17. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік жоспарлаудың орны мен рөлі


Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысы



бет4/4
Дата27.11.2022
өлшемі19.53 Kb.
#465881
1   2   3   4
17-20

20. Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысы

Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет.


Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.


Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет