1. глоссарий аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Аудиторлық стандарт


Тақырыбы 5. Ақшалай қаржылардың аудиті



бет4/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#125047
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы 5. Ақшалай қаржылардың аудиті
Дәріс сұрақтары:

1. Кассадағы ақшалай қаржылардың аудиті

2. Банк операцияларының аудиті
1. Кассадағы ақшалай қаржылардың аудиті

Ақшалай қаржылар – кассадағы және банктегі шоттағы қолда бар нақты ақшалар.

Ақшалай қаржылар аудитінің бағдарламасына мынадай сұрақтар кіреді:


  • ұйым кассасының техникалық талаптарға сай жабдықталуы;

  • кассалық операциялардың дұрыстығы;

  • кассалық құжаттардың дұрыс толтырылуы;

  • есептік операциялардың уақыттылығы және дұрыстығы;

  • жолдағы ақшалардың дұрыс есепке алынуы.

Баланстағы ақшалай қаржылардың дұрыс бейнеленуін тексеруде баланстағы мәліметтерді Бас кітаптағы келесідей бөлімше шоттарымен салыстыру керек:

1010 – «Кассадағы ақшалай қаржылар»;

1020 – «Жолдағы ақшалай қаржылар»;

1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»;

1040 – «Карт шоттардағы валютадағы ақшалай қаржылар»;

1050 – «Жинақ шоттардағы ақшалай қаржылар»;

1060 – «Басқа да шоттардағы ақшалай қаржылар».

Касса және кассалық операциялар аудиті негізінен үш бағытта жүргізіледі:

- қолда бар нақты ақшалай қаржылардың түгендеуі;

- кассаға түскен ақшалай қаржылардың толықтай және уақытында кірістелуін тексеру;

- шығынға ақшаларды қажетсіздендірудің дұрыстығын тексеру.

Кассаның түгендеуі аудитордың тексеру орнына келген уақытта басталады. Тексеруді жүргізбес бұрын аудиторкелесілерді анықтап алады:

- кассадағы ақша қаржыларының нақты қолда барына тексеруді жүйелі түрде жүргізіп отыру үшін үнемі әрекет ететін комиссия тағайындалғаны туралы жетекшінің бұйрығының бар болуын;

- кенеттен болатын тексерулердің актілерінің болуын;

- осы кәсіпорында неше кассирдің бар екендігін;

- кассирдің басқа жерлерде қосымша жұмыс істейтіндігін;

- кассирді тағайындау туралы бұйрықтың және жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісімнің болуын.

Кассаны тексеруді жүзеге асыра отырып аудитор келесідей шарттарды сақтау керек:

- кассаны тексеруді кәсіпорын жетекшісімен тағайындалған үнемі әрекет ететін комиссияның мүшелерінің қатысуымен жүргізеді, оның құрамында міндетті түрде бас бухгалтер мен кассир болуы керек;

- кассаның тексеруі кезінде бөтен адамдардың кассаға кіруіне рұқсат етілмейді;

- кассаны тексеруде барлықкассалық операциялар уақытша тоқтатылады.

Түгендеуді жүргізудің тәртібі келесідей:

1.Кассаны тексеруде қажет жағдайларда немесе бірнеше кассалардың болуында барлық кассалар аудитормен мөрленеді, кілттер кассирдеболады, ал мөр аудиторда (бұл бір кассадағы жауапкершіліктің басқа кассалардағы ақшалармен жабылуынан сақтайды)

2.Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күнге кассалықоперациялардың есебін жасайды, кассалық кітап бойынша ақшаның қалдығын шығарады және барлықкіріс және шығыс құжаттарының кассалық есепке алынғандығы жөнінде және кассаны түгендеу сәтіне кірістелмеген және шығындалмаған ақшаның жоқтығы туралы қолхат береді. Бұл қолхат касса түгендеуінің акті формасының басқы жағына тігіледі.

3.Кассалық есеп кәсіпорынның бас бухгалтерімен расталады.

4.Ақшаны санау толықтай жүргізіледі, бос ақшаларға да немесе банктік оралған ақшаларға да.

Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын басқа да ақшалай қаражаттар мен басқа да бағалықтарға жүргізіледі (пошта маркілері, баж салығы маркілері, жол билеттері, авиабилеттер төленген, санаторийларға жолдамалар және т.б.).

Ақша және бағалықтар екі қайталанып саналады (бірінші рет – кассармен, екінші рет – комиссия мүшесімен). Аудитор, ережеге сәйкес аудиторлық процедураның дұрыс жүргізілуіне бақылау жасап отыруы керек. Касса түгендеуін өткізу кезеңінде бөлшектеп төленген төлем тізімдемелері болуы мүмкін. Мұндай жағдайда аудитор бас бухгалтерге және кассирге белгіленген тәртіпте тізімдемені жауып, оларға шығыс кассалық ордер жазып оны кассир есебіне қосуды талап етеді. Егер кассаны тексеру еңбек ақы беру кезеңімен сәйкес келсе, тізімдеме бойынша көптеген тұлғаларға төленбеген болса, бұл тізімдемелерді кассир есебіне қоспауға болады, оны актте біртіндеп төленген ақшалай қаржыларға кассалық есепке жазылмаған ақшалар ретінде көрсетеді.

Мұндай жағдайда әрбір төлем тізімдемесінде еңбек ақы қандай рет номермен төленгендігі көрсетіледі және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазу кассирмен, бас бухгалтермен және аудитормен бекітіледі.

Сәйкес бейнеде толтырылмаған шығыс кассалық ордерлер және тізімдемелер, сонымен қатар басқа да адамдармен толтырылғандары касса қалдығына қосылмайды және ақтаушы құжаттар негізінде есепке алынбайды. Мұндай құжаттардың болуында аудитор кассаны тексеру актісінде бұзушылықты көрсетеді. Және бұл құжатпен кімге, қайда, не үшін, қандай мақсатта, қандай сомада ақшаның берілгендігін айқындауға нұсқау береді.

Кассада сақталатын барлық ақшалар мен бағалықтар осы кәсіпорынның иелігіндегі ақша болып табылады, басқа субъектілердің ақшалары мен бағалықтарын сақтауға тиым салынады.

5.Ақшаны және бағалықтарды санау аяқталған соң алынған соманы бухгалтерлік есепте көрсетілген оның қалдықтары мәліметтерімен салыстырады.

6.Ақшалай қаржылардың тексеруін жүзеге асыра отырып аудитор касса бөлмесінің ақшаларды сақтауды қамтамасыз етуіне, техникалық қамтамасыз етілуіне және қорғау сигнализациясымен жабдықтауынқарайды. Айқындалған бұзушылықтар түгендеу актісіне жазылады.

7.Кассадағы ақшалай қаржылардың іс жүзінде қолда барын тексеру нәтижелері түгендеу актісімен қорытындыланады, оған барлық комиссия мүшелері қолдарын қояды. Ол үш данада толтырылады (1 – бухгалтерияға, 2 – кассирге, 3 – аудиторға).

Акттің соңында кассирдің актте көрсеткен барлық ақшалай қаржылары оның жауапты сақталуында екендігі туралы қолхаты көрсетіледі.

8.Жетіспеушілік айқындалған жағдайда аудитор кассирдің жетіспеушіліктің пайда болу себептеріне жазбаша түрде түсініктеме беруін сұрайды. Жетіспеушілік көлемі үлкен болса, аудитор ол туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, кассирді тексеру аяқталғанға дейін жұмыстан босатуды өтініп, істі тергеу ұйымдарына береді.

2. Банктегі есеп айырысу шотынан алынған ақшалай қаржылардың толық және уақытында кірістелуін тексеруде аудитор операцияларды бақылаудың өзара салыстыру әдісін қолданады. Сонымен, 1010 шоттың дебеті бойынша аналитикалық есептің №1 тізімдемедегі сомаларын 1030 шоттың кредиті бойынша №2 журнал-ордердегі мәліметтермен салыстырады – олар сәйкес келуі керек. Сомалар сәйкес келмеген жағдайда кіріс кассалық ордері, банк көшірмелері, кассир есептері, чек корешоктары бойынша салыстырып тексереді, қажет жағдайларда банк мекемелері тексеріледі.

Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес кәсіпорындар кассасына ақшаларды қабылдау кіріс кассалық ордерлер бойынша жүргізеді, онда бас бухгалтер немесе кәсіпорын басқармасының бұйрығымен бекітілген тұлғаның қолыболуы керек. Кассалық тәртіпте бұзушылықтар жағдайлары болса, теріс пайдалануларды айқындау үшін тексеру жүргізіледі. Сонымен, кәсіпорындармен көп сомада ақша алған субъектілердің есеп айрысулары тексеріледі.

Басқа кәсіпорындардан ақшалай сомаларды алуға сенімхаттарды тіркеуді тексеру және сенімхаттарды ісжүзінде қолдануды тексеру де теріс пайдалануларды айқындау құралы болып табылады. Сенімхаттарды беру тәртібі бұзылған жағдайда, олармен ақшалардың түсуіне бақылау жасалмайды, теріс пайдаланулар болуы мүмкін.

3. Шығысқа ақшаларды қажетсіздендіру бойынша кассалық операцияларды тексеру тексеруге жататын барлық кезең бойынша кассалық есепке қосымша құжаттар бойынша жүргізіледі. Тексеруде кассалық операциялар бойынша есептік құжаттардың келесідей формалары қолданылады: №1 КО-1 «Кіріс кассалық ордер» және №2 КО-2 «Шығыс кассалық ордер», форма КО-3 және КО-3а «Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу журналы», форма №КО-4 «Кассалық кітап», форма КО-5 «Кассирмен қабылданған және берілген ақшаның есебі кітабы», есеп регистрлары (журнал-ордер №1, тізімдеме №1), Бас кітап, сәйкес күнге баланс және т.б.

Сонымен қатар кассалық құжаттардың толтырылуына да көп көңіл бөлінеді: әрбір құжатта алушылардың қолының болуы, кіріс құжаттарында «алынды» деген штамптың болуы, шығыс құжаттарында «төленді» деген белгінің қойылуын, операцияның жүргізілген күні, түзетулер мен өшірулердің болмауынқарайды.

Ақшалай қаржылардың кірістелуі мен шығындалуы бойынша барлықоперацияларды кассир касса кітабына жазады, ол номерленген, тігілген және сургуч мөрмен мөрленген болуы тиіс.

2. Банк операцияларының аудиті

Банк операцияларының аудиті жүргізілген операциялардың заңдылығын, дер кезінде тіркелуі және қаражаттардың дұрыс пайдалану мақсатында жүргізіледі.

Банк операцияларын тексеру кезінде анықталады:


  • қандай банктік мекемеде шот ашылған (валюталық, ерекше, есеп айырысу);

  • батапқы құжаттарда көрсетілген ақшаның банк көшірмесінің сомасымен сәйкестігін, аудитор есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша аудитор анықтайды;

  • іс- сапар негізін (өнідірістік қажеттілік, бұйрықтың болуы, аванстық және өндірістік есептерінің болуы;

  • іс-сапардың шығындар сомасын бухгалтерлік есепте субъектінің шығындары ретінде вычеты , ал салық салу мақсатында - алып тастау.

  • тауарлы- материалдық қорлардың сатып алындағандығының құжаттарды және есептерде дұрыс көрсетілуі;

  • есеп беру мерзімдерін ұстану және пайдаланбаған сананы қайтару.

Ақшалай қаржылар аудитінде банк операцияларын тексеруге көп көңіл бөлінеді. Аудиторлық тексерудің бұл кезеңінде банктегі ақшалай қаржылар шотындағы операциялардың заңдылығын, нақтылығын және шаруашылық негізділігі қаралады.

Ағымдағы банктік шоты бойынша операциялар аудитінде келесілерге көңіл бөлінуі керек:

- ағымдағы банктік шот банктің қай мекемесінде ашылғандығын;

- банк көшірмелеріндегі сомалардың оған қосымша алғашқы құжаттардағы сомаларға сәйкес келуі;

- көшірмелерге қосымша алғашқы құжаттарда банк штампының болуы (егер штамп болмаса, банкте қарсы тексеру өткізу керек немесе жазбаша түрде сұрау жүргізу қажет);

- банкке қолда бар ақшамен өткізілген ақшалай қаржылардың толықтай және дұрыс аударылуы;

- байланыстың пошта бөлімдері арқылы акцептелген төлем талаптарымен ақшалай қаржылардың аударылу негізділігі (депоненттелген еңбек ақы, алимент жәнет.б.), сонымен қатар аудармаларды алған пошта адрестарының көрсетілген тізімінің нақтылығы;

- теңге конвертациясымен байланысты операцияларды есепте бейнелеудің дұрыстығы;

- банк операциялары бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығы; әсіресе бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығындарына немесе айналыс шығындарына қажетсіздендірулер операцияларына көп көңіл бөлу керек;

- банк көшірмелеріндегі көрсетілген жазбаларды №2 тізімдемемен, №2 журнал – ордермен 1030 шот бойынша және Бас кітаппен салыстыру керек;

- банк көшірмелері және оған қосымша құжаттардың толықтығын және нақтылығын.

Банк көшірмелерінің толықтығын, олардың реттік бет номерлері және шоттағы қаржылар қалдығын көшірулермен белгілейді. Шот бойынша банк алдыңғы көшірмелері кезең соңындағы қаржылар қалдықтары келесі банк көшірмелерінің бастапқы кезеңі қалдығымен тең болуы керек. Егер банк көшірмесінде айтылмаған түзетулер мен өшірулер болса, банк мекемесінде қарсы тексерулер жүргізілуі керек.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ағымдағы активтер аудитінде қандай объекттер тексеріледі?

2.Ақшалай қаржылар қалай тексеріледі?

3.Кассалық операциялардың аудиті қалай ұйымдастырылады?

4.Кассадағы ақшаларды түгендеуді жүргізу тәртібі қандай?

5.Банк операцияларының аудиті қалай жүргізіледі?



Тақырып 6. Ұзақ мерзімді активтер аудиті
Дәріс сабағының мазмұны:

1.Негізгі құралдардың аудиті.

2.Материалдық емес активтердің аудиті.

1.Негізгі құралдардың аудиті.

Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:

1) негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

2) негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;

3) мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

4) негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

5) негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) – негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны - өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі;

6) бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;

7) негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б.

Негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының мазмұнын ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет:

а) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды ма, кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалдарға жауапты адамдар тағайындалды ма, олармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісім-шарт жасалды ма;

ә) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, материалдарға жауапты адамдарға жағдайлар жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары бар ма, олар күзет сигнализацияларымен жарақтандырылған ба?

б) кәсіпорын аумағынан тауарлық-материалдық құндылықтарды тасып-шығару тәртібі ұйымдастырылған ба, басшының бұйрығымен негізгі құрал-жабдықтардың сақталуын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия тағайындалды ма?

в) негізгі құралдардың сақталуын түгендеу мен іріктемелі тексерулер жүргізілді ме, олардың қорытындылары ресімделген бе, кем шыққан жағдайларда айыптыларға қандай шаралар қолданылды?


9.2. Негізгі құралдардың (НҚ) аудит бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітаптың негізгі құралдар бойынша мәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Бухгалтерлік баланс, Бас кітаптағы 2410, 2420, 2430 шоттар

2. Негізгі құралдардың синтетикалвық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 12 және 10 журнал-ордерлер, тозу сомасы мен негізгі құралдарды қайта бағалау есептеулері бойынша әзірлеме кестелер, алғашқы құжаттар

3. Негізгі құралдардың қойылған және пайдаланатын орындарында бар болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексаеру

Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін инвентаризациялау комиссиясын және материалдарға жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтары, материалдарға жауапты адамдармен келісім–шарттар, түгендеу тізімдемесі және салыстыру ведомстілері, түгендеу актілері қабылдау-тапсыру актілері, есептің инвентарлық карточкалары мен негізгі құралдардың инвентарлық тізімі және т.б.

4. Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау актісі (НҚ-1); жөнделген, қайта құрастырылған және жаңғыртып, жетілдірілген объектілерді қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2); негізгі құралдарды есептен шығару актісі (НҚ-3); көлік құралдарын есептен шығару актісі (НҚ-4); негізгі құралдардың есебі инвентарлық карточкалардың тізімдемесі (НҚ-10); негізгі құрал қозғалысының есебі карточкасы (НҚ-12); жалға алынған негізгі құрал есебі карточкасы (НҚ-12а); негізгі құралдардың (олардың тұрған, пайдаланылатын орындары бойынша-НҚ-13)

5. Негізгі құралдардың жіктелуін жасаудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттама (паспорт, ерекшеліктері, іріктеп жинақталған ведомость және т.б.) НҚ-1, НҚ-2, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, НҚ-13 және т.б.

6. Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру

Келісімшарттық баға хаттамалары, сатып алу-сату келісім-шарттары, негізгі құралдарды қайта бағалаудың әзірлеме кестелері, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6

7. Негізгі құралдарды кіріске алудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттама, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 және т.б., 1-8 журнал-ордерлер, Бас кітап

8. Негізгі құралдардың тозуын есептеу мен көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі әзірлеме кестелер, нормативті құжаттар, 10 журнал-ордер, Бас кітап: 2421-2429 және 8045 шоттар

9. Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізділігін және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, жобалық-сметалық құжаттама (ақау ведомостілері, сметалар және т.б.); орындалған жұмысты қабылдау-тапсыру актілері, мердігерлер мен келісім-шарттар, басқа алғашқы құжаттар, аналитикалық есеп мәліметтері және 8044 «Негізгі құралдарды жөндеу» шотының мәліметтері

10. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша жал төлемін есептеу шоттарда көрсетудің және т.с.с. операциялардың дұрыстығын тексеру

Жал шарттары, жалға алынған (ұзақ мерзімді жалға алынған) негізгі құрал-жабдықтар есебі карточкасы (НҚ-12а)


11. Негізгі құралдардың істен шығуын есепте дұрыс көрсетілуін тексеру

НҚ-1, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, келісімшарттар, ағымдағы түгендеу қорытындылары, 12 журнал-ордер, Бас кітап

12. Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебі мен есептеудің дұрыстығын тексеру

Есептеу ведомостілері, салықтар бойынша есеп айырысулар, 5, 8 журнал-ордерлер, Бас кітаптағы 1250, 3130, 3160-3170 шоттар

13. Негізгі құралдардың техникалық жағдайымен тиімді пайдалануын сараптау

НҚ-ны тиімді қалыптастыру мен пайдалану (қор қайтарымдылығы, экстенсивті, интенсивті және интегралды жүктеме және т.б.) көрсеткіштерінің сараптамалық есептеулері

Негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар аудару керек:

а) мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан (меншікті әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған), белгіленуі бойынша (өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі ролі бойынша (белсенді-активті немесе бәсен-пассивті) және т.б. жіктеудің дұрыстығы;

ә) бастапқы құнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта үшін) көрсету тізбесін;

б) кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтін 2420 шотында бітпеген құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс объектілері;

в) әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;

г) негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді (беретін тарап ҚҚС-ны төлеуші болып табылады және т.б.).

Аудитор жабдықтаушы (мердігер) төлейтін ҚҚС-ын есепке ала отырып, негізгі құралдарды өтеусіз алу мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен есепте көрсетілуінің дұрыстығын жете зерттейді. Осы объектілер бойынша, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі мәліметтеріне сай 12 және 10 журнал-ордерде 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында көрсетілген көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі.

Сонымен қатар негізгі құралдардың қозғалысын қадағалауда келесі шоттардың корреспонденцияларының дұрыстығын қарау қажет:

1. Негізгі құралдарды өтеусіз алуда:

а) қалдық құн бойынша – Д-т 2411-2417 шоттарында К-т 6130 шоты;

ә) жинақталған тозу сомасына –Д-т 2412-2417 шоттарына К-т 2421-2429 шоттарына;

б) салықтық шот-фактураға сәйкес, ҚҚС ескерілген –Д-т 1250 шотын К-т 6130 шоты.

2. Негізгі құралдарды субъектінің өзі дайындағанда:

а) құрылыс процесінде субъектінің шеккен нақты шығын сомаларына Д-т 2420 шотына К-т 1317, 3310, 3350, 3140 шоттарына;

ә) дайындау (құрылыс) біткен соң объектілерді кіріске алу Д-т 2412-2417 шоттарына К-т 2420 шотына;

б) негізгі құрал түскенде 12 бөлімшенің Д-т 2400 «Негізгі құралдар» мен К-т 2420, 5110, 3320-3320, 6130, 1030, 1010, 3310, 3210 шоттарына корреспонденция жасалады. Өндірістік қажеттіліктер үшін алынған негізгі құралдар бойынша НҚ (негізгі құралдар) бұған кірмейді. Кәсіпорынға ұсынылған ҚҚС Д-т 1420 «Орнын толтыруға жататын ҚҚС» шоты бойынша К-т 3310 және 1280 «Басқа да дебиторлық берешек» шоттары корреспонденциясында, ҚҚС қоса есептеу Д-т 3130 шотында К-т 3110 шотына жазылып, есепте көрсетілуі тиіс.

3. 12 бөлімшенің шоттарында ескерілген негізгі құралдарға әр сайын амортизация есептеледі: Д-т 2420, 8415, 7910, 7110 шоттарының және К-т 13 бөлімшенің «Негізгі құралдардың тозуы» - 2421-2429 шоттарының, Д-т 8410 шоты К-т 8114 шоты, Д-т 8114 шоты К-т 8410 шоты, Д-т 8110 шоты К-т 8114 шоты корреспонденцияларының кезең бойы тозуды есептеу тәртібі зерттеледі, әсіресе, негізгі құралдардың жиі қолданыстағы бөлігінің жылдам тозу әдістемесі пайдаланылатын (есеп саясатымен салыстырады) объектілер бойынша амортизацияның (тозуының) бірыңғай нормаларының сақталуы анықталады.

Әдеттегідей іс-әрекеттен салық салуға дейінгі табыс (шығын) көлеміне негізгі құралдардың істен шығуынан болатын қаржылық нәтижелер тікелей әсер етеді, сондықтан аудиторлар К-т 6210 «Негзгі құралдың шығарылуынан түсетін табыс» пен Д-т 1210, 1250-1230, 1030, 1010 шоттарының корреспонденциясының дұрыстығын зерттейді.

Негізгі құралдарды беру нәтижесінде болған шығындардың орнын толтыру ықтимал көздерге, «Табыстар» мен «Шығыстар» бөліктерінің шотына есептен шығарудың заңдылығына ерекше көңіл бөлінеді.

Аудитор Д-т 8414, 7400, 7110 шоттарының К-т 3210 «Басқалар» «Негізі құралдардың жөндеуге шығатын алдағы шығыстар резерві» аралық шоты, Д-т 3210 шоты К-т 3310, 1310, 3350, 3140 шоттарының жөндеу қоры есебінде пайда болу дұрыстығын зерттеуі қажет. Негізгі құралдар объектілерінің кем шығуы немесе бүлінуі жағдайында Д-т 1260 шоты К-т 2413-2417 шоттарының; Д-т 7210 шоты К-т 3130 шотының, Д-т 2423-2428 шоттары К-т 2413-2417 шоттарының; Д-т 1251 шоты К-т 1260 шотының; Д-т 1251 шотының К-т 3520 шотының; Д-т 1010, 5480 шоттарының К-т 1251 шоты; Д-т 3520 шоты К-т 6210 шотының дұрыстығын білуі керек.

Негізгі құралдардың ағымдағы жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік есепте түп-түгел кезең шығыстарына, ал салықтық есепте-шегерілімге жатқызылады.

Күрделі жөндеу шығындары бухгалтерлік есеп пен құндық баланста салық есебіндегі негізгі құралдардың тиісті тобы активтің жағдайын алғашында есептелген нормативтен артық өнімділікті арттырып, жақсартқан кезде ғана (мәселен, автомобильге жаңа двигатель қойылды) объектілердің бастапқы құнын ұлғайтады.

Аудитор жөндеу жөніндегі операцияларды көрсету дұрыстығын тексеруі тиіс, мысалы:

а) жөндеу қорын (резервін) шаруашылық тәсілмен құру:

Д-т 8414 шоты К-т 3210 шоты;

ә) жөндеу цехының негізгі құралдарды (НҚ) жөндеу бойынша шығындарын анықтау:

Д-т 8310 шоты К-т 8311-8314 шоттарының;

б) құрылған жөндеу қоры (резерві) есебінен шығындарды есептен шығару:

Д-т 3210 шоты К-т 8310 шотының.

Негізгі құралдардың кем шығуы

а) баланстық құнға – Д-т 2180 шоты К-т 1250 шоттарының;

ә) айыпты адамға Д-т 2150 шоты К-т 2180 шотының;

б) есепке бұрын алынған ҚҚС сомасына Д-т 7210 шоты К-т 3130 шоты.

Жал мерзіміне байланысты мүлікті былайша бөледі:

а) 3 жылдан астам мерзімге берілген ұзақ мерзімдік жал (лизинг);

ә) орташа мерзімдік (хайринг) – 1-ден 3 жылға дейін;

б) қысқа мерзімдік (рентинг, чартер) – 1 жылға дейін.

Беру шарттарына қарай мерзімдік және ағымдағы жалға алу болады.

Ағымдағы жалгерлік – жалға берушінің өз мүлкін жалға алушыға белгілі бір мерзімге міндетті түрде қайтаратындай етіп беру. Жал мерзімінде меншік иесінің құқықтары мен міндеттемелері жалға берушіде қалады, жалға алушыға мүлікке ие болуы құқы ғана ауысады.

Ұзақ мерзімді жалгерлікке келесі объектілер жатқызылады: барлық келісім шартпен алдын-ала келісілген төлеу бағасы төленген жағдайда бұрын немесе жал мерзімі өткен соң жалға алушының (төлеп алу) меншігіне көшуі қарастырылады. Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды жалға беру мерзімі біткен соң, жалға берушіге қайтарылады.

Д-т 4150 шотына К-т 2411 – 2420 шотына.

Тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:

а) мүлікті жалға беру жал шарты бойынша жасалады және қабылдау-тапсыру актісімен беріледі (жалға алынған объектілердің қызмет мерзімі мен жал төлемінің көлемі);

ә) жалға беруші мүлікті жалға тапсырудан түскен қаржылық нәтижелер пайдада немесе болашақ кезеңдердің кірісінде көрсетіледі;

б) егер келісімшартта жалға алушының қаржысы есебінен жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы салу қарастырылса, онда жал мерзімі аяқталған соң жалға берушіге өтеусіз беріледі, негізгі құралдарды өтеусіз беру жайлы бухгалтерлік жазбалармен ресімделеді.

в) ағымдағы жолда жалға алынған негізгі құрал есебі баланстан тыс «Жалға алынған негізгі құралдар» шотында жал шартында белгіленген бастапқы құн бойынша жүргізіледі;

г) ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар есебі «Ұзақ мерзімдік жалға алынатын негізгі құралдар» аралық шотында, ал жал төлемі бойынша есептеулер (жалға беруші де) «Түсуге тиісті жал міндеттемелері» шотында жүргізіледі.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау тексерудің маңызды процедураларының бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әртүрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэфициенттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек.

Сонымен қатар қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қордың жарақтандырылуы, айналымдылығы, негізгі құрал-жабдықтарды жанаруы, істен шығуы мен тозуы коэффициенттері, негізгі құралдарды және т.б. экстенсивті, интенсивті және интегралды коэффициенттері сияқты көрсеткіштер есептеледі.



2.Материалдық емес активтердің аудиті.

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Аудитор бұл обьектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары,) ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа алады.

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік обьектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл обьектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі (1-кесте).

Обьектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:

А) жарғы капиталына санаткерлік (интеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері бойынша;

Ә) бұл обьектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;

Б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.


1. Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы

Аудит (процедурасы)

Ақпараттың шығу көздері

Баланс көрсеткіштері Бас кітабінің мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру

Баланс. 2710, 2730, 2720, 2740 шоттар бойынша Бас кітап

Баланс көрсеткіштерінің Бас кітабінің мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру

Бас кітап есеп регистрлері, 12,10 журнал ордерлер, «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжаттар

Кәсіпорынның бұл обьектіге меншіктілік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру.

Патент, лицензия, автолық куәлік, сызба (схема), жоба үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен кеміту туралы келісім-шарттар, ас рецептурасы, геологиялық карталар және т.б.

Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру

Келісім-шарттық бағалардың хаттамаларды, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қортынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б.

МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8 журнал ордерлері, Бас кітап

МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексеру

«Материалдық емес активтердің амортизациясының сомасы есептеу» әзіреме кестесі, 10 журнал ордер

МЕА істен шығу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 10 журнал-ордер

МЕА түгендеу қортындыларындағы шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру

Түгендеу (инвентарлық) тізімдемесі (опись), салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12журнал-ордері

МЕА қатысты салықтарды есептеу мен есептің дұрыстығын тексеру

Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5,8 журнал-ордерлер

Белгілену мен атқарылатын функцияларына байланысты материалдық емес активтер 3 негізгі топқа бөлінеді:

- Санаткерлік меншік;

- Мүліктік құқықтар;

- Кейінгі қалдырылған шығындар.

Санаткерлік (интеллектуалдық) меншіктің обьектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер (модельдер), жаңалықтар, өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ (электронды есептегіш машиналар) үшін бағдарламалар, сараптар жүйелері, «ноу-хоу», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.

Мүлік пайдалану жөнінде мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын (жер қойнауын, минералдық қазбалармен т.б.) жер телімдерін (учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін және т.с.с

Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады:

А) ұйымдастыру шығыстары;

Ә) ғылыми-зерттеу жұмыстары;

Б) тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.

Алайда 38 ҚЕХС пен 28 БЕС-қа сәйкес ақшалай емес материалдық емес баптар бойынша шығындар сол болған есепті кезең шығысы ретінде осындайды танылады:

1. бухгалтерлік есептің басқа стандарттарына сәйкес атқарылатын материалдық емес баптарға жатпаса;

2. оны тану белгілері (критерийлері) мен анықтамасына сай келетін материалдық емес актив құнының бөлігі құрасы.

Материалдық емес активті тексергенде мынадай жағдайларға назар аударған жөн:

1.«Гудвилл» (Гфб)-фирма бағасы (іскерлік бедел)-әдетте дамыған елдерде

біртұтас мүліктік-қаржылық кешен (МҚК) ретінде фирманың құны мен олардың актив құны (АҚ) арасындағы айырманы сипаттайтын құндық категория:

Гфб=MҚК-АҚ

2.ҚР бухгалтерлік есеп жүйесінде «Гудвилл» (Гоф) заңды түрде әзірген аукционнан және конкурс бойынша жекешелендіру процесі үшін қолданылады. Осыған байланысты отандық фирма (ОФ) иелікке алатын баланстық құны (БҚ) мен сатылымдық бағасы (СБ) арасындағы айырма ретінде белгіленеді:

Гоф=СБ-БҚ

Азаматтың санаткерлік (интеллектуалды) және іскерлік жақтары, оның ішінде біліктілігі мен еңбекке деген қабілеті одан алынап, басқа адамға берілуі мүмкін емес болғандықтан, материалдық емес актив болып танылмайды.

Материалдық емес активтер обьектісінің бар екендігі құжат түрінде ресімделеді ме? Есепке алынатын материалдық емес активтің кез келген обьектісі оны елестетуге болатындай обьективті түрде көрінуі тиіс. Мысалы, егер жерді пайдалану құқығы енгізілсе, онда бұл құқықты есепке алу үшін белгіленген заңнамалық тәртіпке («Жер учаскесіне меншік құқығын беретін акт») сәйкес ресімделуге тиісті, кәсіпорынның пайдалануына берілу фактісі мен жер учаскесіне құрылтайшылық құқықтырастайтын тиісті құжаттама болып табылады.

Талап-құқығына ие болу, пайдалы үлгілерге, өндірістік үлгілерге құқықтарды алу Патенттік ведомоствада тіркелуге тиісті лицензиялық келісім-шарттармен расталуға тиісті:

а) «ноу-хауды» иелікке алуды көрсету үшін кәсіпорын оны бейнелеу мен сипаттауға билігі болуы керек;

ә) тауарлық белгіні немесе қызмет көрсету белгісін сатып алу Патенттік ведомоствада тіркелген кеңшілік жасау туралы шартта тұжырымдалуы тиіс. Мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, әсіресе, ұлттық тағам мейрамханаларында тағам мәзір, ал геологиялық барлау кәсіпорындарында геологиялық есеп, карта және материалдар түрінде ұсынылған жер қойнау туралы геологиялық немесе басқа ақпарат жарғылық капиталына салым бола алады.

Материалдық емес активтер құнының бастапқы бағасы дұрыс көрсетілді ме?

Ол мынадай түрде айқындалады:

а) жарғы капиталына салымдар жағдайында-тараптардың келісімі бойынша;

ә) басқа заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп иелікке алу мен кәсіпорында обьектілерін құру жағдайында-іс жүзінде нақты жасалған иелікке алу (құру) және бұл обьектілерді әзірлік деңгейі жағдайына келтіру (ҚҚС-сыз және арнайы салықтар) бойынша шығындарға негізделеді;

б) басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алуда сараптау жолымен.

Пайдаланушыларда аталмыш обьектінің патентін алу фактісін растайтын құжаттамасы бар ма? Кәсіпорынға МЕА түсуі МЕА-1 қабылдау-тапсырыс актісі бойынша, ОС-1 негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісіне ұқсас пішінде (формада) ресімделеді.

8. Материалдық емес активтердің обьектілері кәсіпорынның баланс есебінен дұрыс шығарылды ма?

9. Материалдық емес активтер обьектілерге тозу дұрыс есептеледі ме? Амортизациялық аударымының мөлшері жалпы ережеге сәйкес бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзіміне (бірақ кәсіпорынның іс-әрекеті мерзімінен аспауы тиіс) негізделіп есептелген нормалар бойынша ай сайын анықталуы тиіс. Пайдалы қызмет ету мерзімі болып қолданылатын обьектілердің пайда немесе кәсіпорынға басқадай тиімділік әкелетін уақыты саналады. Пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін емес жағдайда немесе қиынға түскенде материалдықемес активтер бойынша амортизациялық аударымдар нормасы 10 жылға деп есептеліп, белгіленеді. Материалдық емес активтердің кейбір түрлері бойынша амортизация мүлдем есептелмейді. Бұлар құны уақыт өте келе кемімейді, не болмаса пайдалануына қарай пайдасы азаймайды деген сенімділігі бар активтер. Әлемдік тәжірибеде мұндай активтерге «ноу-хау» құқығы, тауарлық белгілер және т.б. жатады.

10. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі дұрыс жүргізіле ме:

а) 10 бөлімшеде 2730 «Лицензиялық келісімдер», 2710 «Гудвилл»,

ә) материалдық емес активтерді салым шоттарына Д-т 2730 шоттарына және К-т 5110 шоттарына (51 «Төленбеген капитал» бөлімшесіне) жарғы капиталына енгізгенде;

б) заңды және жеке тұлғалардан материалдық емес активтерді алғанда және кіріске алғанда төлемге дейін Д-т 2730 шоттармен және 1220 бөлімшесінің «Еншілес (тәуекелді) ұйымдарға берешек» К-т 3320-3330 шоттары; сондай-ақ К-т 4110, 1010 және 1030 шоттары бойынша көрсетіледі.

11. Есептің журнал-ордерлік түрінде материалдық емес активтердің амортизациясын есептеуге: 2740 «Басқа материалдық емес активтердің амортизациясы»

12. 2720 «Гудвиллдің құнсыздануы» материалдық емес активтер шоттары бойынша бухгалтерлік корреспонденциялар дұрыс жасалды ма?

13. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі мен олардың тозу мәліметтері Бас кітаптағы және басқа бухгалтерлік регисторларға жазбалармен сәйкес пе?

14. Материалдық емес активтерді жасау бойынша барлық шығыстар 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында «Материалдық емес активтерді жасау бойынша шығыстар» аралық шотында шоғырланады.

15. Субьектінің ұйымдастырушылық шығыстары шыққан шығыстардың нақтылы құнымен Д-т 2740 «Басқа материалдық емес активтердің амортизациясы» шотында К-т 1030, 1010, 3310 шоттарында көрсетіледі.

16. Пайдалану барысында материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу үшін есептеу үшін келесі негізгі корреспонденциялар қолданылады:

а) Д-т 2930 шотына к-т 2740 шоттарында; Д-т 1210 шотында, К-т 3130 шотында ҚКС сомасында құрылыста, қайта құруда және басқадай күрделі қаражыда;

ә) Д-т 8415 шотын К-т 2740 шоттарындағы өнім өндіруде, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметте;

б) өнімді, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізу процесінде Д-т 7110 шотында К-т 2740 шоттарында;

в) жалпы және әкімшілік шығыстары Д-т 7210шотына К-т 2740 шоттарында.

17 Төменде көрсетілгендердің нәтижесінде материалдық емес активтердің істен (есептен) шығуы:

а) өткізуге байланысты есептен шығару:

- қалдық құны бойынша Д-т 7410 шоты К-т 2730 шоттары;

-жинақталған амортизация сомасына Д-т 2740 шоттары К-т 2730шоттарына;

-келесі шарттық құнға (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 шотына К-т 6210 шотына, Д-т 1210 шотына К-т 3130 шотына ҚҚС сомасына;

ә) мыналарған өтеусіз берілсе:

-баланстық құнға Д-т 7410 шотына К-т 2740 шоттарына К-т 2730 шоттарына;

-МЕА келісілген құнына (егер ол баланстан асатын болса) Д-т 2210-2310 шоттарына К-т 6210 шотына;

-берілген МЕА келісілген құнына егер ол баланстыққа сәйкес болса, онда баланстық құнға Д-т 2210-2310 шоттарына к-т 2730шоттарына;

-бұрын есептелген тозу сомасына Д-т 2740 шоттарына К-т 2730 шоттарына.

18. Материалдық емес активтерді өткізуден түскен табыс К-т 6210 «Материалдық емес активтердің шығарылуынан түсетін табыс» шоты бойынша Д-т 1020 «Ұлттық валютада ағымдағы, қорреспонденттік шоттардағы ақша», 1010 «Кассадағы қолда бар ақшалар», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді берешегі» немесе 2180 «Басқа да дебиторлық берешек» шотынан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет