуге қарсылықты иілу санымен белгілейді. Жүннің үзілу кезінде оған бекітілген жүк төмен құлап екі түйісуді тұйықтайтын пластинкаға түседі. Бұл кезде аспаптың электодвигателі өшіріліп сол мезгілде дыбысты бөлігі қондырған іске қосылады. Санағыштың көрсетуін жазып және құлаған жүкті алып тастағанан кейін сынауды басқа барлық үлгі үзіліп біткенше жалғастырады.

Екінші әдіс бойынша жүнді алдымен көп рет иіп, ал сонан соң динамомертде үзеді. Бұл жағдайда сынау нәтижесін белгілі иілу санынан кейін (әдетте 1000), жүннің беріктігінің кемуімен есептейді:

 100

Бұл жерде:P – көп рет иілуден кейінгі жүннің үзілуі беріктігінің кемуі, процессі; P0 – иілуге дейінгі жүннің үзілу беріктігі, Н; Pi – жүннің көп рет иілуінен кейінгі үзілу беріктігі, Н.

Екінші әдіспен сынақ жүргізу үшін жуандығын мұқият тексере отырып 50 – 100 данадан жүндердің екі тобын дайындайды. Үлгілердің бір тобын қалыпты жағдайда ұстап, иілусіз үзілуге сыналады. Беріктік көрсеткішінің барлық үлгілердің сынау нәтижесінің арифметикалық ортасы ретінде есептейді.

Екінші топтың әр үлгісін алдымен иілуден өткізіп, содан - соң динанометрде үзеді. Түпкілікті нәтиже тағы әр анық таудың арифметикалық ортасы ретінде алынады.

Түкті жабынның тығыздығын анықтау

Түкті жабынның тығыздығын анықтаудың бірнеше әдісі белгілі: санау әдісі, салмақтық, радиометриялық.

Сынау әдісі бойынша, түпті жабынның қалыңдығын 1см2 сыналатын мехтік терінің жүннің қарапайым сынаумен анықтайды. Бұл әдіс жұмысты өте көп қажет етеді және ұзақ жүреді.

Салмақтық әдісте түкті жабынның тығыздығы терінің белгілі ауданынан қырқылған жүннің салмағын өлшеу арқылы білуге болады.

Ғылыми зертеулік жұмыс жүргізгенге және басқа жұмыстарда түкті жабынның тығыздығын анықтау үшін радиометриялық әдісті қолданады. Бұл әдіс түкті жабынның, ол арқылы өтетін бетта сәулелерді жұту қабілетіне негізделген; түкті жабынның қалыңдығы неғұрлым көп болса,онда соғұрлым жабын арқылы өткен радиоактивтілік ағынның жұтылуы азаяды. Мехтің түкті жабынының тығыздығын анықтаудың РГ-4 аспабында жүргіеді(20-сурет) .


20-сурет . Терінің түкті жабынның қоюлығын анықтауға арналған РГ-4 аспабы.

Түкті жабынның массасын анықтау үшін қырқылмаған мехтік терілерден 20мм биіктікте бетта-саулелерін өткізу керек.

Практикалық сабақ № 3 Түкті жабынның үйкелуге төзімділігін анықтау.
Түкті жабынның үйкелуге төзімділігі мехтың тозуға төзімділігінің ең басты көрсеткіші болып табылады. Мехтік бұйымдарды пайдалану кезінде мехтың түкті жабынның үйкелуге төзімділігі кейбір бөліктерінің сыну нәтижесінде түктің ұзындығының қысқаруымен білінеді .

Түкті жабынның үйкелуге төзімділігінің лабораториялық жағдайда сынауда қандай да бір материалмен үйкелу арқылы жүргізіледі.



21-сурет. Түкті жабынның ұнтақталуын анықтауға арналған А.Н.Беседин аспабының конструкциясы.

Үйкелуге төзімділікті У, %, мына формуламен жүргізіледі:

Бұл жерде : а-сынауға дейінгі және b- сынаудан кейінгі үлгі массасы, г; с- үлгінің былғары тканінің массасы,г.

Сынауды А.Н.Беседин (21-сурет) жасаған аспапта жүргізеді.

Өлшемі 60-30мм мехтың сыналатын үлгісін аспаптың білегіне бекітеді. Диаметрі 60мм шет жақтағы валиктер реверсивті айналады, алдымен бір жаққа толық айналыс жасап, содан кейін екінші жаққа да сондай айналыс жасайды. Бұл екі айналыс бір үйкелу циклын құрайды.

Түкті жабынның және мехтің былғары тканінің бояуының үйкелуге төзімділігін анықтау.

Бояудың үйке луге төзімділігі мехтың маңызды көрсеткіші болып табылады және стандартпен шектеледі. Түкті жабынның және мехтың былғары тканінің бояуының құрғақ үйкелуге төзімділігін анықтау МАА(жұққыштық анықтау аспабы) аспабында жүрігзіледі. Оның сыртқы түрі 22-суретте келтірілген.

Патронның екі дискасымен сақинаның саңылауының арасында олшемі 90х70мм ақ қағаз парағын оны гайка1 көмегімен бекітеді. Резина жастыққа 3 сыналатын теріні орналастырып, тұтқаны 4 бұрау арқылы оған қағаз бекітілген патронды 2 түсіреді де электродвигательді іске қосады. Аспапты санағыш анықталған айналу саны көрсеткенннен кейін патронның бқрауының бағытын кері ауыстырып электродвигательді іске қосып сынауды сондай айналу санына дейін жеткенше жүргізеді.


22-сурет. МАА аспабы.

Сонан сон патронды 2 көтеріп, одан қағазды суырып алып, одан сынау нәтижесінде пайда болған дақты эталондар шкаласындағы дақ пен кқзбен қарау арқылы салыстырылады. Бұл шкаланың балы фотометр көмегімен өлшелінген шаңылысудың коэффицентімен сәйкес келеді.
Практикалық сабақ №4. ШИКІЗАТТАРДЫ, БЫЛҒАРЫ, МЕХ ЖІНЕ ИЛЕГІШ МАТЕРИАЛДАРДЫ МИКРОСКОПТЫҚ ӘДІСПЕН ТАЛДАУ.
Микроскоптық талдау жануарлардың терісінің және талшықтардың құрамын толық білу үшін үлкен маңызы бар.өндіріс проценттеріндегі тері және түк жүн талшықтарының әртүрлі өзгерістерге ұшырауын зерттеп білуге, сонымен қатар жартылай фабрикатқа сіңірген материалдардың, мысалы,майлағыш заттар мен шайырлардың орналасу сипатын білуге мүмкіндік береді.

Терінің өзені өте күрделі морфологиялық құрылымнан тұрады, ол эластин және ретикулин шоқ талшықтары коллогеннің шоқ талшықтарымен шатыс қосылған байланысуынан тұрады. Өндіріс процессінде морфологиялық құрылымның өзгеруі былғарының физика – механикалық қасиетіне әсер етеді. Бұл өзгерістерді тек микроскоптық көмегімен көруге болады. Шикізаттың бактериямен зақымдануың және ондаған микроорганизмнің мөлшері де микроскопиялық әдіспен анықтайды.

Терінің әрбір түрлерінің олардың ортақ құрамына қарамастан ерекшеліктері бар шоқ талшықтарының әртүрлі бұрышы емізікше және түрлі қабаттардың арасындағы қатынастың әр түрлі шошқа терісіндегі қылшықтардың өзеңді тесіп өтуі, қой терісіндегі қалың – бұйра жүн талшығының қалыңдығы т.б. әртүрлі мех елтірілерінің жүн талшықтары да әртүрлі спецификалық қасиеттерімен өзгешеленеді.

Сонымен, микроскоппен бақылау шикізаттардың былғары және мехтің сапасын үлкен дәрежеде қосымша сиппатайтын әдіс.

3.1. микроскоппен жұмыс істеу

Микроскоп (23 сурет) үлкейтілген кері жәнеғ болжамды кескінді беретін оптикалық аспап.

Үлкейту 2 линза системасы объектив және окулярдың үлкейтуінің көбейтіндісіне тең, сонымен қатар соңғысы, тек объективпен келген кескінді үлкейтеді

23 сурет.Микроскоп: 1-окуляр; 2-тубус; 3- револьвер; 4-обектив, 5-заттық үстел; 6-конденатор; 7-иристі диаграмма; 8-айна; 9-шарнир; 11-түтік; 12-микробұранда; 13-микробұранда.

Микроскоптың шешуші қабілеттілігі тек микроскоп арқылы анық көруге болатын препараттың элементтерінің аз мөлшері. Шешуші қабілеттілік саңылау бұрышы мен объективтің апертурасы сипатталады, яғни объективке түсетін шеткі сәулелердің арасындағы бұрышпен беріліді (24 сурет).

Фокустық аралық қаншалықты аз болса, соншалықты апертура үлкен және объективтің шешуші қабілеттілігі жоғары.

Препараттарды микроскоптың астында зерттеу, жарықтың өткен және шағылысқан түрлерінде зерттеуге болады. Кескіннің анықтығы жарықтың түсу дәрежесіне байланысты. Өткен жарықпен жұмыс істеу кезінде жарық көзінен шыққан сәуле шоқтарын, конденсор арқылы айнаның көмегімен зерттелетін объектіге бағыттайды. Конденсор жарық шқарын шоғырландырады. Ол жоғары қозғалған кездежарықтық артады, ал төмендегенде кемиді.

Микроскоппен жұмыс істеуді бастаудан бұрын алдымен айнаны бұып, көру жазықтығына барынша жарықтықты күшейтеді. Ең жақсы жарық көзі сейілген күнізгі жарық болып табылады, бірақ көбінесе электрлі жаықтатқыштарды пайдаланады. Сонан кейін зерттелетін препаратты зат қоятын кішкене үселшеге қойып, объективке қарап отырып аспаптың мойнын оптималды фокусты аралыққа жеткенше, яғни препарат барынша оны көрінгенге дейін жылжытады. Кескін кері болып түсетіндіктен препараттың жоғарғы бөлігін төменге қарата қою керек (мысалы, эпидермис жағын жоғары)



24 сурет. Саңлаулы бұыш:

1-объектив; 2-зерттелетін объекті нүктесі; 3-сәулелер.

Препараттарды зерттеуді ол туралы тұтас түсінік болу үшін кішкене үлкейтуді бастау керек, ал содан соң үлкен үлкейтуге ауысып, препараттың басқа бөліктерін зерттейді. Микроскоппен жұмыс істеу кезінде оған бір күзді екінші күзбен ауыстыра қарау керек, себебі бұл жағдайда көз аз талады.

Әрбір элементтерді және сол сияқты өзеннің немесе шаш талшықтарының құрылымын өлшеуді окуляр-микрометрдің және объектив микрометрдің көмегімен жүргізеді.

25-сурет. Иммерсионық объектив схемасы:

1-иммерсиондық сұйық; 2-объектив линзасы; 3-жабатын әйнек; а-а’-иммерсиондық сұйықсыз сәуле; в-в’-иммерсиондық сұйықтықтың көмегімен сәулелерді объективке бағыттау.

Бірінші белгісі бар шкала бекітілген жай окуляр. Әр белгінің шамасы объективпен үлкейту дәрежесіне байланысты. Оны дәлелдеу үшін объектив микрометрді пайдаланады. Объектив микрометрді пайдаланады. Объектив- микрометрдің түрі зат қоятын шыныға ұқсайды, оның ортасында 10 мкм бөлінген шкала бар. Объектив-микрометрді зат қоятын кішкене үстелшеге қойып, окуляр микрометрді қондырылған микроскопқа өлшеуге керекті ұзындыққа қойылған микроскоптың мойнының ұзындығымен қарайды.

Окуляр микрометрдің шкаласын объектив-микрометрдің шкаласымен салыстыра, біріншісінің бөліктерінің бағасын, яғни микрометрдегі ір бөліктің абсолюттік мәнін табады. Осыдан кейін объектив-микрометрді алып тастап оның орнына зерттелетін препаратты қйып өлшейді.

Өлшеу кезінде шаманы окуляр-микрометрің бөлік мәнімен анықтап, содан кейін оларды микрометрге аударады.


Практикалық сабақ №4 Препаратты даярлау

Үлгілерді фиксациялау

Микроскопиялық зерттеуге арналған жартылай фабрикат немесе тері үлгілерін алдын-ала фиксациялайды яғни бастапқы құрылымын сақтап қалатындай қасиеттері бар химиялық заттармен өндейді. Бұл үшін процентті формальдегид ерітіндісімен өңдеу барынша кең тараған себебі, ол құрылымға жақсы еніп оның майда бөлшектеріне дейін фиксациялайды. Фксациялау үшін тері үлгілерін 20х20 мм өлшеммен бөліп, оған құйылатын сұйықтықтың мөлшерін СК-100 тең етіп алады, өңдеу ұзақтығы 24 сағ. 10 % формалин ерітіндісінде үлгілер көп сақталуына болады.


Кескіндерді даярлау

Микроскопқа өткен жарық арқылы, тек өте жұқа және біркелкі қалыңдықтағы (10-25 мкм) тілік түрінде арнайы аспаптарда мұздататын немесе жылжымалы микротомда дайындалған үлгілерді көруге болады. Жұқа тілікі тек тығыз консистенциясы бар үлгілерден ғана алуға болады. Бұл үшін үлгі ауада тез қатаятын заттарды сіңіреі (ерітілген парафин целлоидин ерітіндсі) немесе мұздатылады. Соңғысы көп еңбекті талап етпейді және барынша қолайлы.



26 сурет.Қатыратын (а) және жылжымалы (б) микротомдар: 1-ұстара; 2-ұстараны ұстағыш; 3-кіші үсел; 4-микрометрді бұранда; 5-кескінді қалыңдығын реттеуші.

Мұздатқыш микротом (26 сурет) сұйық көмір қышқылы бар баллонмен қосылған. Микротомның негізгі бөліктері: ұсағышта 2 бұранданың көмегімен бекітілген ұстара 1 үстелшесі бар мұздататын камера 3 микрометрлі бұранда 4. Оның көмегімен қатаң белгіленген аралыққа үстелшені жоғары көтереді және тіліктердің қалыңдығын реттейді (5).

Мұздататын микротомда тіліктерді алуға арналған үлгілерді фиксацияланғаннан кейін 1 сағат аралығында ағынды сумен жуып, тазартылған сумен шаяды. Олардың 4-10 мм өлшемді бөліктерді кесіп алып алдын-ала тазартылған судың бірнеше тамшысымен немесе суланған сүзгі қағазбен сулап микротомның үстелшесіне қояды.

Баллонның бұрандасын ашыңқырап аз мөлшермен көмір қышқылын жібереді; көміртек тотығы (IV) қысымның күрт төмендеуінен буланып, көп мөлшерде жылуды сіңіреді де зерттелетін бөлікті үстелшеге мұздатады.

Жақсы тілік алу үшін мұздату дәрежесінің үлкен маңызы бар. Зерттелетін объектіде саусақ ізінің қалмауы жеткілікті дәрежеде мұздағандықтық белгісі.

Тіліктерді алу үшін үстелді ұстараның жүзі үлгінің бетіне тиетіндей етіп орнатады.

Тіліктерді ұстараны өзіне жайлап тарта отырып алады.Ұстараны бар рычагты жылжытқан кезде онымен байланысқан микрометрлі бұранда 4 автоматты түрде камераны 3 үстелшемен тіліктердің қалыңдық реттегіші 5 қаншалықты микрометрге қойылған болса, соншалықты көтеріледі.

Алынған тіліктер ұстарада қалып сонда ериді немесе өзінше оралып қатыратын үстелшеге түседі. Оларды абайлап пинцетпен суы бар ыдысқа салып әрі қарай өңдеуді жүргізеді.

Микротомды таза ұстау керек, жұмысты аяқтаған соң вазелинмен майлап баллон вентилін тығыз жабу қажет.

Микротоммен мұздату жұмысын жақсы меңгергенше мұздалатын үлгі үстелшеден жерге түседі. Мұның себебі: үстелше жеткіліксіз суланған немесе үлгі иектен тыс мұздатылған.

Кесу кезінде үлгілер біраз уақыттан кейін жұсарады, сондықтан вентильді жайлап ашып оларды қосымша мұздату керек. Вентильді ашқанда көмір қышқылы ауаға жайылады, сондықтан үлгі тұратын үстелді сүлгімен жабу керек.

Гистологиялық кесінді алу үшін үлгілерді мұздатуды термоэлектрлік суыту үстелшесінің көмегімен де жүргізуге болады. Оның жұмысы термоэлектрлік эффектіге негізделген, оның мәні мынаған байланысты. Жартылай өткізгіш элемент арқылы тұрақты тоқ жібергенде оның бір қабаты жылуды береді, екінші қабаты сіңіреді, соған сәйкес температура жоғарылайды және төмендейді.

Үстелшенің жұмыс температурасы 16 градустен аспайды. Температураның ең көп төмендеуі 12 мин. аралығында болады. Үстелшені тұрақты тоқпен қоректендіру үшін селенді түзеткіш қолданады. Үстелшені кез келген микротомға оңай қосуға болады. Жылжымалы микротом 26,6 суретте келтірілген. Кесіндіні мұнда да горизонтальды жазықтықта бағыттаушының бойымен жылжытып ұстараның көмегімен алады. Жылжымалы микротомды қолдану кезінде зерттелетін затты парафинге немесе целлоидинге батырады.Құрылым парафинді жақсы сіңіруүшін зерттелетін затты алдын-ала парафинде жақсы ерітіп сұйықтармен (ксилолмен толуолмен немесе хлороформмен) өңдеп ала алады.

Затты парафингесалар алдында оның күрт кішіреймеуі және бастапқы құрылымы өзгермеуі үшін онцентрациясын біртіндеп арттыра отырып спиртпен суын арылтады. Бұл үшін затты 24 сағ. бойы біртіндеп 50-95 % этил спиртінде ұстап, содан соң екі рет 24 сағ. және 12 сағ. 100 % спиртте, спирт пен ксилол (1:1) қоспасында 10 сағ. ксилолда 8 сағ. парафиннің ксилолдағы 10 % ерітіндісіне 3 тәулік және балқыған парафинде 1 тәулік (термостатта) ұстайды. Содан соң үлгіні парафинмен бірге блок түріндегі қалыпқа тез салқындатады. Олар кейінгі кесуге ыңғайлы жағдайда болуы керек.

Алдымен қалыпшаның түбін сумен салқындатып парафиннің сыртқы қабаты тоңазығанда қалыпшаны тұтастай суға батырады.

Суығаннан кейін үлгінің айналасындағы артық парафинді үлгіге дұрыс форма бере отыра кесіп, ағаш немесе тығындық етекке еріген парафинмен желімдеп микротомның зат ұстағышына бекітеді.

Абсолютті таза шыныға ұмыртқа белогымен араласқан глицерин тамызып, оны саусақпен шыны бетіне түгелдей жағады. Сол жұқа қабыққа үлкен су тамшысын тамызып, оған парафинді кесіндіні шашақтың көмегімен мұқият тегістеп жатқызады.Шыныны әлсіз оттың үстінде кесінді толық балқығанша баяу қыздырады. Судың артығын сүзгіш қағазбен кетіріп шыныны кесіндімен термостатқа кептіруге қояды. Бірнеше сағаттан соң шыны құрғап, кесінді оған тығыз жабысады. Парафинді кетіру үшін шыныны кесіндімен ксилол толтырған стаканда бірнеше секунд жоғары төмен қозғайды. Содан соң оны 100-96 және 70 % спиртте біртіндеп 2-3 мин. ұстайды да, тазартылған сумен жуып одан кейін бояйды. Целлоидинге (динитроцеллюлозаның спирт пен эфир қосындысындағы концентрлі ерітіндісі) құяр кезде де үлгілер сусыздандырылып спирт пен эфирдің (1:1) қоспасында бір тәулік сіңіріледі. Сонан соң өнделетін үлгілерді целлоидинмен қалыпқа құямыз да целлоидин кебу үшін шыны қалпақ астына қояды. Целлоидин тығыздалғанда үлгіні дұрыс тік бұрыш болатындай етіп түзетіп ағаш тесікке желімдейді.

Пышақ пен үлгі әр кесуден соң 70 % спиртпен шашақ арқылы ылғалдандырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет