1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Болмыс. Онтология және метафизика



бет28/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
umkd filo2024

4. Болмыс. Онтология және метафизика

Дәріс мақсаты: Онтологиядағы болмыс, уақыт-кеңістік және ғұмыр, мән секілді іргелі түсініктер туралы алғашқы түсініктердің мәнін ашып, әсіресе дүниенің шындығы, адам өмірінің мән-мағынасы, ғарыштың құрылымы туралы күрделі мәселелерді талдап, бұл пәнді ары қарай оқуға метафизикалық негіз қалыптастыру.
Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл - әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс - бұл ақыл - оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе - тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізеалатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді.
Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс - әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жолашты.
Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. Парменидтің болмыс проблемасын жалғастыру мен жетілуін қалыптастыруда философтар үшін шынайы «өмірде» болмыстың барын сезінуіне байналысты болды. Мысалы, жасанды болмысты философтар орта ғасырда құдайдан, - деп білді, ал басқалары шынайы материалды және материалды емес, - деп ойлады, бірақ әртүрлі дәрежеде болмыстың жасанды қатысы бар. Жасанды болмыс сөзсіз мойындаса адам болды, оның ойы, оның қажеттілігі оның өмірі. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі. Рухани (идеалдық) болмыс, ол индивидуалды рухани және объективті руханиға бөлінеді. Әлеумет болмысы индивидуалды болмыс пен тарихи болмысқа бөлінеді.
Болмыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. «болмыс» категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер - ақ дүниеге әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндері-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды. Материалистік философияда ол сезім - түйсікпен қабылданатын материяны, материалдық объектілердің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдірді. Ал идеалистік философияда болмыс идеяларының жалпы мәні, ұшы - қиырсыз жиынтығы түрінде логикалық категориямен жалаң қызмет ретінде көрінеді, сөйтіп материализмде болмыс-табиғат болмысы, ал идеализмде - табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, процестердің, адамдардың түпкілікті, тиянақты болмысында қашан да санадан тәуелсіз өмір сүруін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге,яғни болмыстын ескі формасынан жаңасына ауысуы. Сондықтан өзінің болмысында дүние материяның ғана емес, соңдай-ақ сананың жиынтық ақиқаты ретінде көрінеді: «сана ешқашанда танылған болмыстан басқа нәрсе болмақшы емес, ал адамдардың болмысы-олардың тіршілігінің нақты процесі». Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерінің, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оныңақыл- ойы ұшы - қиырсыз, тоқтаусыз дүниесінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғышарты болып табылады. Бұдан: болмыс материалдық негіздің алғышарты болып табылады және материя мен болмыс ұғымдары толық үйлеседі деген кері түсінік тумауы керек. Бұл салыстырмалы үйлесім ғана, дүниенің субстанциясы болмыс емес, материя болып табылады: дүниенің бірлігі оның болмысында емес, оның материалдық негізінде; сананы болмыс емес материя оятады. Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің біртұтас кейінде болғанын, болып отырғанын және болатынын көрсететіндігінде. Бұл орайда әңгіме болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр: а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың, табиғи және адам жасаған заттармен процестердің болмысы; ә) адам болмысы; б) жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы және в) адамның қоғамдағы және жалпы қоғамның әлеуметтік болмысы. Табиғат болмысы; объективтілігімен - адам санасына дейін, одан тыс және тәуелсіз өмір сүруімен - кеңістік пен уақытта мәңгі - бақи болуымен - ол барлық жерде және әрқашан болуымен, болып отыруымен және болатынымен сипатталады.
Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық басты мәселелердің бірі болып табылады. Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде ол жоқ па? – деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді?
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категориялардың бірі. Ол жалпылай алғанда «бар болу», «өмір сүру» мәселесін қамтиды. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманда болмыстың екі түрі бар. Тар мағында болмыс – адамның санасынан тәуелсіз , тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алған болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір сүретіннің барлығын – материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін қамтиды. Философтар болмыстың өткені мен ертеңі жайында ортақ пікірге келмеді. Бір тобы бұл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған және бола береді десе, енді біреулер дүние бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Сөйтіп болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісіқалыптасты.
Антикалық дәуірдің өкілі Платонның ойынша, болмыс дегеніміз – мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі пайда болады, өткінші, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінң күңгірт бейнесі ғана.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлық философияныың өзегі – Құдай болмысы. Құдай мәңгі, уақыттан да кеңістіктен де тысқары тұр. Ол бүкіл әлемді , адамды жаратушы.
Қайта өрлеу дәуірінде, әсіресе, Жаңа заман дәуірі де ғылым мен техниканың өрістеп дамуына байланысты философияда адамға, ғылым мен ақыл-ойдың жетістіктерін адам игілігіне пайдалануға бетбұрыс болғаны белгілі. Осыған орай болмыс ұғымын табиғатпен ұштастыруға, адамның жаратушылық қабілетімен, ақыл-ой пәрменділігімен байланыстыруға ұмтылыс пайда болды ( Ф.Бэкон, Р.Декарт).
Неміс классикалық философияның аса ірі өкілі Г.Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесіндеқарастырды.
Болмыстың түрлері туралы мәселе философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негігі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет