1. глоссарий аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Аудиторлық стандарт



бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#125047
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-01.1.20.32/03-2012



«Тәжірибелік аудит» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Басылым №2 26.09.2012





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ТӘЖІРИБЕЛІК АУДИТ»

050508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ » МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012



МАЗМҰНЫ



1

Глоссарий

3

2

Дәріс материалдары

4

3

Тәжірибелік сабақтар

57

4

Студенттердің өздік жұмыстары

63


1. ГЛОССАРИЙ
Аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Аудиторлық стандарт – аудиторлық қызметті іске асыруда қолданылатын ережелердің жиынтығы.
Аудиторлық қорытынды – қаржылық есеп берушілікті тексеру қорытындыларын жүйелеп, есепте көрсету.
Аудит пәні - шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Аудиторлық дәлелдер - аудиторлардың сараптама жұмысы немесе клиенттерді және үшінші тұлғаларды тексеру барысында алған, жиналған ақпарат және аудиторлық қорытындының негізіне қызмет етеін нәтиже.
Аудиторлық ішкі дәлелдер- клиенттерден алған ақпараттар;
Аудиторлық сыртқы дәлелдер- үшінші тұлғалардан, басқа да ұйымдардан алынған ақпараттар;
Аудиторлық аралас дәлелдер- клиенттерден алынған және де сыртқы қайнар көздермен бекітілген ақпараттар болып табылады.
Қателіктер- қаржы-шаруашылық қызмет фактілерін дұрыс көрсетпеу, есептің толықтығын дұрыс қарамау; есептік жазбаларда және топтарда арифметикалық және логикалық есептеулер нәтижесінде қаржылық есп берушіліктердегі әдейі жасалмаған бұрмалаушылықтар.
Күдіксіз сенімді аудиторлық қорытынды- аудиторлық тексеруде ешқандай қателіктер жоқ, қаржылық есептің жасалуы дұрыс болғанда, бухгалтерлік есеп заңдарға, мемлекеттік ереже нұсқауларға сай, бухгалтерлік есеп стандарттарға сәйкес жүргізілгенде беріледі.
Күдіксіз ескерту келтірілген қорытынды – аудит жүргізудің барысында әртүрлі себептердің кездесуіне байланысты болады.

Күдікті сенімсіз аудиторлық қорытынды- аудит тексеруі барысында қаржылық есептің, бухгалтерлік есептің, есеп саясатының орындалмауына байланысты берілетін қорытынды.
Теріс қорытынды- субъектінің қаржылық есебі, бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі мен аудит стандарттарына сай жүргізілмеген мемлекеттік заңдарға, нұсқау ережелерге сәйкес келмеген жағдайда жазылады.

2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ.
Тақырып 1. Қорытынды қаржылық есептілік аудитінің ақпараттық жүйесі,

мақсаты және тәсілдері
Дәріс сабағының мазмұны:

1.Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

2. Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары

3. Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері


1.Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.

Ақпарат – жинау,сақтау, өңдеу объектісі болыптабылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, нарықты талдау, пайдаланылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметін пайдалану, сонымен қатар нақты шығындар жатады.

Басқару – шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек ақпарат негізінде ғана мүмкін болады.

Экономикалық ақпарат – бұл экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайтын мәліметтер.

Аудитті ақпаратпен қамтамасыз етудің міндеті – аудиторлық процесске қатысушыларды бақылаудағы объектілер, олардың қызмет етуі және нормативтік-құқықтық актілер мен кәсіпорындағы шаруашылық механизмдегі заңдарға сәйкестігі туралы хабарлау болып табылады.

Экономикалық ақпарат басқару аппаратының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық ақпаратты түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Басқару қызметі бойынша жоспарлы, есепке алу, нормативтік-анықтамалық және талдамалық болып бөлінеді.

Нормативті ақпаратқа өндірістің конструкторлық- технологиялық дайындығы міндеттерін шешу кезінде есептелінетін нормативтер мен нормалар жатады. Сонымен қатар ақпаратқа тарифтік мөлшерлемелер, айлықтар, жалақыдан бюджеттен тыс қорларға бөлінетін жарналар мөлшерлемесі, салық салу мөлшерлемесі, және т.б. көптеген ұқсас мәліметтер жатады.

Талдамалық ақпарат кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің көрсеткіштерін бағалау процесінде туындайды. Оның негізінде басқарушылық шешімдер дайындалады.

Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесіне қатысты, ақпарат шығушы және енуші болып бөлінеді. Енуші ақпарат түсу көздеріне қарай экономикалықсубъектінің ішкі және сыртқы ақпараты болып бөлінеді. Ішкі ақпарат өндірістік-шаруашылыққызмет фактілерін тіркеу кезіндегі күнделікті оперативтік есеп барысында алынған бастапқы ақпаратты, сонымен бірге кәсіпорынның басқа функционалды жүйесінің ақпаратын, мысалы, жоспарлы нормативтік және сан алуан анықтамалық ақпаратты қамтиды. Сыртқы- сыртқы орта туралы ақпарат, мысалы, жоғары ұйымдардың сан алуан директивалары, жеткізушілер мен тасып алушылардан түсетін ақпарат, банк ақпараты, өткізу нарығындағы өнім бағалары туралы ақпарат және т.б.

Есепке алу ақпараты нақты және толық , өзекті және уақытылы, жеткілікті және пайдалы болуы керек. Бастапқы ақпарат құжатпен рәсімдеу және заң нормативіне сәйкес толтырылған болуы қажет. Есепке алу ақпаратының негізгі құрамдас бөлігі – қаржылық есептеме.

Қаржылық есеп беру ақпаратына ерекше талаптар қойылады. Себебі, аса маңыздышешімдер қабылдау кезінде сыртқы және ішкі пайдаланушылар қолданады.

Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылықжағдайын, оның қызметінің нәтижелері және ол жердегі өзгерістер туралы ақпатартты көрсетеді. Олар:

-Бухгалтерлік баланс;

-Шығындар мен табыстар туралы есеп;

-Ақшалардың қозғалысы туралы есеп;

-Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп;

-Есепке алу саясаты туралы ақпарат және түсіндірмелік жазба.

Аудит мақсаттары тұрғысына қаржылқ есепберуді құру мен ұсынудың негізгі ерекшеліктері және оған қойылатын талаптар келесідей:

1) қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылықнәтижелерін, ақша қозғалысын және ұйымның меншік капиталындағы өзгерістерді қажетті менімділікпен көрсетуі керек;

2) ұйым сапалық сипаттамаларға жауап беретін ақпаратты қаржылық есеп беруді ұсынуды қамтамасыз ететін төмендегі саясатты даярлауы керек:

а) пайдаланушылар үшінорынды шешім қабылдау;

б) келесілерді қамтамасыз ететін сенімділік:

- ұйымның нәтижелері мен қаржылықжағдайыннақты ұсыну;

- оқиғалар мен операциялардың тек заңды нысандарын ғана емес, экономикалық мазмұнын да көрсету;

- бейтараптық (түрлі қатысушыларға қатысты объективті);

- байқап қарау;

- барлық елеулі қатынастарда толықтық.

3) ұйым пайдаланушылардың қаржылықжағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық өзгерістері туралы толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз етуі керек;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мерзім ішінде ұйым қаржылық есеп беруді; мемлекеттік статистика органына, әр құрылтайшы мен басқа да мүдделі пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасызетуі керек.

Қаржылық есеп берудің мақсаты – ұйымның қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен қаржылық есеп берудегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсыну.

Экономикалық ақпарат категориясы ретінде есепке алу ақпараты түрлері иерархиялыққұрылымға ие және ол былай көрсетілген: реквизиттер, көрсеткіштер, құжаттар.

Реквизиттер – ары қарай логикалықбөлуге жатпайтын қарапайым ақпараттық бірліктер. Олар объект, процесс, құбылыстардың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді және белгілі бір мағыналық мәнге ие.

Реквизит келесілерге бөлінеді: объект, процесс, құбылыстардың сандықжағын сипаттайтын реквизит негіздері және суреттеліп отырған объект немесе процесстің сапалық жағын сипаттайтын реквизиттік белгілері.

Көрсеткіш – бұл бір реквизит негіздер және бір немесе реквизит-белгілерді қамтитын ақпараттың құрамдас бөлігі болып табылады. Басқа жағынан, бұл ақпаратқа толы және құжат құруға қабілетті ақпараттың мимимальды құрамдас бөлігі.
2. Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары

Аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:

-маңыздылық;

-аудиторлық тәуекелдік;

-қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.

Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылықесеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылықесепберу белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:

-болуы (әрекет ету);

-құқықтар мен міндеттемелер;

-құбылыс;

-толықтық;

-бағалау;

-өлшеу (дәлдік);

-ұсыну және алу.

Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міндеті – басшылықтың қаржылық есеп беру жөніндегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.

Аудит мақсатының мәні – аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.

Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдіген анықтау үшін пайдалануға болады:

- сәйкестігін тексеру;

- ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кезеңдерін);

- мән бойынша бақылау;

-талдамалық реттемелер.

Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Сәйкестігін тексерудің мақсаты – елдегі нормативтік – құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің оңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:


  • клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;

  • құжаттар мен жазбаларды тексеру;

  • лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.;

  • осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.

Ішкі бақылауға тест жүргізу ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор қателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды.

Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операциялардың қажетті түрде мақылданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа номерленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.


3. Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері

Аудитті сегменттеудің түрлі тәсілдері бар. Әр шот бойынша сальдоны жеке сегмент ретінде қарастыруға болады. Бірақ мұндай сегменттеу тиімді бола бермейді. Сондықтан бір-бірімен байланысты шаруашылық операциялар циклдері мен осыған сәйкес олардың шоттарын көрсететін топтар бойынша жекеленген аудит жүргізу пайдалы. Бұлциклдік жол деп аталады.

Аудит сегменті ретінде шаруашылық операциялардың циклдерін бөліп көрсету экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі қолданатын бухгалтерлік есепжүйесі мен құжат айналым жүйесінің мазмұны ескеріле отырып жүргізіледі. Циклдік тәсіл негізінде капиталдың толық айналымын салуға болады. Бұл ақшалар, шикізат пен материалдар, негізгі құралдар мен басқа активтерді сатып алуға бағытталады. Есеп айырысу операциялары жүргізіледі. Осы процессті сатып алу циклі ретінде қарастыруға болады. Өнімдайындауға белгілі біршығындар жұмсалады. Ары қарай дайын өнімдісатады және шот-фактуралар құрайды, төлемдер алады, осындай жолмен алынған дивидендтер мен пайыздарды төлеу, сонымен қатар жаңа циклдерге кірісу үшін пайдаланылады.

Шаруашылық операциялар циклдерін бөліп көрсету аудит барысында қосарлы жазбаның есепке алу принципіне негізделетін бағытты тест жүргізу әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

Қосарлы жазба табиғатына сай кредиті бойынша жазбаның бұрмалануы дебеттік жазудың бұрмалануына немесе жіберіліп қоюына әкеледі және керісінше. Бағытты тест жүргізу әдісін пайдалану кезінде, аудитор бір шоттың дебетіне артық тест жүргізілсе, сонымен бір мезгілде корреспонденттік шот кредитіне де артыққа тест жүргізіледі.

Сонымен, типтік жобалар бағытты тест жүргізу аудитті жүргізгенде қажетті еңбек пен уақыт шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Объективтік тәсіл кезінде аудит сегменттері бухгалтерлік есеп объектілеріне дәл келеді де шаруашылық операцияларға бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарына қатысты дәлел алу тұрғысынан тест жүргізіледі.

Сонымен, әр шаруашылық операциясындағы дәлелдерді жинау кезеңінде олардың арасындағы өзара байланысты анықтамастан, бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарының орнатылған критерийлеріне сәйкестігіне дәлел жинау тұрғысынан жүргізіледі. Бухгалтерлік шоттың әр шотының аудиті аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерді жинау мақсатында олардың арасындағы өзара байланысқа талдау жасау керек.

Әрине, аудиттің мұндай нұсқасын ең ұтымды деп тануға болмайды, себебі бірдей қаржылық шаруашылық операцияларын аудитор бірнеше рет тексеруі мүмкін.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ақпарат дегеніміз не?

2.Басқару деген не?

3.Экономикалық ақпарат ұғымына анықтама беріңіз.

4.Экономикалық ақпараттың қандай түрлері бар?

5.Есепке алу ақпаратына қандай талаптар қойылады?

6.Есеп ақпаратының құрылымы қандай?

7.Қаржылық есеп беру ақпаратының мақсаттарын айтыңыз.



Тақырып 2. Сатып алу циклының аудиті
Дәріс сабағының мазмұны:

1.Сатып алу кезеңінің аудитінің бағыттары.

2.Сатып алу циклын аудиторлық тексеру
1.Сатып алу кезеңінің аудитінің бағыттары.

Сатып алу циклі процесін материалдық емес активтер, негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар және басқа активтер сатып алынатын, қарыз міндеттемелері құралатын және олар бойынша төлемдер жүргізілетін шаруашылық операциялар жатады.

Сатып алу циклі аудитінің негізгі бағыттары есеп айырысу жағдайы туралы есепке алу мәліметтерінің нақтылығы мен заңдылығын тексеру, есеп айырысу-қаржы пәндерінің орындалуы және оның кәсіпорынның төлем қабілетіне әсері, борыш нақтылығын анықтау болып табылады.

Аудитті жүргізу кезінде тест жүргізудің екі типі – сәйкестікті немесе орындалуды тексеру және мән бойынша тексеру қолданылады. Бақылаудың бірінші типі ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Нақты мәліметтердің қабылданған экономикалық нормативтерге сәйкестігін, құжаттарды рәсімдеудің қабылданған тәртібінің орындалуын бақылау.

Сатып алу циклі аудитін жүргізу кезінде орын алған қателер немесе тәртіп бұзушылықты және олардың қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау үшін кәсіпоында қолданылатын тауарлы-материалдық қорларды сатып алу операцияларын есепке алу әдістемесінің Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.

Аудитор ішкі бақылау реттемесін ұтымды зерттеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады:

- шикізат, материалдар, тауарлар және қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау;

- тауарлар мен қызмет көрсетуді алу, тексеру және қабылдау;

- бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларды тіркеу.

2.Сатып алу циклын аудиторлық тексеру

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әртүрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әртүрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылыжәне циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Ұйымдардың жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Тауарлы материалдық қорлар аудитінің негізгі мақсаты - өндірісте пайдаланылуға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартлай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі арасында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлардың бухгалтерлік есепте дұрыс бейнеленуі мен құжатталуын тексеру.

Материалдық құндылықтар аудитінде босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; көліктік-дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауап сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу туралы барлық деректер тексеріледі.

Тауарлық – материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымдықолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.



Ұйымдарды сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу кезеңдерінің функционалды аудитінің маңызды этаптары мыналар:

  1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.

  2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.

  3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.

  4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

  5. Тауарлық- материалдық қорлармен жасалатын операциялар ды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.

  6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.

  7. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.

  8. Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Қорларды сатумен тексерудің функционалдық аудитінің бағдарламасы келесі кестеде көрсетілген:


Аудит процедуралары

Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері

1.Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды талдау

Жылдық, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер

2.Бастапқы есепті, бухгалтерлік регистрді және қорлардың қозғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру

ҚЕХС, қойма есебі карточкалары, кірістік ордерлер, материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу және т.б.

3.ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 6, 7, 10 журнал-ордерлер есеп регистрлері, ҚЕХС, шоттардың үлгі жоспары

4.Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру

ҚЕХС, материалдық құнды-лықтарды түгендеу актілері

5.ТМҚ бар болуы мен сақта луын, оларды түгендеуді жүргізудің уақытылығы мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6.Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын зерттеу

Техникалық құжаттама, қойма шаруашылығын ұйымдастырудың стандарттарымен нормативтері

7.Қойма есебін, ТМҚ қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар, қойма есебі-нің карточкалары, материалдардың қозғалысының есебі бойынша тізімдеме

8.Кәсіпорынның өндірістік қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар

9.Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру

Бастапқы құжаттар, шот-фактуралар, кіріс ордерлермен және т.с.с.

10.Өніммен жабдықтау, жұмыс пен қызметті орындау жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау

Қойма есебінің карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітап, шарттар және т.с.с.




11.ТМҚ-ны өндіріске босату жөніндегі операциялардың негізділігі мен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау

Бастапқы құжаттар, материалдар қозғалысы есебі бойынша тізімдеме 10журнал-ордер, Бас кітап

12.ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын анықтау

Есеп саясаты жөніндегі материалдардың қозғалыс есебі бойынша тізімдеме, 6, 10 журнал-ордерлер

13.Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру

Ішкі тәртіп, қызметтік нұсқаулар және ҚЕХС

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен сатуды анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдамаларын толығымен негізделетін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы туралы мәліметтер де жеткіліксіз.

Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскідегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор дайын өнімді өткізумен сату жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:



  1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы.

  2. Өнімді өткізуге арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.

  3. Өткізілген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.

  4. Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

  5. Егер өнім тікелей жабдықтаушығының қоймасынан босаты-латын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.

  6. Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.

  7. Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

Өнімді сатқан соң шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында экспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапқы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалық есеп, қаржылық, статикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.

ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сату, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлық құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әртүрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбаланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.

Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуі тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қандай шаруашылық операциялар сатып алу циклін құрайды?

2. Сатып алу циклы аудитінің мақсаты не?

3. Сатып алу циклы аудиті кезінде қандай құжаттар тексеріледі?

4. Тауарлық – материалдық қорлар аудиті қалай ұйымдастырылады?

5. Тауарлық – материалдық қорлардың түгендеуі туралы не айтасыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет