2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау


Мәліметтер базасына қойылатын талаптар



бет6/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
База Данных

Мәліметтер базасына қойылатын талаптар
Қазіргі мәліметтер базасына, сонымен қатар МББЖ келесі негізгі талаптар қойылады.

  1. Жоғарғы жылдамдық (сұранысқа аз уақыт беру).

Шақыру уақыты –МБ сұраныс моментінен деректерді алуға дейінгі уақыт аралығы. Кіру уақыты (время доступа) термині – жазба командасының берілу және деректерді алу арасындағы уақыт аралығы. Кіру (доступ) деп іздеу операциясы, деректерді оқу немесе оларды жазу түсіндіріледі. Деректерді жазу, жою және модификациялау операциялары жиі жаңарту операциясы деп аталады.

  1. Деректерді жаңартудың қарапайымдылығы.

  2. Деректердің тәуелсіздігі.

  3. Деректердің көптеген пайдаланушылармен қолданылуы.

  4. Деректердің қауіпсіздігі – деректерді жоюдан қорғау.

  5. Құруды қарапайымдау және ДБ эксплуатациялау (ДББЖ).

  6. Сәйкес пәндік облыстың деректерін көрсету адекваттылығы.

  7. Пайдаланушының интерфейсі.



3. Деректер базасын жобалау әдістемесі
Классикалық нұсқада деректер базасын қарастыру әдістемесінің көптеген түрі бар, бірақ көбінесе ANSI/SPARC әдістемесі қолданылады.
Орталықтандырылған ДБ жобалау процедурасының жиынтығын төрт сатыға жіктеуге болады.
Талапты анализдеу сатысында мекеме мақсаты құрылады, ДБ-на талаптар анықталады. Ол жалпы талаптар мен спецификалық талаптардан тұрады. Спецификалық талаптарды ұйымдастыру үшін көбінесе басқарудың әртүрлі деңгейіндегі персонал әдістемесі қолданылады. Барлық талаптар пайдаланушы мен ДБ жобалаушыға қатысты формада құжаттандырылады.
Концептуалды жобалау сатысы ДБ бастапқы жобасына пайдаланушының ақпараттық талабын суреттеу мен синтездеу жатады. Бастапқы деректер классикалық нұсқа кезінде пайдаланушының құжаты немесе қазіргі нұсқа кезінде қосымшалар алгоритмдерінің жиынтығы болуы мүмкін.
Логикалық жобалау процесінде деректерді жоғары деңгейлі көрсету пайдаланылатын ДББЖ құрылымына айналады. Сатының негізгі мақсаты қарапайымдаудың арнайы ережесін пайдаланумен деректердің шығымын жою болып табылады. Қарапайымдау мақсаты – деректердің қайталануын және жаңарту процедуралары кезінде ДБ мүмкін құрылымдық өзгеруін минималдау.
ДБ басқару процедурасы арнайы талқылауды қажет етеді. Ол бірқолданбалы режимде өте қарапайым. Көпөолданбалы режимде және бөлшектелген ДБ процедура қиындайды. Арнайы шаралар қолданбаудан бірнеше пайдаланушылардың бір уақытта кіруі кезінде бүтіндіктің бұзылуы. Бұл жағдайды жою үшін транзакция жүйесі және кестелер немесе жеке жазбаларды қодтау режимі пайдаланылады.
Транзакция – файлдың, жазбаның немесе деректер базасының өзгеру процесі.
Физикалық жобалау сатысында жүйенің өнімділігімен байланысты сұрақтарды шешеді, деректерді сақтау құрылымы анықталады.
Жобалаудың сатылары мен словарьлі (словарная система) жүйелер арасындағы іс-әрекетті жеке қарастыру қажет. Жобалау процедурасы словарьлы жүйе жоқ болған жағдайда да қолданыла береді. Словарьлы жүйенің өзі жобалауды автоматтандыру элементі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жобалау әдістері мен бағалау критерийлері құрастыру сатысында пайдаланылады. Қазіргі уақытта критерийлерді таңдау кезіндегі анықсыздық ДБ жобалауда ең әлсіз жер болып табылады. Бұл суреттеудің қиындығымен және альтернативті шешімдердің үлкен санын идентификациялаумен байланысты.
Сапалы критерийлерге иілгіштік, адаптивтілік, жаңа пайдаланушыларға кіру мүмкіндігі, басқа жүйелермен өзара байланысқан, қайта жаңарту мүмкіндігі, бөлу және кеңейту мүмкіндігі жатады.
Жобалау процесі ұзақ және ауыр болып табылады. Көбінесе бірнеше айға созылады. ДБ жобалаушының негізгі ресурсы өзінің интуициясы мен тәжірибесі болып табылады, сондықтан шешім қабылдау сапасы көптеген жағдайда төмен болып қалуы мүмкін.
Жобаланатын ДБ төмен тиімділігінің негізгі себебі мыналар болуы мүмкін:

  • талабының жеткіліксіз терең анализі (жобалаудың бастапқы сатылары), олардың деректерінің семантикасы мен қатынасын қоса алғанда;

  • бұл процесті ұзақ және қолмен өңдеу кезінде қиын орындалатын құрылымдық процестің ұзақтығы.

Бұл жағдайларда құруды автоматтандыру сұрағы маңызды орын алады.
4. Деректер базасын пайдалану әдістемесі
ДБ өзіндік пайдаланылмайды, ал әр түрлі ақпараттық жүйелердің: деректер банкі, ақпараттық-іздеушілік және эксперттік жүйелер, автоматтандырылған жобалау жүйесі, автоматтандырылған жұмыс орны, басқарудың автоматтандырылған жүйесі компоненттері болып табылады.
ДБ-да деректерді көрсетудің үш деңгейі бар: концептуалды, логикалық және физикалық деректер базасы.
Пайдалану процесінде көбінесе логикалық, кейде концептуалды және физикалық модельдер қолданылады.
Деректер словарі деректердің барлық типтері, олардың аты, құрылымы, сонымен қатар оларды пайдалану ақпараты туралы орталықтандырылған мағлұматтары бар ішкі ДБ көрсетеді.
Деректер словарінің қасиеті – пәндік облыстың ақпараттық ресурстарын тиімді жинау мен басқаруда. Оны пайдалану деректерді енгізу кезінде туатын қайшылықты жоюға, оларды модификациялау кезінде қарапайым және тиімді басқаруды жүзеге асыруға, деректерді басқаруды орталықтандыру есебінен ДБ жобалау процедураларын жеңілдетуді, басқа пайдаланушылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ДБ пайдалану процесінде жаңарту (жазба, жою, деректерді модификациялау) және сұраныс-жауап (оқу) операциялары бар.
Жалпы жағдайда сұраныс процесі бірнеше сатылардан тұрады. Пайдаланушы ДБ құрылымын білу керек.
Бірінші сатыда пайдаланушы оған қажет құжаттың қандай формасы керек екендігін білу керек. Бұл пайдаланушының логикалық моделі болмауы да, сонымен қатар өрістердің әр түрлі құрамы кезінде олардың түрлі модификациясы болуы мүмкін. Демек логикалық модельдер ДБ логикалық моделінен ерекшеленуі мүмкін, шығарылатын машиналық құжаттар үшін өрістердің қандай құрамы қажет екенін анықтау керек.
ДБ эксплуатациялау кезінде екі арнайы операциялар пайдаланылады: навигация және спецификация.
Навигация – ДБ логикалық құрылымы (кілт бойынша жүзеге асатын байланыс арасындағы кесте жиынтығы) бойынша жол жүру кезінде алынған бірдей объектімен көрсетілген нәтиженің операциясы.
Спецификация – деректер базасы кестесінің құрылымы негізінде құрылған жаңа құрылым (кесте) болып табылатын нәтиженің операциясы. Бұл кесте «түр» деген ат алды.
ДББЖ өндірудің екі негізгі бағыты бар: программалық және аппараттық.
Программалық өндіру (ары қарай ДББЖ) программалық модульдер жиынтығын көрсетеді, нақты ОЖ басқаруымен жұмыс істейді және келесі функцияларды орындайды: концептуалды және логикалық деңгейлерде деректерді суреттеу; деректерді жүктеу; деректерді сақтау; сұранысқа ізденіс және жауап (транзакцияны); өзгерісті енгізу; қауіпсіздікті және бүтіндікті қамтамасыз ету; тілдік әдістерді пайдалануды көрсету: деректерді суреттеу тілі (МСТ), деректерді бақылау тілі (ДБТ), сұраныстар тілі.
Аппараттық өндіру деректер базасының машинасы деп аталатын машинаны пайдалануды қарастырады. Олардың пайда болуы ақпараттық үлкен көлемімен және кіру жылдамдығының талаптарымен шақырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет