2 Зертханалық кешен 1 Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу 1 Жұмыстың мақсаты



бет2/3
Дата11.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#128333
1   2   3

1000 В дейінгі электр қондырғысының кернеулігі

Нақтылы жағдай мен Сіздің мүмкіншіліктеріңізді ескере отырып:

- өткізгішті балтамен шабу (тек қана АҒАШ САБЫ міндетті түрде құрғақ болу шартында), өткізгішті құралмен тістеу (құрал сабының оқшауланған болу шартында). Жоғарыда айтылған шарттардың болмауы кезінде бұл әрекеттерді орындау диэлектрлік қолғап немесе галошты қолдану арқылы ғана мүмкін;

- зардап шегушіні оның денесі мен аяқ киіміне жоламай, үстіңгі киімінен ұстап (құрғақ болу шартында) тоқ өткізгіш бөліктен тартып алыстату. Тек қана бір қолмен әрекет ету ұсынылады. Егер, зардап шегушінің үстіндегі киімі ылғал немесе зардап шегушінің денесіне қол тигізу қажеттілігі жағдайында тек қана диэлектрлік қолғап пен галошты қолданып әрекет ету қажет;

- зардап шегуші тоқ өткізгіш бөлікті қолымен қысып ұстаған жағдайда, оның қолын міндетті түрде құрғақ тақтай немесе диэлектрлік төсенішке тұрып және диэлектрлік қолғап киіп босату қажет.

Тоқ өткізгіш зардап шегушінің үстіңде жатқан жағдайда өткізгішті құрғақ ағаш таяқшасын, тақтайды және басқа да электр тогын өткізбейтін заттарды пайдаланып шетке тастауға болады.

1000 В жоғары электр қондырғысының кернеулігі

Зардап шегушіні 1000 В жоғары электр қондырғыларының электр тогы әрекетінен босату кезінде диэлектрлік қолғап пен аяқ киімді (қосымша электрқорғау құралдарын) қолдану міндетті болып табылады. Бұны ескере отырып 1000 В жоғары электрқондырғыларында жұмыс атқарған кезде ылғи да өзіңізбен бірге аталмыш электрқорғау құралдарының болғаны жөн.

Зардап шегушінің үстіне құлаған тоқ өткізгішті оқшауланған штангімен шетке тастауға болады, бұл кезде диэлектрлік аяқ киім Сізді қадамдық кернеуліктен қорғайды. Мүмкіндігінше зардап шегушіден өткізгішті 20 м қашықтыққа алыстату қажет, немесе кез келген басқа да жағдайларда, жерде жатқан өткізгіш пен зардап шегушінің арасындағы қашықтық 20 м атам болуы керек. Себебі өткізгіштің жермен жанасуы кезінде электр тогының жер көлемі бойынша таралуы үлкен болғандықтан, тоқтың тығыздығы нөлге тең болады, яғни нөлдік потенциал зонасы немесе кем дегенде аз потенциалдар зонасы басталады, бұл өзіне қауіпсіз жағдайда зардап шегушіге алғашқы дәрігералды көмек көрсетуге болатынын білдіреді.

Зардап шегушіні электр тогының әсерінен босатудың барлық мүмкін болатын тәсілдерін пайдалана алмаған ерекше жағдайларда, зардап шегуші қатынаста болатын өткізгіштің арнайы тұйықталуын (тоқ өткізгіш бөлік фазасын жерлендіру) жасай отырып автоматты өшіруді болдырады. Бұны тоқ өткізгішке оқшауланбаған кез келген басқа өткізгіштің бір жағын тастап жанастыру, ал екінші жағын алдын ала сенімді жерлендіру (жақын мандағы жерлендіргіш қондырғыға, металл тіреу немесе жерге арнайы қағылған стерженді жерлендіргішке қосу) арқылы жүзеге асыруға болады. Өткізгіштің екінші жағына тастап жанастырудың ыңғайлығы үшін кішігірім жүкті бекітеміз. Электр қондырғысының автоматты өшірілуі релейдік қорғаныстың іске қосылуынан болады.

Аталмыш тәсілдің кемшілігі болып көмек көрсетушіге төнген қауіп пен жүзеге асыруға кететін уақыттың көп болуы табылады.

Тастап жанастырғыш өткізгіш ретінде мыстан жасалған оқшауланбаған иілмелі өткізгіш жақсы келеді.

2.2.3 Электр тогымен зақымдану кезіндегі өкпе-жүрек реанимациясының шаралары

Зардап шегушінің жағдайын бағалау

Зардап шегушіні электр тогының әсерінен босатқаннан кейін оның жағдайын анықтау үшін арқасына жатқызып, киімін, белдеуін босату және тынысы мен жүрек соғысын тексеру қажет.

Тыныс алудың болуы кеуде клеткасының нақты әрі ритмдік көтерілуі мен түсуінен анықталады. Тыныс алудың одан да дәлірек тәсілдерін жүргізудің қажеттілігі шамалы. Тыныс алудың бұзылғандығы жайлы кеуде клеткаларының әртүрлі көтерілуі, сирек ұстап қалушы тыныстар, кеуде клеткасының көрінерлік қозғалыстарының болмауынан түсінуге болады. Бұл өкпедегі қанның оттегімен қанағаттанарлықтай қаныға алмай, зардап шегушінің органдары мен ұлпаларының оттегілік аштығына әкеп соқтырады.

Жүрек соғысының (жүрек жымысының) болуы, яғни организмде қан айналымының болуы пульсті тексерумен немесе құлақты зардап шегуші кеудесінің сол жағына қойып жүрек тондарын естумен анықталады. Пульстің болуы ұйқы, сәулелік және сан артерияларынан тексеріледі. Аса «сезімтал» болып әлсіз жүрек қағыстары кездерінде де импульс беретін ұйқы артериясы табылады.

Зардап шагуші организмі жағдайынынң кеңінен таралған бірнеше нұсқаларын қарастырайық.

Зардап шегушінің есі болған кезде, оны құрғақ төсемеге жатқызып, оңтайлы микроклиматтық жағдайларды қамтамасыз ету қажет, тез арада дәрігерді шақырып ол келгенше зардап шегушінің қозғалуына рұқсат бермеу керек, себебі электр тогының кері әсері бірден байқалмай, бірнеше уақыттан кейін білінуі мүмкін.

Тынысы мен пульсі сақталған зардап шегушінің есі болмаған кезде оның есін қалпына келтіру қажет: мүсәтір спиртімен суландырылған мақтаны мұрнына жақындату. Мүсәтір спирті болмаған жағдайда, бетіне суық су бүркіп, денені жылыту және ысу қажет.

Зардап шегушіде өмірлік белгілер байқалмайды, яғни тыныс, тамыр соғысы мен есі жоқ. Сонымен қатар зардап шегушінің көз қарашығы ұлғайған, тері түсі көкшіл немесе сұр бола тұрып, аурулық тітіркендіргіштер ешқандай реакцияларды тудырмауы клиникалық өлімнің басталғандығы жайлы куәгерлік етеді. Яғни организмде әлі де тіршілік үшін қажетті оттегінің минималды қоры сақталған дегенді білдіреді. Клиникалық өлім – ұзақтылығы 5 минут шамасында болатын қайтарымды жағдай, адамды тірі алып қалу амалдары тиімді болатын уақыт. Клиникалық өлімнің ұзақтығы қоршаған орта температурасынан тәуелді, температура неғұрлым жоғары болса, клиникалық өлім соғұрлым ұзағырақ болады.

Қан айналымының тоқтауынан 5 минут өткен кезден бастап организмдегі өзгерістер қайтарымсыз күйге жетеді, алмасу үдерістері бұзылып, ферменттік жүйелер хаосты қозғалады, бас миы ұлпалары мен жасушаларының, бүкіл организмнің өлімі байқалады, яғни биологиялық өлім басталады. Биологиялық өлімнің көрсеткіштері: кеуіп кеткен көзді айнасы, дене температурасының қоршаған орта температурасына дейін төмендеуі, өлім дақтарының (дене бетінің жеке бөліктерінің көгеруі) пайда болуы. Биологиялық өлімнің басты көрсеткіштерінің бірі – мысық көзі қарашығының феномені, яғни зардап шегушінің көз қарашығына басқан кезде, қарашықтың эллипс немесе тар саңылау формасында болуы.

Адамды құтқару бойынша әрекеттердің шарасыздығы жайлы шешімді тек қана дәрігер шығаруға құқылы.

Зардап шегушінің жағдайын тексеру, денесіне сәйкес қалып беру, тамыр соғысы мен көз қарашығының жағдайын тексеру 15-20 секунд аралығында жүргізілуі тиіс.

Осыдан кейін егер көмекті екі немесе үш адам көрсеткелі жатса, бірден жедел жәрдемді шақыру қажет. Егер жалғыз адам көмек өкрсетсе, кідірмей өкпе-жүрек реанимациясы тәсілдерін, яғни жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес массаж жасауды орындауға кіріскен жөн.

2.2.4 Жасанды тыныс алдыру

Жасанды тыныс алдырудың тағайындалуы өздігінен тыныс алудың тағайындалуына сәйкес келеді – организмдегі газ алмастыруды қамтамасыз ету (зардап шегушінің қанын оттегімен қанықтыру және қаннан көмірқышқыл газын жою), зардап шегушінің өзіндік тыныс алуын қалпына келтіру мақсатында – рефлекторлы түрде бас миының тыныс алу орталығына әсер ету.

Жасанды тыныс алдыру әдістерінің ең тиімділері – «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға».

Жасанды тыныс алдыруға дайындық:

а) зардап шегушінің желкесіне бір қолымызды қойып, екіншісімен маңдайын баса отырып басын максималды желкелік иілуге дейін шалқайту (иек (подбородок) мойынмен бір сызықта болуы тиіс), төменгі жағын шығару және зардап шегушінің аузын ашу қажет. Бұл әрекет кезінде ауаның өту жолын босата отырып тіл кіре берістен жұтқыншаққа қарай өтеді. Зардап шегушінің жауырындарының астына киімнен оралған валикті салу керек;

б) ауыз қуысын тексеру және онда бөгде заттардың (қан, сілекей және т.б.) болуы кезінде зардап шегушінің басын бір жаққа бұрып, саусаққа оралған матаның көмегімен ауыз қуысын тазарту.

Жасанды тыныс алдыруды жүргізудің техникасы:

а) «ауыздан ауызға» әдісі – көмек көрсетуші терең тыныс алып, зардап шегушінің мұрнын саусақтарымен немесе бетімен жабады да, аузымен зардап шегушінің аузын берік ұстап оттегіні жібереді. Ауанның зардап шегушінің өкпесіне түсуін бақылау оның кеуде клеткасының көтерілуімен жүзеге асырылады. Орташа есеппен зардап шегушінің өкпесіне 1,5 л көлеміне дейін ауа түсуі қажет. Кішкентай балаларға жасанды тыныс алдыруды бір уақытта ауыз бен мұрынға жасауға болады.

Ересек адамдарға дем беру әр 4-5 с, баларға әр 3-4 с сайын жүргізіледі.

б) «ауыздан мұрынға» әдісі – бұл әдістің басты ережелері сол, бірақ бұл әдісте алақанмен зардап шеккен адамның аузын жабады. Бұл әдіс әдетте зардап шегушінің жағын ашу қиын болған жағдайларда орындалады.

Жасанды тыныс алдыру жиілігі минутына 12-15 рет болатын өздігінен, терең, ритмдік тыныс алу қалпына келтірілгенше жасалады. Жасанды тыныс алдыруды тек қана тынысы болмаған жағдайда емес, тыныс алуы бұзылғанда да жүргізу қажет екендігін атап өту қажет. Бұл жағдайда зардап шегуші мен көмек көрсетуші адамда «тыныс алу-жіберу» фазаларын синхронизациялау өте маңызды.

Бұны зардап шегушіге көмек көрсету барысында әлсіз өздігінен тыныс алуы пайда болған кезде де ескеру қажет.

Жасанды тыныс алдыруды жүргізудің ең басты кемшілігі – инфекциялану мүмкінділігі.

Басты максималды шалқайтпау және көлемі бойынша аса көп (2 литрден аса) ауа жіберу кезінде соңғысы асқазанға түседі. Бұл жағдайда зардап шегушіні бүйір жағына жатқызып кіндік пен мечевидтік қосымша арасында кеуде бағытына қарай құрсақ қабырғасын баса отырып асқазаннан ауаны шығару қажет.

2.2.5 Жүрекке тікелей емес массаж жасаудың техникасы

Жүрек массажының мақсатызардап шегуші организмінің қан айналымына жасанды дем беру мен жүректің қалыпты өздігінен соғуын қалпына келтіру.

Жүрекке тікелей емес массаж жасанды тыныс алдырумен қатар жүргізілетіндіктен, оған деген дайындық жасанды тыныс алдыруға деген дайындықпен бірдей.

Жүрекке тікелей емес массаж жасау кезінде көмек көрсетуші адам зардап шегушінің жанынан орналасуы және зардап шегушіге иіле алатындай қалыпта болуы тиіс.



Одан әрі көмек көрсетуші сәулелі-білезік буын маңындағы жазылған алақанның төменгі бөлігін зардап шеккен адамның кеудесінің төменгі үштен бір бөлігіне (мысалы, кеуденің жұмсақ бөлігінен екі саусаққа жоғары) қойылады. Екінші алақаны біріншісіне қатысты 900 бұрышпен үстінен орналастырылады, бұл ретте массаждың тиімділігін арттыру және қабырғалардың сынып кету қауіпін төмендету мақсатында қолдың саусақтары зардап шегуші кеудесінің клеткаларымен жанаспауы қажет.

Массаж кеудеге жігерлі өкпек басулар арқылы жүзеге асырылады. Екі қолдың шынтақтық иіні түзу, ал иық белдеуі зардап шегушінің кеуде клеткасының үстіңде орналасуы тиіс.

Басулардың жиілігі – 1 секундта бір дүмпу (толчок), сонымен қатар төменгі нүктедегі 0,5 секундтқа кідіру массаждың тиімділігін арттырады. Зардап шегушінің кеудесі 3-4 см-ге, ал толықша адамдарда 5-6 см-ге жылжытылуы керек.

Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған кезде жүрек басылып, қан асқазаншалардан қолқа мен өкпе артерияларына қарай ығыстырылады, ал басуды тоқтатқан кезде жүректің асқазаншалары қаныққан қанмен, жасанды тыныс алдыру кезінде оттегімен толтырылады. Осылайша жасанды қанайналым жүзеге асырылады.

Жүрек массажының тиімділігін арттыру үшін зардап шегушінің тізесін бүгіп, аяғының астына қандай да бір затты қойып көтермелеу қажет. Бұл жүрек маңындағы қанның келуін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жүрекке тікелей емес массаждың тиімділігі жайлы келесі жайттар куәгерлік етеді:

а) массаж кезінде ұйқы артерияларында тамыр соғысының пайда болуы;

б) реанимацияны аяқтаған соң ұйқы артерияларында тамыр соғысының пайда болуы;

в) көздің ұлғайған қарашықтарының тарылуы.

2.2.6 Жүрекке тікелей емес массажды жасанды тыныс алдырумен қоса жүргізу

Көмекті жалғыз адам көрсеткен кезде оттегі жіберу саны мен кеудеге басу санының қатынасы «(2-3):(12-15)» құрауы қажет.

Егер көмекті екі адам көрсетсе, оттегі жіберу саны мен кеудеге басу санының қатынасы «1:5» болуы тиіс. Біреуі – жасанды тыныс алдырса, екіншісі – жүрекке тікелей емес массажды жасайды.

Оттегіні жіберу мезетінде массажды жүргізбеу!

Онымен қоймай, жасанды тыныс алдыру кезінде жүрекке тікелей емес массажды жасаушы адамның қолы зардап шегушінің кеудесімен жанаспауы керек.

Зардап шегушіге алғашқы дәрігералды көмек өзіндік тамыр соғысы мен тынысы пайда болмағанша, тері түсі қалыптыға дейін өзгеріп көз қарашығы тарылмағанша көрсетіледі. Бұл белгілер пайда болғаннан кейін зардап шегушіні мүмкін болатын оңтайлы микроклиматтық шарттарын жасап ешқандай қозғалыссыз тыныштықты қамтамасыз ету қажет. «Жедел жәрдем» келгенге дейін зардап шегуші ылғи бақылауда болғаны жөн, себебі, оның жағдайының нашарлауы немесе сандырақтың (шок) пайда болуы мүмкін.

2.2.7 Манекен-тренажердің конструкциясы мен жұмыс істеу тәртібі

Тренажерда оқыту үдерісіне:



- клиникалық өлім диагностика;

- алғашқы дәрігералды көмек көрсетудің әдістері;

- көмек көрсетудің тиімділігін бағалау кіреді.

Манекен-тренажер:

- тыныс алу үдерісін;

- жүректің жұмысын;

- көз қарашықтарының жағдайын көрсетеді.

Манекен - тренажер адам организмінің муляжі (бас блоктары, кеуде клеткасы, қарын) және жүрек, өкпе, құрсақ қуысы контурлары, сонымен қатар кеуде, қабырғалардың, мечевидтік қосымшаның сыну орындарының түстік индикациясы көрсетілген көрсеткіш тақтадан тұрады. Көрсеткіш тақтаның жоғарғы сол бұрышында көмек көрсету уақытына есеп жүргізетін секундамер орналастырылған.

Тренажерда алғашқы дәрігералды көмекті көрсету «клиникалық өлім» бастапқы жағдайы кезінде жүргізіледі.

Оқытуды бастамас бұрын студенттерге көрсеткіш тақтада жүректің жұмысы мен контуры, тыныс алу органдарының жұмысы мен контуры ашық көрсетіледі.

Тренажермен жұмыс 5 бөлімнен тұрады:

1) зардап шегушіні электр тогының әсерінен босату тәсілдері мен әдістері бойынша білімдерін тексеру;

2) жасанды тыныс алдыруды жүргізу әдістерін жасап шығу;

3) жүрекке тікелей емес массажды жүргізу әдістерін жасап шығу;

4) жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес массаж кезіндегі өзара байланысты өңдеу (көмекті бір немесе екі адам көрсеткен кезде);

5) бағдарламаланған оқытудың карточкаларында қойылған сұрақтар бойынша жұмысты қорғау.

Кеңінен таралған қателер мен олардың нәтижелеріне келесілер жатады:

- зардап шегушінің басын жеткіліксіз шалқайтқан кезде – ауа анат (пищевод) арқылы асқазанға түседі (көрсеткіш тақта экранында шамадан тыс үрленген өкпе мен асқазан жанады);

- ауаның сыртқа шығуы, мұрынның қысылмауы, «ауыздан-ауызға» гермитизациясының болмауы – ауа өкпеге түспейді (өкпенің контурлары жанбайды);

- ауаны жіберу кезіндегі күштің жеткіліксіздігі – өкпеге түсетін ауаның жеткіліксіз көлемі (өкпенің контурлары жанбайды);

- жүрекке тікелей емес массажды жасау кезіндегі қолды дұрыс орналастырмау – қабырғалардың, кеуденің, мечевидтік қосымшаның сынуы (көрсеткіш тақтаның экранында сынықтардың орындары жанады);

- жүрекке тікелей емес массаж жасау кезіндегі күштің жеткіліксіздігі – жүректің асқазаншаларына түсетін қанның жеткіліксіз көлемі (көрсеткіш тақтада «жүрек жұмысы» жанбайды);

- жүрекке тікелей емес массаж жасаудағы тыс артық күштің жұмсалуы – қабырғалардың, кеуденің, мечевидтік қосымшаның сынуы (көрсеткіш тақтаның экранында сынықтардың барлық орындары бір уақытта жанады).

2.2.8 Зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

- манекенмен жұмыс кезінде шешілмелі мұрын кеңірдек маскасы кәдімгі, 3 % сутегі асқын тотығына (3,0 % раствор пере­киси водорода) 0,5 % жуғыш зат қосылған ерітіндімен өңделген маскаға ауыстырылуы тиіс;

- жасанды тыныс алдыруды жасау кезінде селдір мата майлығы (марлевая салфетка) немесе қол орамалын пайдалану қажет;

- оқытушының рұқсатынсыз тренажердің басқарушы панелі көрсеткіш тақтада қандай да бір ауыстырып қосуларды жасауға тыйым салынады.
Бақылау сұрақтары
1. Зардап шеккен адамды электр тогының әсерінен босатудың тәсілдері мен әдістері:

а) 1000 В дейінгі электр қондырғыларында;

б) 1000 В жоғары электр қондырғыларында.

2. Электр тогының әсерінен зардап шегушінің жағдайын бағалаудың әдістері:

а) клиникалық өлім жағдайы;

б) биологиялық өлім жағдайы.

3. Жасанды тыныс алдыруды жүргізудің тәртіптері:

а) жасанды тыныс алдырудың тағайындалуы;

б) жасанды тыныс алдыруды жүргізуге зардап шегушіні дайындау;

в) жасанды тыныс алдыруды жүргізу.

4. Жүрекке тікелей емес массажды жасаудың тәртіптері:

а) жүрекке тікелей емес массаждың тағайындалуы;

б) жүрекке тікелей емес массажды жасауға зардап шегушіні дайындау; зардап шегушіні дайындау;

в) жүрекке тікелей емес массажды жасау.

5. Алғашқы дәрігералды көмекті бір және екі адамның көрсетуі.

6. Жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес массаж жасаудың тиімділігін бағалаудың әдістері.
2.3 Жерлендіру тиімділігін зерттеу

2.3.1 Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың басты мақсаты болып қорғаныс жерлендірудің қорғаныс қасиеттерін оқыту мен бйтараптарының әртүрлі режимдері бар үш фазалы желілердегі оның тиімділігін зерттеу табылады.



2.3.2 Жұмысты орындау тәртібі:

1) осы әдістемелік нұсқаманың берілгендері бойынша қорғаныс жерлендірудің әрекет ету қағидалары мен тағайындалуын оқып білу;

2) қорғаныс жерлендіруді зерттеуге арналған зертханалық қондырғыны оқып білу;

3) оқшауланған бейтарабы бар үш фазалы желідегі қорғаныс жерлендіру әрекетінің тиімділігін оқып білу;

4) тұйық жерлендірілген бейтарабы бар үш фазалы желідегі қорғаныс жерлендіру әрекетінің тиімділігін оқып білу;

5) жұмыс бойынша есеп беруді ресімдеу.



2.3.3 Қорғаныс жерлендіру

Өндірістік ортада жұмыскерлер ылғи да әртүрлі электрқондырғыларымен жанасады. Олардың бірқатар жағдайларында электр қауіптілігі, яғни, электр жарақаттарының пайда болуына әкеп соқтыра алатын жағдайлардың жиынтығы (қауіпті жағдай) туындайды. Электр жарақаттарын болдырмау үшін электрқорғаныс шараларын, құралдары мен тәсілдерін (МемСТ 12.1.019-79). біріктіретін электр қауіпсіздігін* қамтамассыз ету жүйесі пайдаланылады.

Электрқорғаныс (техникалық) тәсілдерінің бірі болып, техникалық құралдар мен әдістерді пайдалануға негізделген қорғаныс жерлендіру табылады.

Қорғаныс жерлендіру – кернеу астында болуы мүмкін металлды тоқ өткізбейтін бөліктердің жер немесе оның эвиваленттерімен арнайы электрлік қосылуды айтамыз (МемСТ 12.1.009-76).

Қорғаныс жерлендірудің тағайындалуы – корпус және басқа да тоқ өткізбейтін металлды бөліктерге жанасу жағдайында электр тогымен зақымдану қауіптілігін жою.

Электрқауіптілігі – электр тогы, электр доғасы, электромагниттік өріс пен статикалық электрліктен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін құралдар және техникалық пен ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі (МемСТ 12.1.009-76).

Қорғаныс жерлендірудің әрекет ету қағидасы корпусқа тұйықталу және басқа да себептерге негізделген жанасу мен қадам кернеулігін қауіпсіз мәнге дейін төмендету. Бұл жерлендірілген қондырғы әлеуетін төмендету (жерлендіргіштің кедергісін төмендету), және адам тұрған тұғыр мен жерлендірілген қондырғының әлеуетін (потенциал) тегістеу (адам тұрған тұғыр әлеуетін жерлендірілген қондырғы әлеуетінінің мәніне жақын мәнге дейін көтермелеу) арқылы жүзеге асырылады.

Тоқ өткізгіш бөлікке тікелей жанасу кезінде қорғаныс жерлендіру адамды электр тогының зақымдануынан қорғамайтынын атап өту қажет.

Қорғаныс жерлендіруді пайдалану облысы – оқшауланған бейтарабы бар 1000 В дейінгі және 1000 В жоғары кернеулікті кез келген бейтарап режимі бар үш фазалы үш өткізгішті желілер.

Тоқ өткізгіш бөліктердің (фазалық өткізгіштің) корпусқа тұйықталуы кезінде соңғысы кернеуі бар болады. Егер корпус жерден оқшауланған, яғни жерлендірілмеген болса, онымен жанасу фазалық өткізгішпен жанасқанмен бірдей және тұйықталған бүкіл тоқ адам денесі арқылы өтеді. Бұл тоқтын мәні кешенді түрде келесі формула бойынша анықталады



(2.1)


мұндағы Ih – адам денесі арқылы өтетін тоқ;

Uф – фазалық кернеу;

Rh – адам денесінің кедергісі.

*корпусқа тұйықталу – тоқ өткізгіш бөліктердің электр қондырғының тоқ өткізбейтін металлды бөліктерімен кездейсоқ электрлік қосылуы (МемСТ 12.1.009-76). Корпусқа тұйықталу электр машинасының тоқ өткізгіш бөлігіне кездейсоқ жанасу, оқшаулағыштың бүлінуі, кернеуі бар өткізгіштің тоқ өткізбейтін металлды бөліктерге және т.б. құлауы нәтижесінде болуы мүмкін.

**Жанасу кернеулігі – тоқ тізбегінің адам бір мезетте жанасатын екі нүкте арасындағы кернеу (МемСТ 12.1.009-76), немесе басқа сөзбен айтқанда адам денесіне тиесілі кернеу.

Қадам кернеуі – тоқ тізбегінің адам бір мезетте жанасатын бірі екіншісінен қадам қашықтығында болатын екі нүкте арасындағы кернеу (МемСТ 12.1.009-76).

Формула жерге қатысты фазалық өткізгіштердің сыйымдылығы мен оқшаулағыштың кедергісі симметриясы кезінде әділ.

 - адам арқылы өтетін тоқ тізбегінің қосымша кедергілерінде кернеуліктің төмендеуін ескеретін коэффициент, ≥1;

Z – жерге қатысты фазалық өткізгіштің толық кедергілерінің кешені.

Белгілі бір жағымсыз жағдайлар кезінде бұл тоқ қауіпті мәндерге дейін жетеді.

Егер кернеулікке іліккен корпустың қорғанысты жерлендіруі болса, онымен жанасу кезінде тұйықталатын тоқтың бір бөлігі ғана адам денесі арқылы өтеді, себебі аталмыш жағдайда тоқ екі параллель тармақ («корпус-жер» және «адам-жер») бойынша өтеді және олардың кедергілеріне кері пропорционал таралады. Адам денесі арқылы өтетін тоқ келесі шамаға тең болады
(2.2)
мұндағы I3 – жерге бірфазалы тұйықталатын тоқ;

R3 – жерлендірудің кедергісі;

- жерге тұйықталатын тоқтың таралу зонасындағы жер бетіндегі потенциалдардың таралу қисығының формасын ескеретін, жанасу кернеулігінің коэффициенті, < 1.

Адам арқылы өтетін тоқты жерлендіру кедергісін төмендету және жанасу коэффициентін төмендету жолы арқылы азайтуға, немесе адам арқылы өтетін тоқ тізбегінің жалпы кедергісін ұлғайту арқылы азайтуға болады. Ең оңтайлысы жерлендіру кедергісін төмендету, яғни жер мен корпус арасында жақсы байланысты қамтамасыз ету табылады. Бір жағынан, адам арқылы өтетін тоқ корпуста жерге қатысты болатын кернеулікпен анықталады, себебі дәл ол «корпус-адам-жер» тізбегінде әрекет етді. Корпусқа түсетін кернеулікті, яғни, жанасу кернеулігін төмендету үшін корпусты жермен қосады, яғни жерлендіреді. Осы кезде корпустағы кернеулік мына шамаға дейін төмендейді
(2.3)
Корпуспен жанасатын адам келесі формуладын анықталатын кернеуге тәуелді болады
(2.4)
Екі фазаның әртүрлі қорғаныс жерлендірулері бар екі корпусқа бір уақытта тұйықталуы кезінде жерге екілік тұйықталу пайда болады, бұнда 1-корпус жерге қатысты кернеулікке ұшырайды
(2.5)
ал 2-корпус мына кернеулікке ұшырайды
(2.6)
Аталмыш жағдайда жерге қатысты фазаның сыйымдылығы мен оқшаулағышының кедергісі жерге тұйықталатын тоқ мәніне ешқандай да әсер етпейді, оның тізбегі R31 және R32 жерлендіру кедергілері арқылы бекітіледі. Сонымен қатар U31 + U32 = 3UФ = UЛ. Жерлендірілген корпустардағы мұндай кернеуліктердің болуы тоқпен зақымдану мүмкін болғандықтан қауіпті болады, себебі кейбір тізбектерде жерге екілік тұйықталу ұзақ сақталады.

Жалпы жерлендірудің құрылғысы немесе 1 және 2 корпустардың қорғаныс жерлендірулерін металл шиналардың көмегімен біртұтасқа біріктіру жерге екілік тұйықталуды релейлік қорғаныспен өшірілетін екі фазалық қысқа тұйықталуға айналдыруға мүмкіндік береді.

Жер арқылы пайда болған тізбек бойынша корпуске фазаның тұйықталуы кезінде жерлендірілген бейтарабы бар желіде тоқ өтетін болады, оның мәні келесі формуламен анықталады
(2.7)

мұндағы RО – бейтарапты жерлендірудің кедергісі.


Корпуске тұйықталған фазаның кедергісі қорғаныс және жұмыс жерлендірулердің кедергілері арасында таралады, яғни
(2.8)
Осыдан келе, жерге қатысты корпустың кернеуі тек қана R3 және R0 кедергілерінің қатынастарынан ғана тәуелді.

1000 В дейінгі желілерде максималды-тоқтық қорғанысты болдыру үшін тоқ I3 жеткіліксіз болуы мүмкін, яғни электрқондырғысы өшірілмей корпуста кернеулік көпке дейін сақталуы мүмкін. Сондықтан 1000 В дейінгі желілерде жерлендірілген бейтарабы бар қорғаныс жерлендіру қолданылмайды.

Электрқондырғының тоқ өткізбейтін металл бөліктерінің жермен электрлік байланысы жерлендіргіш және жерлендіруші өткізгіштерден тұратын жерлендіргіш құрылғының көмегімен жүзеге асырылады.

Жерлендіргіш деп жермен тікелей қатынаста болатын металл өткізгіштер (электрод) немесе бір топ өткізгіштерді (электродтар) айтады. Жерлендіргіш өткізгіштер деп электрқондырғының жерлендірілген бөліктерімен жерлендіргішті қосып тұратын металл өткізгіштерді айтамыз.

Жерлендірілетін электрқондырғылардың түріне қарай жерлендіргіштерді орналастыру орнына байланысты жерлендіргіш қодырғылардың екі түрін ажыратады: шығарылмалы және контурлы.

Қорғаныс жерлендіруді есептеуге электрқауіпсіздігі шарттарын қанағаттандыратын жерлендіргіш құрылғының негізгі параметрлерін (электродтардың саны, оларды орналастыру, жерлендіруші өткізгіштердің ұзындықтары) анықтау кіреді. Қауіпсіздік егер жанасу және қадам кернеуліктері сәйкес рұқсат етілген шекті денгейден аспаса қамтамасыз етіледі. Қорыта келе, жерге тұйықталуын қоса электрқондырғыдағы шарттарды жерлендірілетін қондырғының кедергілері нормалайды (ЭҚОЕ, МемСТ 12.1.030-81).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет