15. Какие водоросли использует человек в своей практике?
Балдырлар (водоросли) теңіз, көл, өзендерде және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді. Олардың біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы түрлері болады. Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом (қатпаршақ) деп атайды. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігін таллом дейді. Таллом грекше «таллос» – өркен, жас бұтақ, қатпаршақ. Балдырдың жасуша қабықшасы жақсы жетілген. Жасушасы көбіне бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары және вакуолі болады. Жасушасында балдырға түс беріп тұратын хроматофорлары біреу, екеу, кейде одан да көп болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды – хроматофор дейді. Хроматофордың түстері әр түрлі. Соған байланысты жасыл, қызыл, қоңыр, сары балдырлар деп бөлінеді.
Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден шайыр, бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа қолданады
Судағы біржасушалы жасыл балдырлар – су жәндіктерінің қорегі. Фотосинтез кезінде бөлінген оттегімен су өсімдіктері мен жәндіктері тыныс алады. Хлорококк балдырларының қалдықтары шіріп, топырақ түзуге қатысады.
16. Чем отличается стержневая корневая система от мочковатой?
Тамыр (лат. radix) — Тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.
Кез келген өсімдіктің барлық тамырлары бір-бірімен байланысты және олар тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің құрамына құрылысы әр түрлі тамырлар-негізгі, жанама және қосалқы тамырлар кіреді.
Негізгі тамыр ұрықтан өсіп шығады. Негізгі тамырдан жанама тамырлар таралады. Олар көбінесе сору аймағында пайда болады.
Қосалқы тамырлар өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен өсіп шығады. Олар тамыр жүйесінің жаңаруынан немесе зақымдалудан, кесілуден кейін пайда болады. Қосалқы тамырлар тамыр жүйесінің топыраққа жанасу бетін ұлғайтады.
Өсімдіктің негізгі тамырлары әр түрлі болады. Мысалы, зығырдың негізгі тамырының ұшы аздап тармақталған және өзі жіңішке жіп тәрізді. Оның өте жақсы дамыған негізгі тамырынан ұсақ жанама тамырлар, ал жанама тамырлардың өзінен ұсақ тамырлар өседі. Ол тамырлар жіп тәрізді тамырлар деп аталады.
Астық тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі жиналыңқы келеді, олар шашақ тамыр деп аталады. Шашақ тамырда негізгі тамыр байқалмайды. Сабақтан тармақталған қосалқы тамырдың қалың шоғы өседі. Пияз, сарымсақ, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тарыда шашақ , тамыр жүйесі болады.
Негізгі тамыры өте жақсы жетілген өсімдіктердің тамыры білеу немесе кіндік тамыр деп аталады. Оларда негізгі тамыр өзінен шыққан жанама тамырмен салыстырғанда жуан және ұзын болып келеді, көзге бірден байқалады. Үрмебұршақ, асбұршақ, сәбіз, бақбақ,қауын, күнбағыс, т.б. тамырлары кіндік тамырға жатады. Кейбір өсімдіктердің негізгі тамыр жасушаларына қоректік заттар жиналады. Сондықтан олар жуандап пішіні тамырға ұқсамай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |