1. Зертханалық жұмыс Тақырыбы



бет14/15
Дата22.03.2024
өлшемі312.83 Kb.
#496304
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Зертханалық сабақтар

Бақылау сұрақтары:

  1. Богданов әдісімен тұқым толық дәнділгін анықтау қалай жүргізіледі?

  2. Новашин әдісін жүргізу тәртібі қандай?

  3. Қотыр қайың 1 тұқым тобы бойынша өнгіштігі мен тазалығы қандай?

  4. Тұқым тобы бойынша қотыр қайыңың 3 топтағы өнгіштігі мен тазалығы қандай?

14 зертханалық жұмыс.


Тақырыбы: Тұқым сапалылығын кесу арқылы анықтау
Мақсаты: Тұқым сапалылығын кесу арқылы анықтауды білу.
Тапсырма:
1.Тұқым сапалылығын анықтау шарттарын талдау
2. Еменжаңғақтардың сапалылығын анықтау

Тұқым сапалылығы –кесу әдісі мен анықталатын сау тұқымдардың талдауға алынған тұқымдарға проценттік қатынасын айтамыз. Бұл тәсіл тұқымдары өте баяу өнетін, өміршеңдігін табу әдістері әлі анықталмаған ағаш пен бұта түрлеріне қолданылады.Тұқым сапалылығы кесу арқылы анықталады, оны анықтаудың техникалық шарттары 18 – кестеде келтірілген.


Кесте 9 – Тұқым сапалылығын анықтау шарттары



Ағаш пен бұта түрінің аты

Тұқымның кесу алдындағы дайындығы

Тұқым сапалылығының нышандары

Долана (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай немесе 4-5 тәулік суда ұсталып кесіледі

Ұрығы ақ түсті

Жүзген (барлық түрлері)

Бүтін тұқымдары 4 тәулік бойы суда жібітіледі

Ұрығы шымыр,ақ немесе ақсары түсті

Емен (барлық түрлері)

Тұқымы құрғақтай кесіледі

Жарнақтары сау, қатты

Кәдімгі үшқат

Бүтін тұқымдары 3-4 тәулік суда ұсталады

Ұрығы шымыр,ақ түсті

Татар және шағанжапырақты үйеңкі

Қанатшаларымен бірге 1 тәулік суда жібітіледі және 20 градуста 20-30 күн бойы ылғалды құмда не ағаш үгіндісінде ұсталынады

Ұрығы шымыр, сары немесе ақса- ры түсті, маланбаған

Атбасталшын

Тұқымы құрғақтай немесе 2-3 тәулік суда ұстаған соң,кесіледі

Ұрығы ақ немесе ақсары түсті



Жаңғақ

Тұқымы құрғақтай немесе 5-6 тәулік суда ұсталып, кесіледі

Ұрығы шымыр, ақ немесе ақсары түсті

Пісте

Бүтін тұқымдары 3-5 тәулік суда жібітіледі

Ұрығы шымыр, ақшыл-жасыл неме се ақ сары түсті

Еменжаңғақтардың сапалылығын анықтау
Талдауға 100 данадан 3 жүздік шошқажаңғақтары санап алынады. Олардың әр қайсысының қабықтары аршылып, жарнақтары сызық бойымен скальпель арқылы екіге бөлінеді.
Әр бір осылай кесілген еменнің шошқажаңғақтары сапалылығы бойынша жарамды және жарамсыз – деп екі топқа бөлінеді.
Жарамды шошқажаңғақтарға жататындары:
а) жарнақтары қатты, жылтыр сарғыш-ақ немесе қызғылт түсті және тұқым тамыршасы мен алғашқы бүрі барлары;
б) күңгірт-қоңыр сызықшалар мен қара-көк дақтардың көлемі жарнақтардыың 1/4 бөлігінен аспағандары;
в) өскін мұрттары сынғаны мен сынбағандары, егер жоғарыдағы талаптарға сай болса.
Жарамсыздарға жататын шошқажаңғақтары:
а) жарнақтарының 1/4 бөлігінен көп жерінде қара-көкшіл дақ барлары және олар ұрық қасына өте жақын орналасқандары;
б) зиянкестермен зақымданғандары;
в) саңырауқұлақтармен зақымданғандары;
г) кеуіп, солып немесе босап кеткендері;
д) суық немесе ыстыққа ұшырағандары;
е) ұрығы өлгендері.
Тұқым сапалылығының есептеулері тұқым өнгіштігі мен өміршеңдігінің есептері сияқты жасалынады. Жұмыс аяғында «Шошқажаңғақтардың сапалылығын анықтау актісі» толтырылады.
Құрал – саймандар мен материалдар:
1) еменнің шошқажаңғақтары;
2) скальпельдер;
3) қоқыс салатын жәшік

Бақылау сұрақтары:



  1. Жарамды шошқажаңғақтарға қандайлар жатады?

  2. Жарамсыз шошқажаңғақтарға жататындар?

  3. Татар үйеңкісі тұқымның кесу алдындағы дайындығы қандай?

  4. Долана тұқымның кесу алдындағы дайындығы қандай?

15 зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет