8. Охарактеризуйте флору и фауну Восточного Мангышлака.
9. Охарактеризуйте флору и флору Центрального Мангышлака.
Маңғыстау түбегі — Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-батысында енсіз, шағын Түпқараған түбегінен оңтүстік-шығысында Үстіртке дейін, солтүстігінде Каспий маңы ойпатынан оңтүстігінде Қарабұғаз шығанағына дейін 390 км-ге созылып жатыр. Енді жері 160 км-ге жетеді.
Маңғыстау түбегі биік үстірттен және аласа таулардан тұрады. Солтүстік-батысын Маңғыстау таулары қамтиды. Таулы бөлігі пермь мен триастың әктас және конгломерат қабаттары кезектесіп отыратын құмтас пен тақтатастардан түзілген. Ең биік жері — Бесшоқы тауы (556 м). Түбектің көп жерін Маңғыстау үстірті алып жатыр.
Сұр, қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Көпшілік бөлігі жусанды-сортаңды шөл.
Түбектің орталық бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 200 км-ге созылған Маңғыстау тауы жатыр. Ені 30-60 км. Таудың орталық бөлігінде ендік бағытқа созылған Қаратау тауы орналасқан. Ол негізінен пермнің, триастың және юраның жер бетінде ашылған құмтастарынан, әктастарынан және тақтатастарынан құралған. Жербедер ерекшелігі жағынан Маңғыстау Қаратауы қатпарлы-лықсымалы аридтік-денудациялық аласа тауларға жатады
Беткейінің біразы ұзындығы бірнеше км-ге созылатын терең шатқалдармен (сайлармен) тілімделген. Батыс Қаратаудан солтүстікке және оңтүстікке қарай Солтүстік және Оңтүстік Ақтау деп аталатын екі бұйрат шығады. Олардың Қаратау беткейіндегі айдары мен тік жары ақшыл әктастардан құралған, сондықтан да бұл жоталар Ақтау деп аталады. Олар Қаратаудан көлденең ойыспен дараланған. Бұл таулардың абсолюттік биіктігі 322 м-ден аспайды.
Жазықты Маңғыстауда өзендер жоқ. Жер бедерінің ерекшелігі - Каспий теңізінің жағалауын бойлай және Үстірттің ішкі жағында құрғап кеткен көлдер мен ойыстардың (Қошқарата, Қарақия, Қауынды, Ащысай, Жазғұрлы т.б.) көптеп ұшырасатындығында. Ойыстар кейде бір-бірімен біріге отырып, ауқымды алаптарға айналады. Олардың бәрі де теңіз деңгейінен төмен жатыр. Ең тереңі - Қарақия (Батыр) ойпаты, оның түбін үлкен сор басқан, деңгейінің абсолюттік көрсеткіші дүниежүзілік мұхит деңгейінен 132 м төмен
Маңғыстау тауының солтүстігінде ойпаңданған Бозащы түбегі орныққан. Бұл түбек Солтүстігінде Өлі Қолтық сорымен көмкерілген, шығысында Батыс Үстірт жондарынан Қайдақ шығанағымен дараланады. Түбектің орталығын мұнай кенорындары орналасқан ірі сор алып жатыр. Бұл жерлерге қандай да болмасын көліктің жету мүмкіндігі шектелген. Айдамалы жел соққанда сорға Каспий суы да жетіп қалып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |