1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет30/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
umkd filo2024

5. Таным және шығармашылық


Дәріс мақсаты:Философиялық ойлау мен зерделеудің өзіндік ерекшелігі оның рационалдығы мен сынилығы екенін ұғынып, философиялық сипаттау, пайымдау жасау, дәлелдеу жүйелерін, әсіресе логикалық аргумент келтіру амалдарын игеру.
Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.
Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.
Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болыптабылады.
Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.
Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.
Таным түрлері:

    1. қарапайым немесе жекелік таным: жеке тәжірибе мен қарым қатынас негізінде, қоғамдық білімді меңгеруде және күнделікті іс әрекет процесінде қалыптасады. Бұл ілімнің ерекшелігі біліммен, жекелеген объектілермен және оқиғалар туралы ақпаратпен қорытындыланады. Өзінің формасы арқылы образды түрде көрінеді, бірақ оның мазмұнында логикалық және рациональдық ойлау жүйесі де бар. Сонымен қатар, толық ақпараттық білімнің формасы ретінде де көрінеді. Жиырма жасына толған адамныңбілімібарлық ғылымдардың толыққан және жиналған ақпараттардан дәрежесі әлдеқайда үлкен екені бәрімізге мәлім.

    2. ғылыми таным күнделікті, қарапайым танымнан өзіндік бойынша ерекшелінеді. Ғылым үдерістер мен құбылыстардағы қажетті болып табылатын жалпы заңдылықтарды зерттейді, сонымен қатар, ғылымның негізгі пәні ретінде заңдылықтарды білу болып табылады. Ғылыми білім әрқашан жалпы түсініктерге негізделген, яғни ғылымда көбінесе логикалық және түсініктерді білубасым.

Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет