300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін айқындау



бет16/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
! $ 07

3-параграф. Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін айқындау

42. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің бухгалтерлік есебінің құрылымы мен жүйесін зерделейді және ажырамас тәуекелдерді анықтайды. Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің бухгалтерлік есеп жүйесінде:


қаржылық және бюджеттік есептіліктің жасалуын;
қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, бухгалтерлік рәсімдердің жүргізілуін;
бухгалтерлік операциялардың орындалуын қарастырады.
43. Мемлекеттік аудитор:
бухгалтерлік есеп тіркелімдерін;
бастапқы есеп құжаттарын жүйелендіру және сақтау әдістерін;
операциялардың туындау сәтінен бастап оларды қаржылық есептілікте көрсетуге дейін бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін;
кірістер мен шығыстардың түрлерін;
активтерді, міндеттемелерді, оларды бағалауды және есепте көрсетуді;
таза активтердің/капиталдың құрамындағы өзгерістерді;
резервтердің болуын және олардың есепте көрсетілуін айқындау үшін бухгалтерлік есеп жүйесі туралы мәліметтер алуы керек.
Аудит объектісінің бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есепті тиісінше жүргізу және анық қаржылық есептілік дайындау қамтамасыз етілген жағдайда тиімді болып табылады.
44. Мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есептің қолданылатын ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін зерделейді, бағалайды, оны операцияларды көрсетудің және есептеулерді жүзеге асырудың дұрыстығына сынайды. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті дайындаумен және ұсынумен байланысты ақпараттық жүйе және мыналарды қамтитын тиісті қызмет туралы түсінік алуы тиіс:
а) аудит объектісінің қызметінде қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын бір үлгідегі операциялар тобы;
б) ақпараттық технологиялар (АТ) жүйесіндегі және бастамашылық ету, жазу, өңдеу және қажеттілігіне қарай операцияларды түзету, оларды басты бухгалтерлік кітапқа жіберу және қаржылық есептілікте көрсету үшін пайдаланылатын деректерді қолмен өңдеу кезіндегі рәсімдер;
в) бухгалтерлік есептің қағаз тасымалдағыштардағы немесе электрондық түрдегі тиісті деректері, растау ақпараты және бастамашылық ететін операцияларға, оларды тіркеуге, өңдеу мен жиынтықтауға қатысты қаржылық есептіліктің айрықша шоттары; бұл дұрыс емес ақпаратты түзетуді, сондай-ақ ақпараттың басты бухгалтерлік кітапқа қалай жіберілетінін қамтиды;
г) бір үлгідегі операциялардың құрамына кірмейтін, бірақ қаржылық есептілік үшін елеулі болуы мүмкін оқиғалар мен жағдайлар туралы деректердің ақпараттық жүйелерін тіркеу;
д) аудит объектісінің басшылығы маңызды есептік бағалауларды есептеу кезінде және ақпаратты ашып көрсету жағдайында пайдаланатын рәсімдер мен әдістерді қоса алғанда, қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну процесі;
е) қайталанбайтын, әдеттен тыс операцияларды немесе түзетулерді көрсету үшін пайдаланылатын стандарттан тыс журнал жазбаларын қоса алғанда, журнал жазбаларымен байланысты бақылау құралдары;
ж) қаржылық есептілікті шоғырландыру процесі.
45. Жоспарлау барысында мемлекеттік аудитор аудит объектісінің ішкі бақылау құралдарымен танысуы керек.
Ішкі бақылау құралдары – бұл аудит объектісінің басшылығы белгілеген, аудит объектісінің жағдайындағы және қызметіндегі тәуекелдердің пайда болуын анықтау мен алдын алуға мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер мен рәсімдер.
Мемлекеттік аудитор мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін ішкі бақылау құралдарын қарастырады:
тиісті есепті кезеңдерде бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық операциялар мен оқиғаларды есепке алудың уақтылылығы;
активтер мен міндеттемелер бойынша есеп деректерін олардың нақты болуымен тұрақты салыстыру, кез келген айырмашылықтарға қатысты тиісті шаралар қолдану.
46. Мемлекеттік аудиторлар шоғырландырылған қаржылық есептілікке қатысты аудит жүргізген кезде қаржылық есептілікті шоғырландыру процесінің ұйымдастырылуын зерделеуді жүзеге асырады.
47. Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау үшін мемлекеттік аудитор заңнаманың мемлекеттік сектордағы ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптармен байланысты тиісті ережелерін айқындауы тиіс.
Ішкі бақылау құралдарын зерделеу барысында мемлекеттік аудитор мыналарды назарға алады:
а) ішкі бақылау құралдарына қатысты есептілік ұсыну бойынша кез келген қосымша міндеттер;
б) актілердің сақталуын тиісті бақылау құралдары;
в) бюджетпен салыстырғанда нәтижелердің мониторингіне жататын бақылау құралдары;
г) басқа объектілерге бюджет қаражатын беруге жататын бақылау құралдары;
д) ұлттық қауіпсіздікке жататын құпия деректерді және салық ақпараты сияқты жеке құпия деректерін бақылау құралдары;
е) қадағалау құралдары және өзге де бақылау құралдары аудит объектісіне қатысты сыртқы тараптар арқылы іске асырылып, мынадай салаларға қатысты болуы мүмкін:
1) сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау;
2) бюджетті атқару;
3) аудит объектісі басшылығының есеп беруі.
48. Мемлекеттік аудитор бақылау ортасы туралы түсінік алып, мыналарды:
а) аудит объектісінің басшылығы басшы өкілеттігі берілген тұлғалардың қадағалауымен адалдық мәдениеті мен әдеп жүріс-тұрысын құруын және қолдайтынын;
б) күшті тараптар жиынтықта алынған бақылау ортасының элементтерін, ішкі бақылаудың басқа да компоненттері үшін тиісті негізді қамтамасыз етуін және бақылау ортасының кемшіліктері басқа да компоненттердің тиімділігіне нұқсан келтірмейтінін бағалауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет