1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени жағдай және ұлттық дүниетанымдық-философиялық ойлаудың бастауы



бет32/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

39. Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени жағдай және ұлттық дүниетанымдық-философиялық ойлаудың бастауы.
Қазақтардың ұлттық философиялық пайымдау типінің ерекшеліктері мен өзіндік айырықшылықтарына және оның мәдениет жүйесіндегі қызметіне терең жасалған талдау, сипаты, типі, маңызды ерекшеліктері, дүниетанымдық дәстүрлері, тілі – осылардың барлығы қазақ халқының рухани мұрасын, түркітілдес мәдениеттің ежелгі далалық тармағы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Ұзақ ғасырлар бойына қазақтар әртүрлі мәдени ықпалдарды, өздерінің байырғы далалық түркілік дәстүрлеріне бейімдей және өзгерте отырып, сіңіре білді. Бұл дәстүрлердің тамырын терең жайып, берік орнағандығы сонша, саяси алапаттар мен соғыстар да, араб және монғолдардың ықпалы да, исламдану да оларды түбегейлі өзгерте алмады.
Қазақтардың поэзиясы – халықтың рухани тыныс-тірлігі туралы байыпты ойларға толы, айырықша философиялық пайымдау типі. Қазақы поэзиялық философиялық пайымдау – бұл зерде мен жүректің, сопылық мистицизм мен рационалды білімнің, философиялық публицистика мен лириканың қорытпасы, мұндай тұтас ішкі білім, екі – поэзиялық және философиялық ақиқаттың тоғысындағы логикалық мәндердің «жете сезілуінде» пайда болады, олар тұлғаның еркін және жауапкершілікті шығармашылық таңдауын анықтайтын, белгілі бір құндылықтық ұйғарымға бірігеді. Сонымен қатар, өнегелі жауапкершілік үнемі бірінші кезекте, қазақ философиясының сипаты мен мақсатын айқындап отырды.
ХV–ХVІІІ ғғ. қазақ хандығының ішкі өмірінде елеулі оқиғалар орын алды. Зерттеушілер атап көрсеткендей, қазақ хандығында адамдар басты екі әлеуметтік санатқа бөлінді – ақсүйектер мен қарасүйектер. Ақсүйектер, негізінен Шыңғысханның тікелей және жақын ұрпақтары болды. Шыңғысханның ұрпақтары, міндетті түрде шетінен сұлтандар мен төрелер атақтарын алып, руларды, тайпаларды, ұлыстарды басқару құқығына ие болды және сол сияқты хандық билікке де үміт арта алатын еді. Сұлтан атағы мен құқығы мұрагерлік жолмен берілді, ал басқа қауымдағы адамдардың сұлтандардың қауымына өтуіне қатаң тыйым салынды немесе қатаң жазаға тартылды.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысында хандық билік түрі қалыптасуымен бірге, әйгілі жыраулар мен ақындардың жарқын бір тобы да бой көрсетті, олар алғашқы күндерден-ақ, ХV–ХVІІІ ғасырларда орын алған, қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігіндегі шиеленісті әрі жан күйдірерліктей оқиғалардың иіріміне түсіп, кете берді. Бұл оқиғалар қазақ ойшыл-ақындарының шығармаларында рухани көрініс тапты және өзіндік идеялық оқылым, анықтамалар және түсініктер беру көзіне айналды. Қазақ хандығы дәуіріндегі әйгілі ақындар мен жыраулардың шығармашылығына арқау болған, қоғамның әлеуметтік және рухани-мәдени жағдайларының жалпы көрінісі осындай еді. Олардың шығармаларында қазақ халқының дүниекөзқарасы мен дүниетүсінігі, сан салалы тыныс-тіршілігі мен рухы жан-жақты бейнеленді.

Асан Қайғының дүниетанымы өз заманының ғана емес, келер ұрпақтың да зердесiне үлгi боларлықтай айшықтарға толы болатын. Соны байқаған хандар мен билер әулетi оған тиiстi құрметiн де бiлдiрiп отырған. Бірақ, Асан Қайғы хан сарайы маңында жүрген ақылгөй қарт рөлiмен ғана шектелiп қалмайды. Өз халқының кең байтақ даласын жан-дүниесiмен игеруге асықты, оны халқына сөзбен жеткiзуге тырысып бақты. Еркiндiк пен әсемдiктi пiр тұтқан қазақ халқы үшiн Асан қайғының айтып кеткен әрбiр сөзiнiң құндылығы бар.


Оның негiзгi арманы – адамның өмiрiн жақсарту, табиғаттың бiр мүшесi ретінде оның басқалардан айырмашылығы – өмiрдi ақыл-парасат қасиеттері арқылы ұйымдастыру қажет екенiн ескеру. Көненің көзі – халық мәдениетiнiң iнжу-маржандарының қатарында, мәңгi ұмытылмайтын мұралық жолда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет