300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-параграф. Аудитт жоспарлау мен жүргізу кезінде маңыздылықты айқындау



бет18/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
! $ 07

5-параграф. Аудитт жоспарлау мен жүргізу кезінде маңыздылықты айқындау

57. Жекелеген активтер, міндеттемелер, кірістер, шығыстар мен шаруашылық операциялары, сондай-ақ капиталдың құрауыштары туралы ақпарат, егер оны жіберіп алу немесе бұрмалау қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық және экономикалық емес шешімдеріне әсер ете алса, елеулі болып есептеледі. Маңыздылық қаржылық есептілік көрсеткішінің шамасына және/немесе олардың болмауы немесе бұрмалануы жағдайында бағаланатын қателіктерге байланысты.


58. Мемлекеттік аудитор аудитті жоспарлау мен орындау, сәйкестендірілген бұрмалаушылықтардың аудитке және қаржылық есептілікке әсерін бағалау, сондай-ақ аудиторлық есепте пікір қалыптастыру кезінде маңыздылықты назарға алуы керек.
59. Аудитті жоспарлаған кезде мемлекеттік аудитор елеулі ретінде бағаланатын бұрмаланушылықтардың мөлшері туралы пайым шығарады. Бұл пайымдар мыналар:
а) тәуекелді бағалау рәсімдерінің сипатын, жүргізу мерзімдерін және көлемін айқындау;
б) елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін сәйкестендіру мен бағалау;
в) кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипатын, орындау мерзімін және ауқымын айқындау үшін негіз болады.
Аудитті жоспарлаған кезде айқындалған маңыздылық деңгейі одан төмен сомада бұрмаланушылықтар үнемі елеулі деп бағаланбайтын соманы белгілеуге міндетті емес. Кейбір бұрмаланушылықтармен байланысты мән-жайлар маңыздылық деңгейінен төмен болуына қарамастан, мемлекеттік аудитордың оларды елеулі деп бағалауына мәжбүрлеуі мүмкін. Өз сипатына қарай елеулі болуы мүмкін бұрмаланушылықтарды анықтау үшін аудиторлық рәсімдерді әзірлеу мүмкін болмаса да, мемлекеттік аудитор түзетілмеген бұрмаланушылықтардың қаржылық есептілікке әсерін бағалауы кезінде олардың мөлшерін ғана емес, ал сипатын және айрықша туындай жағдайларын қарастырады.
60. Аудит жүргізу жоспарын тұжырымдай отырып, мемлекеттік аудитор маңыздылық деңгейін жалпы қаржылық есептілік деңгейінде де, сондай-ақ бухгалтерлік есептің жекелеген шоттары бойынша қалдықтарға, бір үлгідегі операциялар тобына және ақпаратты ашып көрсету жағдайларына қатысты айқындауы керек, олар үшін жалпы қаржылық есептіліктің маңыздылық деңгейінен гөрі аз шамадағы бұрмаланушылықтар қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.
61. Мемлекеттік секторда маңыздылық сандық және сапалық аспектілерді (бұрмаланушылықтардың «мөлшеріне» және «мәніне» қатысты аспектілер) қамтиды, сәйкесінше нақты операциялар класы, шоттардағы қалдықтар және ашып көрсетілетін ақпарат үшін аса төмен деңгейде белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік аудитор бақылау құралдарының тиімділігіне немесе заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына қатысты қорытынды қалыптастырған жағдайларда, ол қаржылық есептіліктің маңыздылығына қосымша осы мақсаттар үшін маңыздылықты айқындау қажеттілігін назарға алады.
62. Мемлекеттік аудитор елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін бағалау және кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипатын, жүргізу мерзімін және көлемін айқындау мақсатында маңыздылық шегін айқындауы керек.
63. Егер аудит барысында мемлекеттік аудиторға бастапқыда басқа шаманы (немесе шамаларын) айқындауға мәжбүрлейтін ақпарат туралы белгілі болса, онда ол жалпы қаржылық есептілік үшін маңыздылық деңгейін (қажеттілік жағдайында, айрықша операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін маңыздылық деңгейін немесе деңгейлерін) қайта қарауы керек.
64. Егер мемлекеттік аудитор жалпы қаржылық есептілік үшін бастапқыда белгіленгеннен гөрі аса төмен деңгей (қажеттілік жағдайында, айрықша операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін маңыздылық деңгейін немесе деңгейлерін) белгіленуге тиіс деген тұжырымға келсе, онда ол маңыздылық шегін қайта қарау қажеттілігінің бар-жоғын және кейінгі аудиторлық рәсімдердің сипаты, жүргізу мерзімдерінің және көлемінің өз күшінде қалуын айқындауы керек.
65. Мемлекеттік аудитор аудиторлық құжаттамаға мынадай шамаларды, сондай-ақ мұндай шамаларды айқындау кезінде қарастырылған факторларды енгізуі керек:
а) жалпы қаржылық есептілік үшін маңыздылық деңгейі;
б) қажеттілік кезінде айрықша операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін маңыздылық деңгейі немесе деңгейлері;
в) маңыздылық шегі;
г) аудиттің орындалуына қарай тармақтарды қайта қарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет