1. Зертханалық жұмыс Тақырыбы


Тұқым тазалығының пайыздық үлесі және қалған бқліктердің пайыздық үлесі



бет8/15
Дата22.03.2024
өлшемі312.83 Kb.
#496304
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Зертханалық сабақтар

Тұқым тазалығының пайыздық үлесі және қалған бқліктердің пайыздық үлесі
Тазалығы:
Қалдық:
Жарамды тұқымдар:
Жарамсыз тұқымдар:
Барлығы:
Екі салмақ бойынша тұқым тазалығын есептеу:
Бірінші өлшеудегі тұқым салмағы:
Екінші өлшеудегі тұқым салмағы:
Тұқым тазалығының орташасы:
Жіберілетін ауытқушылық:
Нақты ауытқушылық:

6-7. Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: 1000 тұқым ылғалдылығы мен салмағын анықтау: ылғалдылықты анықтау үшін санамаларды бөліп алу, екі өлшемге бөлу, оларды кептіру, ылғалдылықты есептеу. 500 тұқымнан екі сынамаға санау, олардың салмағын өлшеу, 1000 тұқым салмағын есептеу, талдау карточкаларын толтыру
Мақсаты: Тұқым ылғалдылығы мен 1000 дәннің салмағын анықтау
Тапсырма:

  1. 1000 тұқым салмағын анықтау

  2. Тұқым ылғалдылығының анықтамасын және ылғалдылығын анықтаудың жұмыс тәртібінің жазыңыз

  3. Ағаш пен бұта түрлерінің тұқым ылғалдылығын анықтауының техникалық шарттарын талдап, жаттаңыз

1000 тұқым салмағы климаттық жағдайларға, топырақ құнарлығына,орманның жасына, тұқымның географиялық шыққан жеріне байланысты, ал іс жүзінде көшеттіктерде тұқым сепкенде себу мөлшерінің есебінде ескеріледі. Ұсақ дәнді тұқымдарға қарағанда ірі дәнді тұқымдарда қоректік заттар көбірек болады, сондықтан тұқымдардың 1000 данасының салмағы шаруашылықта ең қажетті тұқым сапасының бірі болып табылады.
1000 дәннің салмағы тұқымдардың ылғалдылығымен өте тығыз байланысты болады. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, оның салмағы да жоғары болады. Сондықтан тұқым партиясын тек қана 1000 данасының салмағымен бағалауға болмамырды. Ол үшін міндетті түрде тұқым ылғалдылығы ескерілуі қажет.Ыңғайлы болу үшін 1000 дана тұқымның салмағын олардағы құрғақ зат қатынасы есптеледі. Бұл салмақты абсолюттік салмақ деп атаймыз, оны мына формуламен есептейміз
(100 - в) х а
К= ------------------
100

Бұл жерде К – 1000 дәннің абсолюттік салмағы, г;


в - тұқым ылғалдылығы, %;
а - 1000 дәннің ауақұрғақтығындағы салмағы, г.
1000 дәннің салмағы төмендегідей анықталады:
1) таза тұқымды сұрыптау-құрама тақтасына төгіп, әбден араластырамыз;
2) тұқымдардың ірілігіне, түсіне қарамастан, таңдамамыр 2 рет 500 дәннен жеке-жеке санап аламыз;
3) 500 дәннен сынама тұқымның әрқайсысын тарзыда өлшеп, нәтижелерін талдау карточкасына жазамыз; екі рет өлшегеніміздің қосындысы 1000 дәннің салмағын көрсетеді.
Тұқымның 1000 данасының өлшеу дәлдігі олардың салмағына байланысты.Егер 1000 дәннің салмағы 50 граммнан аспаса, өлшеу дәлдігі 0,01 г; оның салмағы 51 граммнан 150 грамм аралығында болса - өлшеу дәлдігі 0,1 г; ал 1000 дәннің салмағы 150 граммнан көп болса - өлшеу дәлдігі 1,0 г.1000 дәннің салмағы 150 граммнан асып кетсе, өлшеуге 250 дана тұқымнан 2 рет алынып, олардың қортындысы екіге көбейтіледі.
Егер әр бір тұқым өлшеу салмақтарының айырмашылығы 5 проценттен асып кетсе, үшінші сынама алынып, өлшенеді.Содан бір-бірінен айырмашылығы аз екі өлшеу бойынша 1000 дәннің салмағы есептеледі. Қорытындылары талдау қағазына жазылады.
Тұқым ылғалдылығын анықтау
Тұқым ылғалдылығы - тұқым құрамындағы ылғалдың бастапқы өлшемедегі проценттік қатынасын айтады.
Тұқымдардың ылғалдылығы жоғары болған жағдайда, олардың дем алу процесі тез жүріп, түрлі ауру туғызатын микроорганизмдердің дамуына жақсы жағдай туындайды.Сондықтан тұқым шығымдылығы төмендейді.
Тұқымдар қоймада сақтау кезінде кептірілген, құрғақ болуы керек. Мысалға, қарағай, балқарағай, шырша тұқымдарының сақтау кезіндегі ең қолайлы ылғалдылығы 6,5-7,4%, кәдімгі шаған, сүйіржапырақты үйеңкі, жөке ағашы тұқымдары -10-12 %, ал емен жаңғағының ылғалдылығы -70-90% болуға тиіс.
Тұқым ылғалдылығын арнайы кептіргіштерде немесе электрылғалөлшегіштер көмегімен анықталады.
Орман тұқымдары бақылау станциясына түскеннен кейін ылғалдылығы 2 күннің ішінде анықталуы қажет. Қыс кезінде өте қатты тоңзыған тұқым үлгілерін зертханаларға түскен соң 2 сағаттан кейін ғана тексеруге болады.
Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған үлгіні тек тексеру басталар алдында ғана алады.Одан оймалар немесе крес тәсілімен керекті өлшемдегі тұқым сынамасы алынады.Керек болған жағдайда тұқымдарды ұнтақтайды, жаңғақтарды жарып дәндерін кеседі немесе үгеді (4 кесте).
Тұқым ылғалдылығы кептіру арқылы анықтауы келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
а) орташа үлгі тұқымдары құрама тақтасына төгіледі, сосын барлық ірі коспалар – топырақ түйірлері, бұтақ сынықтары, бүрлері тағы басқалары бөлек алынады;
б) оймалар алу немесе крест тәсілімен тұқым сынамасы алынады, одан 2 өлшемежасалынады, қалған артық тұқымдарды ыдысқа салып, аузын мықтап тығындайды. Бұл тұқым 1 тәулік сақталуға тиісті, керек болған жағдайда пайдалануға;
в) алынған өлшемелер алдын – ала таразыланған және нөмірлері қойылған бюкстерге салынады;
г) алдын – ала температурасы 130 жеткізілген кептіргіш шкафына тұқым салынған бюкстердің ауыздарын ашып саламыз. Бюкстерді қойған кезде шкафтағы қызу төмендейді, сондықтан кептіргіштегі температура 130 градусқа жеткен кезден бастап кептіру уақыты есепке алынады. Кептіру уақыты тұқым түріне байланысты 1 -3 сағатқа созылады.

8. зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет